163) 611-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.»;
164) 613-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне шағым жасаған жағдайлардажүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей, осы Кодекстің 93 және 94-тарауларында белгіленген тәртіппен шектеу жүргізеді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге қойылған мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін алып қоюына тыйым салынады.
Салық органы мүлікке билік етуіне шектеу қойған күннен бастап және оны алып тастағанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің) шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілдендіру) өзгертуіне тыйым салынады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке қол қойғызып немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен - веб-қосымшаға салық қызметi органының шешімі жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тарту немесе орналасқан жері бойынша болмау себебімен тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда - осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеп-тексеру күні тапсырылды деп есептеледі.
Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім декларантқа, оның ішінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес салық төлеушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін декларантқа тапсырылған жағдайда, осындай декларанттың шешімге қол қойған күні тапсырылу күні болып табылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органы мұндай шешімді қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.»;
165) 614-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.»;
166) 616-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер табыс етілген жағдайда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.»;
167) 621-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі;»;
168) 622-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу
1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.
2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші - жеке тұлғаның салық берешегі сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтініштер немесе талап қоюлар бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегін өндіріп алуды атқарушылық iс жүргiзу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
169) 627-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
5-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші бөліктің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерінің келісуімен осындай бірлестіктердің өкілдері тартылуы мүмкін.»;
9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«құрылысты жүзеге асыру басталғаннан кейін төрт жылда бір реттен жиілетпей табыс етілетін, оларға осы Кодекстің 272-бабының 3-1-тармағын қолдануға байланысты қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша;»;
жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша;»;
9-1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
170) 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуға, дара кәсіпкер қызметінің, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру;»;
171) 631-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;»;
172) 632-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
173) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық органының мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде, салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
174) 635-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен және 2) тармақшадағы «растаған жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «растаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Кодекстің 245-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған;»;
«3) осы Кодекстің 272-бабының 3-1-тармағын қолданған жағдайларда жүргізіледі.»;
175) 644-бапта:
6), 7), 8), 9), 10), 14), 15), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы - қолма-қол ақшаның, тауарлық чектердің, бақылау-касса машинасы фискалдық жады немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ауысым сайынғы айналымын есепке алу журналы;
7) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы - көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
8) салық органының пломбасы - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы;
9) салық төлеушінің жауапты адамы - салық төлеуші не бақылау-касса машинасын қолдана отырып сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін, салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған адам;
10) сауда автоматы - автоматты режимде қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;»;
«14) фискалдық деректер - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;»;
«15) фискалдық есеп - белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштерінің өзгеруі туралы есеп;
16) фискалдық жады - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
17) фискалдық режим - ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалды жады блогында не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;»;
мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) ақшалай есеп айырысулар - тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
19) фискалдық деректерді жинақтауыш - ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.»;
176) 645-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
1) жекеше нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
2) қызметін:
патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
ашық сауда базарларының аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
176) тармақшаның он үшінші абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушіде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі міндет 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайды.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.»;
4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;»;
177) 646-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын бере отырып жүргізіледі.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
3) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;
4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітаптарын;
5) ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді салық органдарына беруді жүзеге асыру үшін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша фискалдық деректердің операторымен жасалған шарттың көшірмесін табыс етеді.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:»;
6-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Компьютерлік жүйелерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою кезінде салық органының лауазымды адамы:»;
4), 5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жұмыс режимін белгілейді;
5) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;»;
«7) қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) салық төлеушіге:
фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;
деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын;
бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
178) 647-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық органының лауазымды адамы салықтық өтiнiш салық органында қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi.»;
179) 648-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне алмастырылған;
4-2) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған, жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Компьютерлік жүйелерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қоспағанда, салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық органы орнатқан пломбасымен бірге фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын немесе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органының лауазымды адамы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш салық органында тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүргізеді, ол үшін:»;