4) жою актілері болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері салық органына осы Кодекстің 276-20-бабы 3-тармағының 2) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде қағаз жеткізгіште табыс етіледі.»;
95) 282-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.»;
96) 288-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарлардекларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.
Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар, тауарлардың толық декларациясы экспортты растау ретінде болады;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлардың экспорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарлар импортының елінде ресiмделген тауарлардекларациясының көшiрмесi қосымша табыс етіледі.»;
97) 291-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған тауарлар декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;»;
98) 301 және 304-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«301-бап. Салық салу объектiсi
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағында өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi мынадай тәртіппен:
шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде;
шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде айқындалады.»;
«304-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
Егер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу жөніндегі міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, өзінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды, газ конденсатын беру жүзеге асырылған уақыт кезеңі тура келетін салық кезеңінде туындайды.»;
99) 355-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;»;
100) 357-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;
101) 358-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.
Осы тармақтың ережесі:
1) салық төлеушінің осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;
2) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын, осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті ғана жүзеге асыратын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.»;
102) 359-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.»;
103) 365-баптың 3-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;
2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.»;
104) 367-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.»;
105) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
105) 372-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;»;
106) 378-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:
Рет № | Бонитет балы | Базалық салық мөлшерлемесі (теңге) |
1 | 2 | 3 |
1. | 1 | 2,4 |
2. | 2 | 3,35 |
3. | 3 | 4,35 |
4. | 4 | 5,3 |
5. | 5 | 6,25 |
6. | 6 | 7,25 |
7. | 7 | 8,4 |
8. | 8 | 9,65 |
9. | 9 | 10,8 |
10. | 10 | 12,05 |
11. | 11 | 14,45 |
12. | 12 | 15,45 |
13. | 13 | 16,4 |
14. | 14 | 17,35 |
15. | 15 | 18,35 |
16. | 16 | 19,3 |
17. | 17 | 20,45 |
18. | 18 | 21,7 |
19. | 19 | 22,85 |
20. | 20 | 24,1 |
21. | 21 | 26,55 |
22. | 22 | 28,95 |
23. | 23 | 31,35 |
24. | 24 | 33,75 |
25. | 25 | 36,2 |
26. | 26 | 38,6 |
27. | 27 | 41 |
28. | 28 | 43,4 |
29. | 29 | 45,85 |
30. | 30 | 48,25 |
31. | 31 | 72,35 |
32. | 32 | 77,7 |
33. | 33 | 82,95 |
34. | 34 | 90,4 |
35. | 35 | 93,8 |
36. | 36 | 99,1 |
37. | 37 | 104,4 |
38. | 38 | 110 |
39. | 39 | 115,3 |
40. | 40 | 120,6 |
41. | 41 | 144,75 |
42. | 42 | 150,05 |
43. | 43 | 155,35 |
44. | 44 | 160,85 |
45. | 45 | 166,15 |
46. | 46 | 171,45 |
47. | 47 | 176,8 |
48. | 48 | 182,4 |
49. | 49 | 187,7 |
50. | 50 | 193 |
51. | 51 | 217,1 |
52. | 52 | 222,45 |
53. | 53 | 227,75 |
54. | 54 | 233,25 |
55. | 55 | 238,55 |
56. | 56 | 243,85 |
57. | 57 | 249,15 |
58. | 58 | 254,75 |
59. | 59 | 260,05 |
60. | 60 | 265,35 |
61. | 61 | 289,5 |
62. | 62 | 303,15 |
63. | 63 | 316,3 |
64. | 64 | 329,75 |
65. | 65 | 343,05 |
66. | 66 | 356,55 |
67. | 67 | 369,8 |
68. | 68 | 383,3 |
69. | 69 | 396,6 |
70. | 70 | 410,1 |
71. | 71 | 434,25 |
72. | 72 | 447,75 |
73. | 73 | 460,95 |
74. | 74 | 474,45 |
75. | 75 | 487,8 |
76. | 76 | 501,3 |
77. | 77 | 514,55 |
78. | 78 | 528,05 |
79. | 79 | 541,35 |
80. | 80 | 554,85 |
81. | 81 | 579 |
82. | 82 | 595,1 |
83. | 83 | 611,05 |
84. | 84 | 627,25 |
85. | 85 | 643,35 |
86. | 86 | 659,3 |
87. | 87 | 675,5 |
88. | 88 | 691,6 |
89. | 89 | 707,55 |
90. | 90 | 723,75 |
91. | 91 | 747,85 |
92. | 92 | 772 |
93. | 93 | 796,1 |
94. | 94 | 820,25 |
95. | 95 | 844,35 |
96. | 96 | 868,5 |
97. | 97 | 892,6 |
98. | 98 | 916,75 |
99. | 99 | 940,85 |
100. | 100 | 965 |
101. | 100-ден жоғары | 1013,3 |
3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:
Рет № | Бонитет балы | Базалық салық мөлшерлемесі (теңге) |
1 | 2 | 3 |
1. | 1 | 2,4 |
2. | 2 | 2,7 |
3. | 3 | 2,9 |
4. | 4 | 3,1 |
5. | 5 | 3,35 |
6. | 6 | 3,65 |
7. | 7 | 3,85 |
8. | 8 | 4,05 |
9. | 9 | 4,35 |
10. | 10 | 4,8 |
11. | 11 | 7,25 |
12. | 12 | 9,15 |
13. | 13 | 11,1 |
14. | 14 | 12,75 |
15. | 15 | 14,65 |
16. | 16 | 16,6 |
17. | 17 | 18,55 |
18. | 18 | 20,25 |
19. | 19 | 22,2 |
20. | 20 | 24,1 |
21. | 21 | 26,55 |
22. | 22 | 28,95 |
23. | 23 | 31,35 |
24. | 24 | 33,75 |
25. | 25 | 36,2 |
26. | 26 | 38,6 |
27. | 27 | 41 |
28. | 28 | 43,4 |
29. | 29 | 45,85 |
30. | 30 | 48,25 |
31. | 31 | 50,65 |
32. | 32 | 53,05 |
33. | 33 | 55,45 |
34. | 34 | 57,9 |
35. | 35 | 60,3 |
36. | 36 | 62,7 |
37. | 37 | 65,15 |
38. | 38 | 67,55 |
39. | 39 | 69,95 |
40. | 40 | 72,35 |
41. | 41 | 74,8 |
42. | 42 | 77,2 |
43. | 43 | 79,6 |
44. | 44 | 82 |
45. | 45 | 84,45 |
46. | 46 | 86,85 |
47. | 47 | 89,25 |
48. | 48 | 91,65 |
49. | 49 | 94,1 |
50. | 50 | 96,5 |
51. | 51 | 98,9 |
52. | 52 | 101,3 |
53. | 53 | 103,75 |
54. | 54 | 106,15 |
55. | 55 | 108,55 |
56. | 56 | 110,95 |
57. | 57 | 113,4 |
58. | 58 | 115,8 |
59. | 59 | 118,2 |
60. | 60 | 120,6 |
61. | 61 | 123,05 |
62. | 62 | 126,4 |
63. | 63 | 129,1 |
64. | 64 | 132,2 |
65. | 65 | 135,1 |
66. | 66 | 138,2 |
67. | 67 | 141,1 |
68. | 68 | 144,25 |
69. | 69 | 147,45 |
70. | 70 | 150,35 |
71. | 71 | 153,45 |
72. | 72 | 156,35 |
73. | 73 | 159,4 |
74. | 74 | 162,3 |
75. | 75 | 165,45 |
76. | 76 | 168,4 |
77. | 77 | 171,55 |
78. | 78 | 174,65 |
79. | 79 | 177,55 |
80. | 80 | 180,75 |
81. | 81 | 183,55 |
82. | 82 | 186,7 |
83. | 83 | 189,6 |
84. | 84 | 192,8 |
85. | 85 | 195,9 |
86. | 86 | 198,8 |
87. | 87 | 201,9 |
88. | 88 | 204,75 |
89. | 89 | 207,95 |
90. | 90 | 210,85 |
91. | 91 | 210,9 |
92. | 92 | 216,95 |
93. | 93 | 220 |
94. | 94 | 223,1 |
95. | 95 | 226 |
96. | 96 | 229,2 |
97. | 97 | 231,9 |
98. | 98 | 235,15 |
99. | 99 | 238,05 |
100. | 100 | 241,25 |
101. | 100-ден жоғары | 250,9 |
»;
107) 387-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
3-3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
107) тармақшаның оныншы - он үшінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге немесе оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай объектілер бойынша жер салығын есептеу мен төлеуді осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізеді.
Осы тармақтың ережелері жалға алынғаны, пайдаланылғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін, жалға, өзге де негіздерде пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша қолданылады.»;
108) 391-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.»;
109) 393-бапта:
1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.»;
109) тармақшаның төртінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
110) 394-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ салық салынатын табыстарына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар.
Осы тармақшада көрсетілген салық төлеуші өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен мүлік салығын төлейді;»;
111) 396-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «объектiлерi салық салу объектiлерi болып табылмайды.» деген сөздер «объектiлерi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiлерi болып табылмайды.»;
112) 398-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, бес салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша - арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары.»;
112) тармақшаның төртінші - сегізінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша есептейді және төлейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлікті пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде осындай мүлік бойынша салықты есептеуді және төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізеді.
Осы тармақтың ережелері пайдаланылғаны, сенімгерлiк басқарылғаны немесе жалға берілгені үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін, пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген мүлік бойынша қолданылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері, салық салу объектілерін осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес халықаралық мамандандырылған көрме қатысушыларына өтеусіз негізде пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларын қоспағанда, салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;
113) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
114) 431-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.
Патент құны осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.
Патент құны банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, төлем құжатының деректемелері сұрау салуда көрсетілген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы электрондық түрде табыс етілетін есеп-қисапқа қоса беріледі.
Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс етіледі.
Электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салықтар және төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді.
Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.
Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады.»;
115) 439-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін - 3 500 га;
Атырау, Маңғыстау облыстары үшін - 1 500 га;
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары үшін - 500 га, топырақ-климаттық аймақтардағы шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан аудандарда (Бетпақ Дала, Балқаш көлі маңындағы құмдар) 1500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспаса;
2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырса;
3) қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.»;
116) 442-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды;»;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
117) 444-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі:
Ррет № | Жер учаскелерінің алаңы (гектар) | Салық мөлшерлемесі |
1 | 2 | 3 |
1. | 500-ге дейін | 0,15 % |
2. | 501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда | 500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3 % |
3. | 1001-ден 1500-ге дейін қоса алғанда | 1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,45 % |
4. | 1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда | 1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,6 % |
5. | 3000-нан жоғары | 3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,75 % |
Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2% мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
118) 446-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;