72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) көлік құралдарына салықты есептеу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн.
Бұл ретте жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде әкелген күнді айқындауға құқылы.
Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн ретінде «2014 жылғы 1 қаңтарға дейін» немесе «2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін» деп көрсетіледі.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.
12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).».
29-тармақ 2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
29. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 6-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Медициналық қызметтердiң, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарының, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мерзімді баспасөз басылымдарында, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.
Рецепт бойынша босатылатын, оның iшiнде құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың жарнамасы медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған мерзімді баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.»;».
30. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 63-құжат):
1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мынадай мазмұндағы 108-1-баппен толықтырылсын:
«108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарды қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстар сомасын мынадай:
есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың бір пайызынан аспайтын осындай шығыстардың нақты сомасы, алу осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығыстар тәртібімен айқындалатын оң айырма мөлшерінде шегерімге жатқызуға құқылы.».
31. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне инвестициялық ахуалды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 64-құжат):
1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«4. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
он үшінші абзац «шекті» деген сөзден кейін «нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация» деген сөздермен толықтырылсын;
он бесінші, жиырмасыншы және жиырма сегізінші абзацтардағы «қолданылу мерзімі» деген сөздер «қолданылуының шекті мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 237-бабы 8-тармағының және 263-бабының 7-тармағы төртінші бөлігінің қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған қосылған құн салығын төлеушілер 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды деп белгіленсін.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
4-бап 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-бап. 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 571-бабы 4-тармағы 8) тармақшасының талаптарына сай келетін қосылған құн салығын төлеушілер 2015 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Осы бапта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктері 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жарамсыз болып танылады.
5-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 367-бабының мақсаттары үшін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік жүк декларациясының рәсімделу күні;
2) жеңіл автомобильдер Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген жағдайда - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-6-бабына сәйкес айқындалатын күн болып табылады деп белгіленсін.
Әкелінген күні осы бапқа сәйкес айқындалған жеңіл автомобильдер 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 367-бабы 2-2-тармағының нормасы қолданылмайды.
6-бап. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып табылатын, сәйкестендіру нөмірі жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар:
1) салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, ондай құжат болған жағдайда, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге;
2) резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның бірінші басшысы туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 563-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен өзгертуге міндетті.
Бірінші басшылары салық органдарына 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін салық төлеуші ретінде тіркеу үшін өтініш жасамаған резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші бола алмайды.
7-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметін қайта бастамаған, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 43-1-бабы 2-тармағының талаптарына сай келген кезде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.
8-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 574-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.».
9-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 256-бабының 3-4-тармағы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактура жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тура келетін салық кезеңінде есепке жатқызылады.».
10-бап. Осы Заң:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 43) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын, 60), 65), 68) тармақшаларын, 107) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 124), 183) тармақшаларын;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 13), 45), 125) тармақшаларын;
3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 6) тармақшасының бірінші - үшінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 34), 37) тармақшаларын, 43) тармақшасының екінші абзацын, 44) тармақшасының қырық жетінші абзацын, 49) тармақшасын, 61) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 62) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы - сегізінші абзацтарын, 63) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 105) тармақшасын, 109) тармақшасының төртінші абзацын, 130), 131) тармақшаларын, 150) тармақшасының екінші, он жетінші абзацтарын, 13-тармағын, 26-тармағының 2) тармақшасын, 8 және 9-баптарын;
4) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 70) тармақшасының он бірінші абзацын, 73) тармақшасының екінші - отыз жетінші абзацтарын, 176) тармақшасының он үшінші абзацын;
5) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 29-тармағын;
6) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацын, 44) тармақшасының алтыншы - отыз алтыншы, қырық сегізінші - елу алтыншы абзацтарын, 54) тармақшасын, 17-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын;
7) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 61) тармақшасының бесінші абзацын, 77) тармақшасының он алтыншы, он жетінші абзацтарын, 156) тармақшасының екінші абзацын, 16-тармағының 3) - 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бесінші - отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасын;
8) 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 5), 9), 10), 12) - 14) тармақшаларын және 12-тармағын;
9) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 145) тармақшасының екінші - он сегізінші абзацтарын, 147) тармақшасының тоғызыншы - отызыншы абзацтарын, 149) тармақшасын, 4-бабын;
10) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 18) тармақшасын, 150) тармақшасының бесінші - сегізінші, он бірінші абзацтарын, 152) тармақшасының үшінші - төртінші, жетінші - сегізінші, он екінші абзацтарын, 21-тармағының 4) тармақшасын;
11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 31) тармақшасының он жетінші - жиырма төртінші абзацтарын;
12) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 1-тармағын, 3-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацын, 155) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 15, 19, 22-тармақтарын, 23-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларын, 25-тармағын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 28-і.
№ 257-V