Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.
Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ төлеушілер санатына жатқызылмаған тұлғалардың қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
79) 276-2-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар;»;
80) 276-4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мыналар:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу;
2) бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.
Осы тармақтың ережелері тауарларды уақытша әкелу кезінде:
1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
2) бір заңды тұлға шегінде оларды беруге байланысты қолданылады.
Осы тармақтың ережелері өздері арқылы осы Кодекстің 244-бабының 2-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.
Салық төлеуші осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелген кезде тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде хабарлама табыс ету жөніндегі міндет туындайды.
Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны салық органдарына табыс ету тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
81) 276-5-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; жылжымалы теміржол немесе трамвай составының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік самосвалдар көлік құралдары болып танылады.»;
82) 276-7-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша олардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының әрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапасы және (немесе) жасақталымы болмауы себепті қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарлар экспорты кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шартқа (келісімшартқа) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық кезеңінде түзетіледі.»;
83) 276-8-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.»;
84) 276-11-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы, жанама салықтардың төленгені және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде);»;
3-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарлар декларациясының;»;
7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiнде әкету кезiнде кедендiк декларациялауды жүргiзген Кеден одағына мүше мемлекеттiң кеден органының белгiлерi бар тауарлардың толық декларациясының;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде ол бойынша кеден органдарынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы хабарлама болатын, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясының негізінде жүзеге асырылады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді;»;
85) 276-12-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерiмен, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерiмен;»;
86) 276-13-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде).
Алыс-беріс шикізатынқайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда, осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі табыс етілмейді;»;
4-тармақтың 5) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«5) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделетін тауарлар декларациясының Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесі;»;
87) 276-15-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауардың ілеспе құжаттары, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады.»;
88) 276-16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде айқындалады.»;
89) 276-17-баптың 4-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекетте сатып алушы-салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.»;
3) тармақша алып тасталсын;
90) 276-18-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына комиссионер, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сенім білдірілген адам (оператор) бұдан бұрын импорттаған, олар бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) бойынша сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауардың меншік иесі не тауарды импорттаған комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.»;
91) 276-20-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етуге міндетті.»;
екінші бөлікте:
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;»;
«3) тауарлардың Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын, тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етеді. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар табыс етілмейді;
4) егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды табыс етеді.
Егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактураның орнына сатушы шығарған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат табыс етіледі;»;
8) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны жасау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық түрдегі өтінішті (өтініштерді):
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлғалар;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;
3) осы Кодекстің 276-22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші;
4) осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда салық төлеуші табыс етеді.
3-2. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) электрондық түрде ғана табыс етілген кезде, осы баптың 3-тармағының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар табыс етілмейді.
Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-1-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.»;
5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады.
Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.»;
«7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште салық органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы электрондық түрдегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы электрондық түрде хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қағаз жеткізгіштегі төлеушіге уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы электрондық түрдегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық түрдегі уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
10. Осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етіледі.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.
Мыналар: бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт бойынша және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылған қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.»;
92) 276-21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттерге экспорты немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі өтінішті (өтініштерді), сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген өтініш (өтініштер):
1) тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша;
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етіледі.
2. Салық төлеушісі тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш электрондық түрде ғана табыс етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы тауарлар экспортын жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) салық органына қағаз жеткізгіште табыс етілмейді.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етілмеген не электрондық түрде келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 271-бабының 1-тармағында белгіленген төлеу мерзімінде осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есепке жазуды салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын осы Кодексте айқындалған тәртіппен қолданады.
5. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін қағаз жеткізгіште табыс етілген не электрондық түрде келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.
Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.»;
93) 276-22-баптың 2, 3 және8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілгенде;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;
3) осы Кодекстің 276-23-бабының 2-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алғанда табыс етуге құқылы.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:
1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау әдісімен жүргізіледі, бұл әдіс қате табыс етілген немесе тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық көлемде қайтарылған, импортталған тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша қолданылады;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүзеге асыратын ауыстыру әдісімен жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате табыс етілген деп есептеледі.»;
«8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейдi.»;
94) 276-23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардыңтиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себептіоларды осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілмейді.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарған кездеосындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ кері қайтарып алынған өтініштің орнына табыс етілген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарған кездеосындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге жатады. Осындай тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар:
1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті қайтарылуға жататын, импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;
2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);
3) көліктік құжаттар (тауардың ілеспе құжаттары) (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);