5-кесте
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы | Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі | Тағайындау туралы бұйрықтың күні |
1. | 2. | 3. |
Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі*.
* бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
6-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1. | 2. | 3. | 4. | 5. |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі*.
* бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің
тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды
орындауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымша
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттар
1. Өтініш беруші бекіткен қабылдау актілері және сынау хаттамаларының, жүйенің, жабдықтардың және персоналдың пайдалануға қосуға дайындығы жөніндегі акті – осы тармақ ядролық қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
2. Өтініш беруші бекіткен объектінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі алдын ала есеп – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
3. Өтініш беруші бекіткен объектiнi пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын (жобаланатын ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары үшін) пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
4. Еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, салыстырып тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметті құру туралы бұйрық және қызмет туралы ереже; техникалық қызмет көрсетуді жүргізу нұсқаулығы; техникалық қызмет көрсетуді жүргізу графигі және бағдарламасы – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
5. Өтініш берушінің радиациялық қауіпсіздік қызметін құру туралы бұйрығы, радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже, радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту сертификаттары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
6. Өтініш беруші бекіткен сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы;
7. Өтініш беруші бекіткен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;
жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;
персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулық – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
8. Өтініш беруші бекіткен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары тек радиациялық қауіптіліктің 1 және 2-санаттағы объектілері үшін ғана талап етіледі.
9. Өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған әдістеме, аварияға қарсы жаттығуларды өткізу бағдарламалары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
10. Өтініш беруші бекіткен радиациялық жағдайды бағалау арқылы өндірістік бақылау бағдарламасы;
радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін бекітетін құжат;
радиациялық бақылауды өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің
тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты
жұмыстарды орындауға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
жүзеге асыруға
20___ жылғы «___» __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ___________________________________________________________
қайта құру ______________________________________________________
қосылу _________________________________________________________
бөліп шығару ____________________________________________________
бөліну ____________________________жолымен қайта ұйымдастырылған
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы өзгерген _________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері өзгерген ________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарылған___________________________________________________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы» бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орные ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерткен ____________________________________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы____________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
_____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
____________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ұйым басшысының
электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1) ядролық материалдарды пайдалану; 2) ядролық материалдарды өткiзу; 3) ядролық материалдарды сақтау; 4) табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу. |
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезіндегі – 20 (жиырма) жұмыс күні; 2) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді: 1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды; 3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер; осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны); осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелері; 2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі; 3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі; мәліметтер нысаны; осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелері. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, алым сомасын бюджетке төлеу туралы анықтаманы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Шетелдік заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; лицензиялық алым енгізілмеген; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады; 3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе; өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | 1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының www.gov.kz интернет-ресурстары бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде; порталда орналастырылған; 2) көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар; 4) порталда көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа қолжетімді; 5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының www.gov.kz интернет-ресурстары бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777. |
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес- сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық
атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
_____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
_____ парақта қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;