«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
Қосымша
Нысан
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда))
№ _______ | Күні: 20____жылғы «___» ________ |
Өтініш
Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _______________ рұқсат тобын
(рұқсат тобын көрсету)
_________________ үшін электр қондырғыларының техникалық жай-күйін
(алу, арттыру немесе растау)
және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне __________________ біліктілік тексеруден өтуіме рұқсат беруіңізді
(бастапқы, кезекті, кезектен тыс)
сұраймын.
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Қосымша: Лауазымға тағайындау немесе ауыстыру туралы 20___жылғы «___»________ № ___ өкімдік құжаттың (бұйрықтың) көшірмесі.
Қолы _____________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
«Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарын қабылдау және нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы комиссияның қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі; 3) атқаруы лауазымға жүктелетін функциялардың нақты тізбесін қамтитын жұмыс берушінің актісінің электрондық көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер | 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген) Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: www.egov. kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөлімдегі «Көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде; порталда орналастырылған; 2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар; 4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді; 5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.egov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөлімнің «Көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |
«Атом энергиясы пайдаланылатын
объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне қосымша
Нысан
____________________________
(атом энергиясын пайдалану
саласындағы уәкілетті орган
ведомствосының атауы)
____________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(мекенжайы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда))
____________________________
(азаматтығы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(мекенжайы, телефоны,
электрондық поштасы)
____________________________
(лауазым атауы)
____________________________
(атом энергиясын пайдалану
саласында жүзеге асыратын
қызмет түрі)
Өтініш
Мені атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды бастапқы/мерзімді/қайта/кезектен тыс (керегін сызып қою) аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын.
1)________________________________________________________;
2) ________________________________________________________.
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
_____________________________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Ядролық қауіпсіздікті және (немесе)
радиациялық қауіпсіздікті және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздікті тексеруді жүзеге
асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша
«Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері | «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал). |
3. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. Ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті сараптауды және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) Портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтініш; 2) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласына тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері; 3) тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (аккредиттеу саласына сәйкес мамандық бойынша дипломдар, бар болған жағдайда, біліктілігін растайтын сертификаттар, сертификаттар, тиісті салада теориялық және практикалық даярлықтан өткендігі туралы сертификаттар). аккредиттеу); 4) мәлімделген жұмыс түрлерін орындауға арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың және (немесе) есептеу әдістерінің электрондық көшірмелері. |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер | 1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 - бабы 5-тармағының 3) тармақшасының талабына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу көлеміне сәйкес келмеуі; 4) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 - бабы 5-тармағының 4) тармақшасының талабына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласының есептеу әдістері мен бағдарламалық құралдары арасындағы сәйкессіздік; 5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 6) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған; 7) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. |
10. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер | 1) мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында – www.egov.kz, «Энергетика министрлігі» бөлімінде «Көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде; Портал орналастырылған; 2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар; 3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар; 4) Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы қолжетімді; 5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.egov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөлімнің «Көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |
«Ядролық қауіпсіздік және (немесе)
радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық
қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне қосымша
Нысан
Кімге: __________________________
(Көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Кімнен: __________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)
Деректемелер: _____________
(бизнес сәйкестендіру
______________________
нөмірі, мекенжайы,
_____________________
байланыс телефоны)
Өтініш
_______________________________________________қауіпсіздіктің түрі
(түрлері) бойынша
_____________________________________________________________________
(аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
жүзеге асыру үшін
________________________________________________аккредиттеуді сұраймын.
(заңды тұлғаның атауы)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________
4.____________________________________________________________________
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Заңды тұлғаның басшысы
_______________________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Толтырылған күні 20__жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Көліктік қаптама комплектілерінің
конструкцияларын бекіту қағидаларына
3 –қосымша
«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын және уран гексафторидін бекіту үшін мынадай құжаттардың электрондық көшірмесі: физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы; инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы; жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт; көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар; егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы; егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы; көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы; көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне; 3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек: тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді; көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді; тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет; 4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін: осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;; басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі; көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады. |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер | 1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады. 5) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. |
10. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер | 1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөліміндегі «Көрсетілетін қызметтер» деген кіші бөлімінде; Порталда орналасқан; 2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар; 3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар; 4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді; 5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөліміндегі «Көрсетілетін қызметтер» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |