Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Б. Акчулаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 Бұйрықпен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Білімді біліктілік тексеруден өту үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды білімді біліктілік тексеру мерзімі аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы жолдайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін сұрау салуы туралы мәртебе өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.»;
22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«22-1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық емес ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарлама немесе осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолдайды.»;
25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«25. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында «Энергетика министрлігі» деген бөлімде орналастырады.»;
3-қосымша алып тасталсын;
4-қосымша осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілеріде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларында:
11 және 12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Аттестаттаудан өту үшін аттестатталатын адам (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету үшін қажетті құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.»;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңіндегі мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында «Энергетика министрлігі» деген бөлімде орналастырады.»;
2-қосымша алып тасталсын;
3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:
4, 5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:
1) аккредиттеу немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласындағы кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
2) тиісті аккредиттеу саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;
3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері болады.
Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін талап етілетін нәтижелерді алу үшін бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген «Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы ұсынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.
15 (он бес) жұмыс күні ішінде ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жұмыскері және Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, содан кейін Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы ұсынылған қорытындылар негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
барлық ұсынылған қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы тұжырым болған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және Көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушыға шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік берілсін;
2) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылсын.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында «Энергетика министрлігі» деген бөлімде орналастырады.»;
1-қосымша алып тасталсын;
2-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-1-қосымша алып тасталсын.
4. «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.»;
3, 4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы шешім дайындайды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы;
2) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданудан бас тарту туралы.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында «Энергетика министрлігі» деген бөлімде орналастырады.»;
1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;
3-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-1-қосымша алып тасталсын;
6-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20323 болып тіркелген):
1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды портал арқылы жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.»;