өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ұйым басшысының электрондық
цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
2-қосымша
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үйжайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі*.
* – осы тармақ уранның, торийдің және плутонийдің изотоптары бар радиоактивті заттарды пайдалану қызметіне және ядролық материалдарды өткізу және сақтау жөніндегі кіші қызмет түріне қатысты емес.
2-тарау. Радиациялық қауіпсіздік бойынша қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте
Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын лауазымы | Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жүргізу құқығына берілген лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі*.
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
3-тарау. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы | Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі | Тағайындау туралы бұйрықтың күні |
1. | 2. | 3. |
Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі.
4-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкер лер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі*.
* – персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
5-тарау. Тиісті білімі, даярлығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың, техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте
Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) (осы тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмыс шылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшылар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазым атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілерде, ядролық материалдарды өткізуден басқа ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады) | Персо налды «А» тобының персоналына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, даярлығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі.
6-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/ зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/ зертхананың) орналасқан мекенжайы |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Меншік құқығындағы радиоактивті қалдықтарға арналған қойма туралы ақпарат қамтылған мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі*.
* – осы тармақ тек ядролық материалдарды пайдалану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі.
7-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
7-кесте
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы) | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқықтары болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы) |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ядролық материалдарға арналған қойма туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 7-кестеге енгізіледі*.
* - осы тармақ уранның, торийдың және плутонийдың изотоптары бар радиоактивті заттарды пайдалану қызметіне және ядролық материалдарды өткізу қызметтің кіші түріне қатысты емес. Ядролық материалдарды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі.
8-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызмет көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
8-кесте
Шарт тақырыбы | Шарттың нөмірі мен жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар ға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт үшін толтырылады) | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/ жеке тұлғаның атауы | Лицензия нөмірі / рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 8-кестеге енгізіледі*.
* – табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түрі үшін ғана талап етіледі.
9-тарау. Ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
9-кесте
Лицензия нөмірі / рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
|
Ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 9-кестеге енгізіледі*.
* – табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түрі үшін ғана талап етіледі.
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
3-қосымша
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттар
1. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы);
өлшеу құралдарын және радиациялық бақылау аспаптарын салыстырып тексеру сертификаттары – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) бекітілген «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті 192-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулық.
3. Ядролық материалдарды физикалық қорғау жоспары – осы тармақ уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қатысты емес.
4. Өтініш беруші бекіткен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесінің бағдарламасы – осы тармақ мәлімделген қызмет құрамында уран өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу жөніндегі жұмыстар болған кезде ядролық материалдарды өткізу және табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты болады.
5. Өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттар:
физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті бойынша нұсқаулық;
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті – физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, артық тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты ұсыну ядролық қондырғылар мен ядролық отынға жатады және тек ядролық материалдарды қолдану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі. Жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті радиациялық қауіптіліктің 1 және 2-санатындағы объектілер үшін ғана талап етіледі.
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
4-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
жүзеге асыруға
20___ жылғы «___» __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ___________________________________________________________
қайта құру ______________________________________________________
қосылу _________________________________________________________
бөліп шығару ____________________________________________________
бөліну ____________________________жолымен қайта ұйымдастырылған
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы өзгерген _________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері өзгерген ________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарылған___________________________________________________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы» бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орные ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерткен ____________________________________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы____________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
_____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда
Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
_____________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру
объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы _____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ұйым басшысының электрондық
цифрлық қолтаңбасы)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
8-қосымша
«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті
заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 5-қосымша
«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды дайындау; 2) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды пайдалану; 3) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу; 4) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау. |
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезіндегі – 20 (жиырма) жұмыс күні; 2) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезіндегі – 3 (үш) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді: 1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды; 3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер; осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны); осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелері; 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі; 3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі; мәліметтер нысаны; осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелері. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, алым сомасын бюджетке төлеу туралы анықтаманы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Шетелдік заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; лицензиялық алым енгізілмеген; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады; 3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе; өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе; егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | 1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының www.gov.kz интернет-ресурстары бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде; порталда орналастырылған; 2) көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар; 4) порталда көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа қолжетімді; 5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының www.gov.kz интернет-ресурстары бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777. |