Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Заңы
(2024.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
6-бап. Алынып тасталды
1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
6-6-бап. Уәкілетті орган Басқармасының құрамы
6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
2-тарау. Уәкілетті органның міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
7-бап. Алынып тасталды
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
9-1-бап. Алып тасталды
9-2-бап. Алып тасталды
9-3-бап. Алып тасталды
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
10-1-бап. Алынып тасталды
11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
12-1-бап. Алып тасталды
12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
13-1-бап. Алынып тасталды
13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер
13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау
15-2-бап. Тексеру түрлері
15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
15-4-бап. Құжаттық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау
15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
2-2-тарау. Уәкілетті органның жұмыскерлері
15-11-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлері лауазымдарының құрамы
15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
3-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республика сының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қаржылық ұйым - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңымен 6) тармақша өзгертілді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қаржы өнімі - қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:
1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы жүйесіндегі орнықтылықты сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының мониторингi;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылық және халық үшін қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тиісті лицензиясыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Уәкiлеттi органның қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.
6-бап. 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, өзі туралы Ереже негізінде әрекет етеді.
Уәкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
Қазақстан Республикасының Президенті уәкілетті органның Төрағасын лауазымға алты жыл мерзімге тағайындайды.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның атынан әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді.
Уәкілетті органның Төрағасына осы Заңда уәкілетті органның Басқармасы үшін айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, уәкілетті органның қызметi мәселелері бойынша жедел және атқарушылық-өкiмдік шешiмдер қабылдау, уәкілетті органның атынан шарттар жасасу өкiлеттiктерi берiлген.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның қызметi үшiн жауапты.
Уәкілетті органның Төрағасы отставкаға кетерден екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кетуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті органның Төрағасын лауазымынан босатады.
6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын лауазымға уәкілетті орган Төрағасын тағайындау мерзiмдерiне қарамастан, уәкілетті орган Төрағасының ұсынуымен алты жыл мерзiмге тағайындайды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары уәкілетті орган атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегiнде құжаттарға қол қояды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын уәкілетті орган Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымынан босатады.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары отставкаға кетерден екi ай бұрын уәкілетті органның Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кете алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Басқарма уәкілетті органның жоғары органы болып табылады.
Уәкілетті органның Басқармасы:
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымдарына және өзге тұлғаларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
4) ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
5) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
7) уәкілетті органның халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешімдер қабылдайды;
8) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
9) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және Уәкілетті орган туралы ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
10) уәкілетті органның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және оларды әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;
11) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентінің бекітуіне ұсынады;
12) уәкілетті органның қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекітеді;
13) уәкілетті органның регламентін бекітеді;
14) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептіліктің тізбесін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі және оны жариялау мерзімдері айқындалады;
15) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;
16) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекітеді;
17) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
18) уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді, онда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алу шарттары да, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алуы туралы мәліметтер мен ақпараттың нысандарын, тізбесін және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тәртібі айқындалады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-2) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекітеді;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.