ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2019.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 97-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «банктерді қайта құрылымдауға,» деген сөздерден кейін «банктерді лицензияларынан айыру салдарларының туындауына,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 318-баптың 2-тармағында:
«соттан тыс күштеу тәртібімен» деген сөздер «соттан тыс тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәжбүрлеп соттан тыс» деген сөздер «соттан тыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру шеңберінде қарыз бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.»;
3) 319-баптың 2-тармағындағы «соттан тыс мәжбүр ету тәртібімен» деген сөздер «соттан тыс тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117, 119-құжаттар; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 725-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«725-1-бап. Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының ерекшеліктері»;
2) 718-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша сыйақы осы Кодекстің 725-1-бабының талаптары ескеріле отырып айқындалады.»;
3) мынадай мазмұндағы 725-1-баппен толықтырылсын:
«725-1-бап. Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының ерекшеліктері
1. Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының мынадай ерекшеліктері бар:
1) тектік белгілерімен айқындалған, оның ішінде төлемнің кейінге қалдырылуы және бөліп төленуі арқылы берілген ақша немесе заттар қарыз шартының нысанасы болып табылады;
2) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қарыз шарты бойынша қарыз алушы ретінде әрекет етеді;
3) қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі;
4) қарыз шартында осы баптың 3-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес есептелген, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде қамтылуға тиіс;
5) қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі берілген қарыз сомасының жүз пайызынан, оның ішінде қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда аса алмайды;
6) қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспайды;
7) қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңінде берілген қарыз сомасынан аса алмайды;
8) қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді;
9) қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшерлері туралы талаптары оларды ұлғайту жағына қарай өзгертіле алмайды;
Егер нысанасы тектік белгілерімен айқындалған заттар болып табылатын қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау борыш есебіне ақша беру арқылы жүзеге асырылған, ал сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және қарыз шартында көзделген өзге төлемдердің төленуі мен мөлшері ақшалай нысанда жүзеге асырылса, осындай шартқа осы тармақтың бірінші бөлігі 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларының талаптары қолданылады.
2. Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын, осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қарыз шарты мәнсіз болып табылады.
3. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартына осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қарыз шартына қатысты қағидалар қолданылады.
5. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 718-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар қарыз берушілер болып әрекет ететін қарыз шарттарына қолданылмайды.»;
4) 728-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаларға берілетін ипотекалық қарыз ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 751-бап:
«банк» деген сөзден кейін «осы баптың ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді.
Банк қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының сомасынан банктік шот шартында айқындалған кірісті төлеуі мүмкін.»;
6) 757-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жинақ салымы;»;
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мерзімді салым белгілі бір мерзімге енгізіледі.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, салымшы мерзімді салымды белгіленген мерзім өткенге дейін талап еткен жағдайларда, салым бойынша сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жинақ салымы белгілі бір мерзімге енгізіледі.
Салымшы жинақ салымын белгіленген мерзім өткенге дейін талап еткен жағдайларда, салым бойынша сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді.
5. Шартты салым банктік салым шартында айқындалған мән-жайлар басталғанға дейін енгізіледі.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, салымшы шартты салымды банктік салым шартында айқындалған мән-жайлар басталғанға дейін талап еткен жағдайларда, салым бойынша сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді.»;
7) 759-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Банктік салым шартында көзделген салым мерзімі банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары қолданылған кезде өзгертілуі мүмкін.»;
3-тармақтағы «мерзімді салымның сомасын оның» деген сөздер «мерзімді және (немесе) жинақ салымдарының сомасын олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 760-бапта:
1-тармақ «салымшыға» деген сөзден кейін «осы баптың ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Талап етілгенге дейінгі салым бойынша сыйақы мөлшері банктік салым шартымен белгіленеді, бірақ ол жылдық 0,1 пайыздан аса алмайды.
1-2. Мерзімді және жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін.
Мөлшері банктік салым шартында көзделген салым мерзімі ішінде төмендетілмейтін сыйақы мөлшерлемесі тіркелген сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
Мөлшері банктік салым шартында көзделген талаптарға сәйкес өзгертілетін сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
Банктік салым шарты бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
2-тармақтың 8) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «Банк» деген сөз «Осы баптың 3-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Банктік салым шарты бойынша сыйақы мөлшері банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары қолданылған кезде өзгертілуі мүмкін.»;
9) 761-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «банк салымы бойынша» деген сөздер «осы баптың 3-тармағында көрсетілген банктік салымдар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мерзімді салымдар бойынша салымшы салым бойынша өзіне тиесілі сыйақыны салым мерзімі өткенге дейін оның сомасынан бөлек алуға құқылы. Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшері банк талап етілгенге дейінгі салымдар үшін қолданатын мөлшерге қолданылатындай түрде қайта есептеледі. Салым мерзімі өткен соң салымшы өзінің салымды талап ететініне немесе талап етпейтініне қарамастан, өзіне тиесілі сыйақыны толық мөлшерде алуға құқылы (осы Кодекстің 759-бабының 3-тармағы).»;
10) 762-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «Мерзімді салымдар,» деген сөздерден кейін «жинақ салымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 765-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «мерзімді салымдар» деген сөздерден кейін «және жинақ салымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салымшының мерзімді салымды мерзімінен бұрын ішінара және (немесе) толық қайтарып алуға құқығы бар.
Салымшының жинақ салымын мерзімінен бұрын толық қайтарып алуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Банк мерзімді салымды немесе оның бір бөлігін салымшының талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей беруге міндетті.
Банк жинақ салымын салымшының талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес беруге міндетті.»;
2-тармақтың 11) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банктік салымды беру:
1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген;
2) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары қолданылған не банкті лицензиядан айырған кезде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
2-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді аудиторлық ұйымға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 13-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ұсынуы мүмкін.».
3-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):
239-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «төлем қабілетсіздігіне» деген сөздерден кейін «не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22- ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
4-тармақтың 1) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
210, 217 және 218-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу»;
«217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу»;
4-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
227-баптың тақырыбындағы «шектеулі ықпал ету шараларын» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
229-баптың тақырыбындағы «сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға» деген сөздер «сақтандыру төлемін жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші - он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
243, 244 және 251-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
244-бап. Валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу»;
«251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 210-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу
1. Валюталық шартты немесе берілген есептік нөмір бар валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылған кезде уәкілетті банктің осындай валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуі -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) 211-1-бапта:
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«4. Коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін есептіліктің анық емес, сол сияқты толық емес сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.»;
4) 212-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуы
1. Қаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынбауы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны уақтылы ұсынылмаған жағдайларда басталады.»;
5) 213-бапта:
бірінші, екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген» деген сөздерден кейін «сол бір» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
сегізінші бөліктің бірінші абзацындағы «есептіліктегі көрсеткіштердің не» деген сөздер алып тасталсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе.
1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық туындайды.