Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-1-бап. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-2-бап жаңа редакцияда
33-2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін ішкі сауда субъектілері, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптар мен шектеулер қолданылатын қызмет пен мүлік Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына осындай бағаларды белгілеу туралы шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау субъектісін осы бақылауды жүргізудің басталғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етілмейді.
6. Уәкілетті орган өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы шешімдерінің негізінде қалыптастырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
7. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы көрсетілген мерзімдерде орындамау жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.
34-бап. Дауларды шешу
Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының