Қазақстан Республикасынан шығатын және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай, егер мұндай босату не кедендік баждардың мөлшерлемелерін төмендету еркін сауда аймағы туралы келісімде көзделсе, кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
2. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекетттерден шығатын тауарлар саудасын ынталандыру мақсатында дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген немесе нөлдік мөлшерлемелері қолданылады. Тауарлар мен елдердің тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
3. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мөлшерлерін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу
1. Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:
1) тыйым салу;
2) сан жағынан шектеулер;
3) рұқсат беру тәртібі
4) айрықша құқық;
5) автоматты түрде лицензиялау (байқау) жатады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын уәкілетті орган, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес енгізеді.
Экспорты және (немесе) импорты осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларға сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
Егер бірлескен актілерді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ақпарат осындай актілерде айқындалатын тәртіппен беріледі.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының негізінде экономикалық салдарларды жою үшін қажетті мерзімге енгізілетін шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шаралары олар енгізілген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге енгізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер
1. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер:
1) қоғамдық құқықтық тәртiпті сақтау;
2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
3) алтынның немесе күмістің экспортын және (немесе) импортын реттеу;
4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау;
5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуі мен тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болғызбау;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
8) жүзеге асырылатын тұрақтандыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде осындай материалдарға ішкі баға әлемдік бағадан анағұрлым төмен деңгейде ұсталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;
9) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;
10) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогресшіл өзгерістерге жағдай жасау;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып енгізіледі.
2. Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк тауарларының немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта айқын жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және оны сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.
Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесін уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде айқындайды.
3. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді (квоталарды) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді, квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.
Квоталарды бөлу тәртібін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде айқындайды.
Квоталар шеңберінде жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-1-бап жаңа редакцияда
18-1-бап. Рұқсат беру тәртібі
1. Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі рұқсат беру құжаттарын беру жолымен сыртқы сауда қызметін лицензиялауды енгізу немесе өзге де әкімшілік реттеу шараларын қолдану арқылы іске асырылады.
2. Рұқсат беру тәртібін уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде енгізеді және оның күшін жояды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-2-бап жаңа редакцияда
18-2-бап. Қарсы шаралар
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін тиімді қорғау мақсатында орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қарсы шараларды, егер үшінші тарап немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет:
1) халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасына қатысты қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шараларды, оның ішінде қазақстандық тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің) үшінші тарап немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет нарығына кіруін негізсіз жабатын (шектейтін) не оларды өзгеше түрде негізсіз кемсітетін шараларды қабылдаса, енгізеді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері
1. Сыртқы сауда қызметі қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларға қатысу үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.
2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін қолдау мақсатында сыртқы сауда қызметін шектеу шаралары, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 18-4-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18-4-бап. Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шаралар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша ұлттық қауіпсіздік мүдделерін сақтау мақсатында осы Заңның 16 - 21-баптарында көзделген шараларды енгізуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шаралар тауарлар импортының ұлттық қауіпсіздікке әсерін айқындау жөнінде уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша енгізіледі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шарларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы экспортқа және кері экспортқа тауардың шығу тегі туралы сараптамалардың актілерін қоспағанда, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар жасаған, тауардың шығу тегі, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін куәландырады және береді.
2. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар уәкілетті органда аттестаттаудан өтеді және олар өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтінімде және өтінім беруші ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтерде жалған және (немесе) анық емес фактілер анықталған кезде тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін жасаудан, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындаудан бас тартуға міндетті.
4. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен сараптама ұйымдары тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
19-бап. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Айрықша құқық
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлген тауарлар тiзбесiн, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Айрықша лицензияны беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Автоматты түрде лицензиялау (байқау)
1. Автоматты түрде лицензиялау (байқау) жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында қолданылады және рұқсаттар беру арқылы іске асырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық өтініш ұсынады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Рұқсат өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі.
4. Рұқсаттар барлық өтiнiш иелеріне шектеусiз берiледi.
5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
7. Берiлген рұқсат басқа өтiнiш иелеріне қайта ресiмделуге жатпайды.
8. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Сауда шаралары және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шаралар
1. Үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын қолдану алдында тергеп-тексерулер жүргізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осындай шараны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында айқындалады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган, оны үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті ақпараттық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Өтемақы шаралары
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтеу шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізудің шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды
22-2-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік жағдайларындағы міндеттемелері шеңберінде мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың бүкпесіздігін қамтамасыз ету
1. ДСҰ құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамада айқындалған Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік шеңберіндегі міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекеттік органдар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 22-3-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес, қолданылатын мемлекеттік реттеу шараларының және Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын өзге де шаралардың бүкпесіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың бүкпесіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу шараларының бүкпесіздігі мына құралдарды қолдану:
1) құқықтық актілер мен олардың жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау;
2) хабарламалар (нотификациялар) жіберу;
3) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-3-баппен толықтырылды; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-3-бап өзгертілді
22-3-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
Қазақстан Республикасының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарымен, сондай-ақ ДСҰ-ның мүшелелерімен өзара іс-қимылды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Берілуі Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.
Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-4-баппен толықтырылды
22-4-бап. Гуманитарлық көмек көрсету шеңберіндегі сыртқы сауда қызметін реттеу
Гуманитарлық көмекті және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарларын жою мақсатында көрсетілетін көмекті беру (алу) шеңберінде тауарларды әкету және (немесе) әкелу кедендік-тарифтік, тарифтік емес және сауда шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 22-5-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
22-5-бап. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген кандидаттарға қатысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу бөлігіндегі нормалары қолданылмайды.
3. Берілуі Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.
5-тарау. Сауданың өзге түрлері
23-бап. Аукциондық сауда
1. Тауарларды сату жөніндегі аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезіндегі тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.
2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
24-бап. Комиссиялық сауда
Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
25-бап. Тапсырыс бойынша сауда
1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тапсырыстар бойынша сауда ішкі сауда субъектiлерiнiң тапсырыстарды тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында беру және (немесе) қабылдау арқылы, телефон немесе пошта тапсырысы арқылы жүзеге асырылады.
3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөніндегі қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртібі, жеткізу мерзiмi шартпен айқындалады.
4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткізу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткізу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.
5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
26-бап. Шекара маңындағы сауда
1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі уәкілетті орган бекіткен ішкі сауда қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған, шектес мемлекеттермен жасалған халықаралық шарттарда айқындалған талаптарға сәйкес айқындалады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Көшпелi сауда
1. Көшпелi сауда тиістi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ішкі сауда субъектiсi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындаған арнайы бөлiнген орындарда және (немесе) маршруттарда жүзеге асырады.
Ішкі сауда субъектісі сауданы бекітілген маршрут бойынша оның кез келген нүктесінде жүзеге асыра алады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі
1. Көрме-жәрмеңке қызметі нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметі тауар үлгілерін көрсетумен байланысты.
2. Жергілікті атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткізген жағдайда оларды өткізу көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын уәкілетті органмен алдын ала келісу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәліметтер болуға тиіс.