мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірге тұру фактісі:
отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;
мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «өтініш беруші ұсынған құжаттарды халықты жұмыспен қамту орталығы» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «өтініш берушіден қабылданған құжаттарды,» деген сөздер «атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «он екі айға» деген сөздер «шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «алты айға», «әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне» деген сөздер тиісінше «ағымдағы тоқсанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге әкеп соққан жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынған кезде бұзылады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасыға) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.»;
5) 5-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын орталық атқарушы орган бекітеді.
4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті, құжаттардың электрондық көшірмелерін, олардың мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне береді.»;
6) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындауға құқылы.»;
7) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде берілетін көмектің түрлері мен көлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініш жасау алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа кіріс пен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері:
отбасының құрамы өзгерген жағдайда - отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;
өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды беруін қоспағанда, отбасының жиынтық кірісін айқындау кезінде ескерілмеген фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда - өтініш жасалған айдан бастап қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары - ерікті түрде, ал одан бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
Атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алу кезінде артық төленген сомалар келесі төлемдерден ұсталады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі «және төлеу» деген сөздерден кейін «, оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру» деген сөздермен толықтырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылға 1 қаңтарға дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған адамдарға (отбасыларға):
бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады;
жасалған әлеуметтік келісімшарт 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады, атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және төленеді.».
8. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекітеді;»;
2) 20-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
2) тармақшаның екінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды
«Мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жүзеге асырылады.»;
3) 21-баптың 1-тармағында:
4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
3) тармақшаның үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды
«4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен ұсынуды қамтиды.»;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
3) тармақшаның бесінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды
«4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жылына алпыс сағатқа ұсынуды;»;
4) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
4) тармақшаның екінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды
«Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жүзеге асырылады.»;
5) 3-тарау мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-баптармен толықтырылсын:
«32-1-бап. Санаторийлік-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерінің құнын өтеу
1. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін сатып алу кезінде мүгедектің олардың құнын, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай жергілікті атқарушы органдарға өтетуге құқығы бар.
Мүгедектер жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін кепілдік берілген сомадан асатын бағамен сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы мүгедек меншікті қаражаты есебінен дербес өзі төлейді.
2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома мынадай мөлшерлерде:
санаторийлік-курорттық емдеуге, протездік-ортопедиялық көмекке, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына - өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу кезінде оларды мүгедектерге өткізу үшін берген бағалардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептелетін орташа мәні мөлшерінде;
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне - бір сағатқа, бірақ күніне сегіз сағаттан асырмай, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жалақысы мөлшерінің есебімен;
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне - бір сағатқа, бірақ жылына алпыс сағаттан асырмай, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он бес пайызы есебімен төленеді.
32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектерге санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйені білдіреді.
2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер бола алады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
1) салықтық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;
4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты бар;
5) медициналық бұйымдарды беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
6) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін баға ұсынған өнім берушілер тіркеле алады.
Өнім беруші:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
2) қызметті тоқтатқан немесе қайтыс болған;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген;
4) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедек өзіне өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Осы ақпаратты жергілікті атқарушы орган құратын комиссия орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды, ол өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайды.
Өнім беруші осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында келесі тіркелуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен ол туралы мәліметтер алып тасталғаннан кейін мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында келесі тіркелуі тіркеуден шығарылған күннен бастап бір жылдан кейін ғана мүмкін болады.
Өнім берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мүгедектер мен өнім берушілер арасындағы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алуға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
4. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.».
9. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);»;
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы;»;
3) 5-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы,» деген сөздерден кейін «көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау кез келген уақытта қандай да бір мерзіммен шектелмей жүзеге асырылады.
2. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растаушы құжаттар болған кезде өтініш жасалған күннен бастап ағымдағы айға және осы жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Осы Заңның 11-1-бабына сәйкес жәрдемақы алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда төленеді.
3. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы растаушы құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес деректері бар құжаттарды ұсынған адамдарға тағайындалмайды.
4. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасының құрамында есепке алынады.
5. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға негіздер жоғалған жағдайларда, оны төлеу тоқтатылады.»;
5) 9-2-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы:
төрт балаға - 16,03 айлық есептік көрсеткіш;
бес балаға - 20,04 айлық есептік көрсеткіш;
алты балаға - 24,05 айлық есептік көрсеткіш;
жеті және одан көп балаға - 28,06 айлық есептік көрсеткіш;»;
екінші бөліктегі «2) және» деген сөздер «2), 2-1) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі «бала күтіміне байланысты жәрдемақының,» деген сөздерден кейін «көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақының,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «2) және» деген сөздер «2), 2-1) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны төлеу үшін осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың кәмелеттік жасқа толуы, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланың оқудан шығуы;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау үшін негіздер сақталған кезде, оны төлеу осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тоқтатылмайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «3) және» деген сөздер «2-1), 3) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «2) және» деген сөздер «2), 2-1) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 11-1 және 12-1-баптармен толықтырылсын:
«11-1-бап. Жәрдемақыларды алушының өзгеруі
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе оның ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, жәрдемақыларды төлеу баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгілеу жағдайларын қоспағанда, баланың (балалардың) заңды өкіліне жүргізіледі.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.
Заңды өкіл немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу заңды өкілге немесе бірінші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі.
2. Жәрдемақыларды алушыны өзгерту үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар осы Заңның 5-бабына сәйкес тиісті өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
«12-1-бап. Өтпелі ережелер
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылардың көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасауы және растаушы құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде тағайындалады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төленеді.».
10. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы концессия «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.»;
2) 21-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) концессионердің концессия объектісін құруын және концессионердің концессия объектісін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануын көздейтін денсаулық сақтау саласындағы концессия шарты;».
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24,115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):