2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
3. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - осы агенттің;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі агенттің түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға аудару жолымен бұлжытпай орындауына жатады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент - өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдердің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізімдер алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
8. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»;
2) 11-бапта:
8) тармақшадағы «, 37-тармағын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 37-тармағын;».
2-бап.
Осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 2) тармақшасы екінші абзацының, 3) тармақшасы үшінші және бесінші абзацтарының, 4) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
«4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
«4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін жылына алпыс сағатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды;»;
«Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе шінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.».
3-бап.
Осы Заң:
1) 2020 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасын;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 желтоқсан
№ 287-VI