1) 4-баптың 21) тармақшасындағы «бір пайызы» деген сөздер «екі пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасындағы «бір пайызы» деген сөздер «екі пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 11) тармақшасындағы «бір пайызы» деген сөздер «екі пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 11) тармақшасындағы «бір пайызы» деген сөздер «екі пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;».
13. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
79-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда концессия объектісі оған функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін функционалдық операторға өтеусіз пайдалануға конкурссыз берілуі мүмкін.».
14. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 23-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушыдан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;»;
2) 25-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар» деген сөздер «Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.»;
3) 28-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент - өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-1-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдердің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізімдер алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.»;
4) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Агент тиісті кезеңде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оларға есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалынған (есепке жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.»;
5) 39-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:
1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 4-1-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
6) 64-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші осы баптың 5-тармағында көрсетілген, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтар - 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарындағы қызметтен қайтадан шығарылған адамдарға қолданылады.»;
7) 74-баптың 2-1-тармағының бірінші абзацындағы «2020 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздер «2023 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):):
1) 1-баптың 19-тармағында:
15) тармақшада:
он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтардағы «Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар», «Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор», «адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар» деген сөздер тиісінше «Жеке практикамен айналысатын адамдар», «Жеке практикамен айналысатын адам», «жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацтағы «Арнайы салық режимi қолданылатын шаруа» деген сөздер «Шаруа» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Агент тиісті кезеңде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оларға есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалынған (есепке жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.»;
26) тармақшада:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Агенттер:»;
мынадай мазмұндағы отыз екінші және отыз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
2) 2-баптың 2-2), 2-3) тармақшаларындағы және 3) тармақшасының бірінші абзацындағы «2020 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздер «2023 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-1-бапта:
бірінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағының 13) тармақшасы жиырма тоғызыншы абзацының, 18) тармақшасы үшінші абзацының, 26) тармақшасы отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
«10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
4) 3-баптың 2) тармақшасында:
«отызыншы және отыз бірінші абзацтарын» деген сөздер «отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздер «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
1) 31-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-1-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған тізімнің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Төлеушілердің банктік шоттарынан аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу төлеуші ұсынған тізім қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.»;
2) 32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жұмыс беруші тиісті кезеңде жұмыскерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабардар ете отырып, оған қорға есептелген (ұстап қалынған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынуға мiндеттi.».
17-тармақ 2021 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 39-баптың 3-тармағы 54) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«54) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан мүгедекке арналған таксидің көрсетілетін қызметтерін сатып алу.»;
2) 51-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердің мұқтаждарына арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;».
18. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1-бапта:
22) тармақшадағы «өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген» деген сөздер алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушыдан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;».
19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 12, 36-құжат):
2-баптың үшінші абзацындағы «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздер «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
3-бапта:
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы «3),» деген цифр алып тасталсын;
екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Салық кодексінің 1-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3) әлеуметтік төлемдер - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;».».
21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 1-баптың 37-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«37. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1-баптың 19-тармағында:
1) тармақшаның он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық
1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған өсімпұлмен бірге өндіріп алады немесе агент оларды міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.