11) ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері не зайыбы (жұбайы) немесе оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;»;
3) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 27-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі.»;
5) 76-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне қолданылмайды.»;
6) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Курсанттардың, тыңдаушылардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша:
1) стационарлық емделуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, әуе, су және автомобиль көлігінде;
2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған кезде, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға да оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде мемлекет есебінен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) әуе, теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүру құқығы беріледі.
Арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
23. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
7-бапта:
2-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «билік етуге құқылы емес.» деген сөздер «билік етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
23-тармақтың бесінші мен алтыншы абзацтарының күші бұрын жасалған банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
«4) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есепке жазуға және талап етуге құқылы емес.
Осы тармақшаның талабы микрокредит беру туралы шартқа, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды;
5) тұрғын үй және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.».
24. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 2) тармақшасындағы «Объектілерді қорғау қызметін» деген сөздер «Айрықша мақсаттағы күштерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері әскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.».
25. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-ІІІ, 135-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2018 ж., 15, 47-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағында:
31) тармақшада:
он бірінші абзац «оқу бағдарламалары бойынша,» деген сөздерден кейін «Сот төрелігі академиясында,» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзацтағы «әскери» деген сөз «Сот төрелігі академиясын, әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
54) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары «қаржыландыру» деген сөзден кейін «, Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында:
үшінші абзац «сондай-ақ» деген сөзден кейін «Сот төрелігі академиясында,» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы «әскери» деген сөз «Сот төрелігі академиясын, әскери» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін тоқтатқан, оларды теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар «А» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады.».
27. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):
1-баптың 11-тармағы 10) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын.
28-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 114-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):
1) 1-баптың 3-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұр-Сұлтан қаласынан - 30 039 508 мың теңге сомасында белгіленсін.»;
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалардағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын.
29. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кездегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.»;
2), 3) тармақшалар 2019 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 43-1-баптағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 43-3-баптағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын.
30. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат):
22-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) табиғи монополия субъектісіне «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Нұр-Сұлтан» маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру.».
2-бап. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы төртінші мен бесінші абзацтарының және 23-тармағы бесінші мен алтыншы абзацтарының күші бұрын жасалған банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), қарыз (микрокредит) беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер қайта есептеуге жатпайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), қарыз (микрокредит) беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер осы Заңның 1-бабы 6-тармағының төртінші мен бесінші абзацтарына және 23-тармағының бесінші мен алтыншы абзацтарына сәйкес қайта есептеуге жатады.
3-бап. Осы Заң:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 28-тармағын, 29-тармағының 1) тармақшасын;
2) 2019 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 5) тармақшасын, 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 19-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші абзацын және 6) тармақшасын;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын, 12-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3), 4), 5) және 6) тармақшаларын, 19-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші абзацын, 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан
№ 291-VІ ҚРЗ