1) 2-баптың 44-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«44-1) президенттік байланыс - Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз етуге арналған арнаулы электр байланысы;»;
2) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсету уақыты туралы хабар беру көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушының тұрған жерінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.».
16. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, әскери прокуратура органдары;».
17. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат):
5-баптың бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;».
18. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының бірінші абзацындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 1-тармағында:
«шетел азаматтарына» деген сөздер «шетелдіктерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Астана қаласының құрметті» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Астананың аумағын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және өзгертетін, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.»;
4) 8-баптың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұр-Сұлтан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;»;
5) 9-бапта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;
3) Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігін жекешелендіру жөніндегі қатынастарды реттейтін қаулылар шығарады;»;
18-1) тармақшадағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-13) тармақшамен толықтырылсын:
«19-13) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;»;
26), 29) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мыналарды:
астана көшелерінің тізбесін;
автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) ұйымдастыру және олардың санаттарын айқындау қағидаларын;
коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
«29) Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
«38) Нұр-Сұлтан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 42) тармақшамен толықтырылсын:
«42) жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
6) 9-1-бапта:
тақырыптағы «Астана қаласының», «Астана қаласын» деген сөздер тиісінше «Астананың», «астананы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 1-тармағындағы «Астана», «Астананың» деген сөздер тиісінше «Нұр-Сұлтан», «Нұр-Сұлтанның» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
19-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты және жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;
2) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекітеді;
5-3) он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;»;
19-тармақтың 2) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) тармақшада:
«мекемелерінің» деген сөз «ұйымдарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ағымдағы ұстауға» деген сөздер «ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 43-3) және 46-23) тармақшалармен толықтырылсын:
19-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«43-3) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекітеді;»;
19-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«46-23) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлейді және бекітеді;»;
19-тармақтың 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 6-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
«4-1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
4-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;»;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітеді;»;
8-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;»;
11) тармақшада:
«мемлекеттік білім беру мекемелерінің» деген сөздер «облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ағымдағы ұстауға» деген сөздер «ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;»;
19), 24-2), 24-4) және 24-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;»;
«24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
«24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 24-10), 24-11) және 24-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
24-11) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың) білім алуына арнайы жағдай жасайды;
24-12) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;»;
3-тармақтың 7-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды тиісті білім беруді басқару органдары мен білім бөлімдері арқылы іске асырады.
Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және солардың бақылауында болады.»;
4-тармақта:
2), 3), 4), 4-1), 5), 7), 8), 8-1), 8-2), 8-3), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;»;
13), 14), 18), 19-1), 19-2), 19-3), 21-1), 21-2), 21-3) және 21-5) тармақшалар алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
5) 26-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;»;
19-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 62-бапта:
4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.»;
мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.».
20. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - сыртқы барлау органы) - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Сыртқы барлау субъектілері
1. Сыртқы барлау субъектілеріне:
1) сыртқы барлау органы жатады.
Құзыретіне барлау қызметін жүзеге асыру кіретін сыртқы барлау органы қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;
2) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жатады.
2. Сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде барлау қызметін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.»;
3) 6-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сыртқы барлау органы:
саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әскери-саяси, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда;
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияландырылған, кодталған және өзге де арнаулы байланыс түрлері саласында;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;
шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында;
экстремизмге және террористік әрекетке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, аумақтық сулары (теңіздері) мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында;»;
2) тармақша алып тасталсын.
21. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
134-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «астананың жергілікті атқарушы органының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан)» деген сөздер «астананың және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан)» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
1) 6-бапта:
екінші бөлікте:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«29,» деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері осы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткереді.»;
2) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері немесе зайыбы (жұбайы) және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;