2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда - барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың тиісінше тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы мен деректемелері;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелеріне шағым жасауға құқылы.
Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.
7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін тұлға оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.
8. Тексерілетін тұлғаның қолындағы түпнұсқа құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар жасау үшін тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалаудың нәтижелері
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, авиация инспекторлары жеке немесе заңды тұлғаларға бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалар береді.
Ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, авиация инспекторы әуе кемесін пайдалануды не инспекцияланатын пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының белгілі бір әрекеттерін тоқтату туралы талаппен инспекторлық нұсқама береді.
2. Инспекторлық нұсқама жеке немесе заңды тұлғаға немесе олардың өкілдерінің қолына немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуы тиіс.
Инспекторлық нұсқамада жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, инспекторлық нұсқаманың берілген күні, инспекторлық нұсқаманы жіберудің негізі, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар және инспекторлық нұсқаманы орындау мерзімдері, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Хабарламалы тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде жіберілген инспекторлық нұсқама почта операторынан почта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң тапсырылды деп есептеледі.
4. Инспекторлық нұсқама азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Инспекторлық нұсқаманы орындамау азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған сертификаттың (куәліктің) қолданысын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу үшін негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес азаматтық авиация жүйесінің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келетін азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іске асырады, ол:
1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралардың бірыңғай кешенін білдіреді;
2) пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді іске асыруға және олармен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді;
3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеуді және бағалауды қамтамасыз етеді;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің жалпымемлекеттік көрсеткіштерін қолдайды және жақсартады.
2. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама:
1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, мақсаттар мен ресурстарды;
2) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын мемлекеттік деңгейде басқаруды;
3) ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етуді;
4) ұшу қауіпсіздігі мәселелерін мемлекеттік деңгейде танымал етуді қамтиды.
3. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері қызметінің негізгі басымдығы және міндеттемесі болып табылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, ол:
1) белгілі бір қағидаларды, практикаларды және рәсімдерді енгізу арқылы азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз етеді;
2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асырады;
3) авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясатты, мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
4) әуежайларды, әуе кемелерін және аэронавигациялық құралдарды заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптарды белгілейді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5) бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігін, қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерін, іске асырудан күтілетін нәтижені және индикаторларды қамтиды.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) әуе кеңістігін пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды айқындайды;
3-1) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекітеді;
3-2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін, халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бекітеді;
5) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
7) - 15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) - 26) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28) - 41) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;
43) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын бекітеді;
45) - 51) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
54) Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
54-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55) Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
56) Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді;
57) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58) әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекітеді;
59) Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекітеді;
60) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 60-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
60-2) осы Заңда айқындалатын тәртіппен субсидиялауға жататын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттарды айқындайды;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 60-3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
60-3) басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
61) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге әуежайларға рұқсат беру туралы шешімдер қабылдайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекітеді;
2) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асырады;
2-1) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-3) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;
5) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қолданады;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
6) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) шет мемлекеттердің авиация биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, тәжірибе және азаматтық авиацияға қатысты ақпарат алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді жүзеге асырады;
11) азаматтық авиация саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысады;
12) Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекітеді;
13) әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын бекітеді;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларды бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекітеді;
15) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекітеді;
15-2) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) - 19) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
19-2) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекітеді;
23) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшу кестесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
24) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекітеді;
25) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-1) - 25-3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;
30-1) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) - 37) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38-1) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астана мен астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды;
41-2) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-3) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-4) тармақша жаңа редакцияда
41-4) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»;
41-5) Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не әуе кемелерінің пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге қатысады;
41-6) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу немесе олардың салдарларын азайту мақсаттарында ұсынымдар береді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;
41-7) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізеді;
41-8) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізеді;
41-9) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректерді алмасуға қатысады;
41-10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге жауапты шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтасады;
41-11) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтасады;
41-12) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
41-13) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-14) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-14) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетігін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін әзірлейді, енгізеді, зерделейді және қолдайды;
41-15) мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпарат таратуға қатысады;
41-16) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне байланысты ақпаратты жинауды және талдауды, сондай-ақ осындай ақпаратты жасауды және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізуді жүзеге асырады. Талдау ақпарат көздерін ашуды талап етпейді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 41-17) - 41-61) тармақшалармен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-17) азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-18) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-19) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-20) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-20) сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларын бекітеді;
41-21) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-22) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-23) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекітеді;
41-24) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекітеді;
41-25) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-26) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-27) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;