8-3) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8-4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8-5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8-6) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) сортты сынақтан өткізу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
11-1) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі қолда бар ұлттық стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;
14) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
15) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) уәкілетті орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;
17) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;
19) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
22) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.
28) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейдіж
30) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды
31) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды
31-1) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
6) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;
7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
8) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
9) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
10) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
10-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) осы Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін - бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
13) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
14) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
15) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi
1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тиiстi лауазымдарына «Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлардың:
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;
3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;
4) аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың біліктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) тұқым шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама беруге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;
7) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
8) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) сорттық және тұқымдық бақылауды;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынауды бақылау.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Сорттық және тұқымдық бақылау:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:
тұқым себу;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетациясы;
жинау;
тұқым құю;
тұқым сақтау;
өткізу (тұқымдардың өткізуге дайындалған және өткізілген партияларын, оның ішінде экспорт және импорт кезінде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестігіне тексеру) кезеңдерінде тұқым шаруашылығы ережелері мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.
Белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілердің тұқым өндіруін бақылау, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:
тұқым себуге дайындалған егістіктерді тексеру - тұқым себудің алдында жылына бір рет;
вегетация кезеңінде сорттық егістерді тексеру - жылына үш рет;
сорттық және гибридтік егістерді байқау және егістік зерттеуді бақылау - байқау кезеңінде бір рет;
тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбір түрі бойынша жылына екі рет.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:
тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;
тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулердің нәтижелерiмен келiспеген жағдайлардағы бақылауды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді;
4) тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау
1. Мыналар:
1) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бiрегей және элиталық тұқымдарды өндiрушiлер;
3) сатуға арналған бiрiншi, екiншi, үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiрушiлер;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Аттестаттау мерзiмi бiткеннен кейiн тұқым шаруашылығының субъектiлерi қайта аттестаттаудан өтуге мiндеттi.
3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi - сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттік сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткізудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.
2. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кіреді.
12-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану
13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары:
1) карантиндiк объектiлерден ауру жұққызған болса;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) гендік инженерия (генетикалық жағынан түрлендірілу) негізінде алынса, оларды өткізуге және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сұрыптық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды өткізуге, сондай-ақ егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарсы төмендетілген сапа көрсеткіштері бар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.
3. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестатталмаған жеке және заңды тұлғалар тұқымдарды өткізу құқығынсыз өз қажеттіліктері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.
14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемдерiн өз бетiнше айқындауға құқылы.
2. Тұқым өндiрушiлер:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен технологиялық талаптарды, өндiрiс схемаларын, тұқымды сақтау және сату ережелерiн сақтауға, олардың саны мен сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге;
2) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) элиталық тұқымдарды алдағы уақытта сату, соның iшiнде мемлекеттен тыс жерлерге сату мақсатымен оларды өндiру кезiнде бiрегей тұқым сорттарын және будандардың шыққан тегiнiң нысандарын сатып алуға;
4) тұқымдарды сату кезiнде олардың сорттық және егу сапасын, сондай-ақ сорттың сипаттамасын (суреттемесiн) растайтын құжаттарды табыс етуге;
5) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен сорттық егiстерге байқау өткізуге;
6) сатуға, егу үшiн пайдалану мен сақтық және ауыспалы қорлар жасауға арналған тұқымдардың егу сапасына сараптама жүргiзуге;
7) егiстi (отырғызылған екпелердi), аумақтарды, тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдердi, қоймаларды карантиндiк объектiлердi анықтау үшiн үнемi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) өз қаражаты есебiнен тұқым шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сақтық және ауыспалы қорларын құруға;
9) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген тәртiп пен мерзiмде сорттың жаңартылуын және сорттың алмастырылуын жүргiзуге;
11) сатылуға тиiстi тұқымның тұқым құжатында көрсетiлген сорттық және егу сапасына сәйкестiгiне кепiлдiк беруге;
12) сатылған және өз қажетiне пайдаланылған тұқымдардың мөлшерiне, шыққан тегiне, олардың сорттық және егу сапасына есеп жүргiзуге мiндеттi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге:
1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;