2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді және білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге деректерді де қамтиды.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттандыру объектілерінің деректеріне азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа ақпараттандыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекет ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру жүйесі ұсынған шекте білім алу нысанын таңдау құқығын беруді қоса алғанда, олардың өзін-өзі жетілдіруіне, білім берудің барлық деңгейлерінде өмір бойы оқуын жалғастыруына, өздерінің қабілеттерін еркін дамытуына жағдайлар жасайды.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
2-тармақтың 2 бөлігі 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.
Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай жасайды. Жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып табылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.14.01. № 68-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.
8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элитарлық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 8-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 8-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8-3-бап. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штат саны мен штат кестесі
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының штат саны мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарында айқындалады.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары штат саны мен штат кестесін бекітеді.
Бірінші басшылар штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бірақ қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертуге құқылы.
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру басым бағыт болып табылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.
2. Аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды.
Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.
3. 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Білім беру ұйымдары танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өтуге құқылы.
6. 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Білім беру жүйесі
10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.
11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда
14) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау болып табылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды
4-тарау. Білім беру мазмұны
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Білім беру бағдарламалары
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
3) қосымша болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарларының және (немесе) үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.
Жалпы білім беретін пәндер циклінің жұмыс оқу бағдарламаларын қоспағанда, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.
Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнаулы оқу бағдарламалары әзірленеді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары бойынша білікті кадрлар, оның ішінде жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған.
Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:
1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;
2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;
3) жоғары бiлiмнің;
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған білім беру бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.
7. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға құқылы.