2) 75-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға не басқарушы компанияға беріледі.»;
3) 112-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төртінші кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар, заңды тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылады.».
18. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
83-бап «қаражаты» деген сөзден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты» деген сөздермен толықтырылсын.
19. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-бапта:
24-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
«24-2) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Тәркіленген мүліктің және мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктің түсуі
Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі осы Заңның 210 - 212, 214, 215-баптарында айқындалған тәртіп пен және шарттарда жүзеге асырылады, мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктің (активтердің) түсуі Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.»;
3) 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«90-бап. Тәркілеу нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) құқықтарды тоқтату
Соттың мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге немесе мемлекет кірісіне айналдыруға негіз болған актінің күшін жоюы (тиісті бөлігін өзгертуі) тәркіленген мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) мемлекеттің мүліктік құқықтарын тоқтатуға негіз болып табылады.
Тәркіленген мүлікті қайтару немесе оның құнын өтеу осы Заңның 213-бабы 5-тармағының қағидалары бойынша, ал басқарушы компанияның басқаруына немесе меншігіне берілген мүлік пен активтерді қайтару немесе олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
4) 211-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған, басқарушы компанияға берілген мүлікті (активтерді);».
20-тармақ 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
20. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;».
21. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдалануға, зейнеткерлік активтерін сенімгерлік басқаруға;»;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Жоғары аудиторлық палата жергілікті бюджет қаражатына мынадай негіздер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
2) мемлекеттік органдардың, ревизиялық комиссиялардың, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша;
3) құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша аудит жүргізуге құқылы.
6. Осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі хабардар етіле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады.
7. Жоғары аудиторлық палата заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын мынадай негіздер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
2) Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша қайта қарауға құқылы.
8. Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы тоқсан сайын берілетін ақпарат шеңберінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қараудың жүргізілгені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне хабар беріледі.»;
2) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.»;
3) 19-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сапаны бақылауынан өткен ішкі аудит қызметтерінің сәйкестігіне мемлекеттік аудиттің нәтижелерін таниды.»;
2-тармақ «орган» деген сөзден кейін «және ішкі аудит қызметтері» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «мен ревизиялық комиссиялар» деген сөздер «, ревизиялық комиссиялар және ішкі аудит қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «орган» деген сөзден кейін «және ішкі аудит қызметтері» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 53-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік аудиторларды осы Заңда белгіленген құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруге қатысу үшін жібереді.».
22. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 12) тармақшасы «Ұлттық Банкінің» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 53-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен жүргізіледі.».
23-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мемлекеттік кірістер органы - өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;»;
2) 5-бапта:
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді.»;
3) 9-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Репатриациялау талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша резиденттің бейрезидентке өзінің талап қою құқығын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның пайдасына беруіне, сондай-ақ резиденттің басқа бейрезидентке өзінің талап қою құқығын бейрезидентке өтеусіз беруіне жол берілмейді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесе отырып, резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Осы мониторингтің мақсаттары үшін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қызмет көрсететін уәкілетті банк оған есептік нөмір береді, бұл кейіннен валюталық бақылау органдарына экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептерді ұсыну кезінде көрсетіледі.»;
6-тармақ «жағдайлар» деген сөзден кейін «, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру тәртібі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 18-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарына қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Өзге тұлғаларға қатысты валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) басқа да валюталық бақылау органдары құзыреті шегінде жүргізеді.»;
5) 19-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Валюталық бақылау органдары валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындауға, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға, Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін міндетті болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдауға құқылы.»;
«4. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгілі болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға міндетті.»;
6) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы ұйымдарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, валюталық бақылау органының жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүзеге асыратын өзге резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты олар валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде валюталық бақылау рәсімдері, валюталық бақылау органының тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.»;
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ықтимал бұзғаны туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты валюталық бақылау органы сұратқан, валюталық операцияның жүргізілуіне байланысты ақпаратты, есептілік пен құжаттарды және Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылатын өзге де ақпаратты (есептілікті) талдау арқылы жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақылаудың өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғана жүзеге асырады.»;
7) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау жүргізу ерекшеліктері
1. Осы Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген резиденттердің (бұдан әрі - тексерілетін резидент) экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауын валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік кірістер органы тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде тексеру жүргізеді және (немесе) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асырады.
3. Тексеру жүргізу оны тағайындау туралы акт ресімдеуді талап етпейді.
Тексеру тексерілетін резидентке бармай, оған валюталық операцияны жүргізуге байланысты, оның ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт шеңберінде міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру туралы жазбаша сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Жазбаша сұрау салуда мыналар көрсетіледі:
1) тексерілетін резиденттің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, оның тұратын жері;
2) тексерудің негізі;
3) сұратылатын құжаттардың тізбесі (олардың көшірмелері);
4) қажет болған кезде түсіндіруді талап ететін ақпарат (мәліметтер);
5) сұратылатын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімі.
4. Тексерілетін резиденттің атына мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салудың жіберілуі тексерудің басталуы болып табылады.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген жазбаша сұрау салу тексерілетін резидентке мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде - пошта операторының хабарламасында тексерілетін резиденттің белгісі қойылған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
жазбаша сұрау салу веб-қосымшада жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады;
хабарлама пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады.
5. Тексерілетін резидент сұратылған ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) мемлекеттік кірістер органының жазбаша сұрау салуында белгіленген мерзімдерде, бірақ тексерілетін резидент жазбаша сұрау салуды алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
6. Тексерілетін резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банкте бар ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) нақтылау үшін мемлекеттік кірістер органы осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген валюталық бақылаудың өзге нысанын пайдалана отырып, осындай банктің атына жазбаша сұрау салуды жібереді.
7. Тексерілетін резидент тарапынан қол қою талап етілмейтін нәтижелер туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адамның қол қойған күні мемлекеттік кірістер органы тексеруінің аяқталуы болып табылады.»;
8) 21-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті банктер жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялар бойынша резидент тердің (уәкілетті банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) төлемдерін және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банктің осы төлем және (немесе) ақша аудару туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруіне рұқсат берген кезде жүзеге асырады.
2. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялардың түрлері мен өлшемшарттары Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.».
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағын, 5-тармағының 1), 2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 13) тармақшаларын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 8-тармағының 2) тармақшасын, 10-тармағының 1) тармақшасын, 12-тармағын, 13-тармағының екінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 14, 15-тармақтарын, 16-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын және 20-тармағын;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 2) тармақшасын, 11-тармағын, 13-тармағының үшінші, төртінші абзацтарын және 23-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 12 шілде
№ 23-VІІІ ҚРЗ