«3) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында не сот талқылауы барысында барлық күдіктілермен, айыпталушылармен, сотталушылармен кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалса, істі келісімдік іс жүргізуде шешеді.»;
14) 623-бапта:
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері
1. Судья кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен және істі келісімдік іс жүргізуде қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, жасалған процестік келісімнің заң талаптарына сәйкестігін тексереді, содан кейін:»;
екінші бөліктегі және үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «кінәні мойындау туралы» деген сөздер алып тасталсын;
15) 625-баптың бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрағалық етуші сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешкеннен кейін кінәні мойындау туралы процестік келісімді, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қараудың басталғаны туралы жариялайды және прокурорға оның мәнін баяндауды ұсынады.»;
«3. Төрағалық етуші сотталушының ұстанымын анықтап алып, қорғаушыға және прокурорға кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімге қатысты өз пікірлерін хабарлауын ұсынады, сондай-ақ олардың процестік келісімді қолдайтынын не қолдамайтынын нақтылайды.
4. Сот отырысында төрағалық етуші қажет болған кезде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасудың заңда көзделген тәртібін сақтау мәселесі бойынша прокурордан, сотталушыдан және оның қорғаушысынан жауап алуы мүмкін.
5. Процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан келісімде көзделген мүліктік өндіріп алулар бөлігінде сот актісін өз еркімен орындау үшін оған қандай мерзім қажет екенін анықтайды, бұл ретте оның отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның заңсыз иемденілген активтерді қайтару бөлігінде процестік келісімді қандай мерзімде орындайтынын және оларды қайтару тәсілі мен тәртібін растайтынын не растамайтынын анықтайды.
Сотталушыға сотқа қосымша бірдеңе хабарлау құқығы да берілуге тиіс. Сотталушыны тыңдап болған соң төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетеді және сот шешімін жария ету уақытын хабарлайды.»;
16) 626-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
«4-1) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;»;
17) 628-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім жасасу үшін ақылға қонымды мерзім береді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кінәні мойындау туралы процестік келісім немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғанынан кейін судьяға беріледі, ол оның заң талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай:»;
18) 629-баптың бірінші бөлігі «талаптарына» деген сөзден кейін «және 617-4-бабына» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің ережелері Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді қайтаруға байланысты қатынастарға, оның ішінде басқарушы компанияны құруға және оның қызметіне қолданылмайды.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 80-баптың 4-тармағындағы «сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Сот «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі істерді қарау тәртібін «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша жүзеге асырады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2) 11-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Меншік иесі болып табылатын субъектінің активтеріне тыйым салуды қолдану түріндегі алдын ала қамтамасыз ету шаралары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 54-бапта:
үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Прокурор квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктер жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану және мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы; олардың мүлкін өзгенің заңсыз иеленуінен талап етіп алу туралы; квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге келтірілген залалды өтеу туралы; квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге қатысты органдардың шешімдеріне дау айту туралы талап қою беруге құқылы.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Талап қоюды берген прокурор «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу құқығынан басқа, барлық процестік құқықтарды пайдаланады, сондай-ақ онда талап қоюшының барлық процестік міндеттері болады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін берілген талап қоюдан бас тартуы осы тұлғаны ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Сотқа осы баптың үшінші бөлігі 3) тармақшасының екінші абзацында көзделген прокурордың талап қоюы, арыздары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектілерге және (немесе) олардың үлестес тұлғаларына қатысты не активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активтерді іздеу және қайтару жөніндегі шараларды жүзеге асыруына байланысты өзге де тұлғаларға қатысты беріледі.»;
4) 3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы 30-1-тараумен толықтырылсын:
«30-1-тарау. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу
301-1-бап. Арыз беру
1. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, активтің меншік иесі болып табылатын тұлға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға құқылы.
Активтің меншік иесі болып табылатын тұлға «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін сотқа жүгіне алады.
2. Арыз активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеті (әрекетсіздігі) жасалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.
3. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі.
4. Арызға активтің меншік иесі болып табылатын тұлғаның құқығы бұзылғанын куәландыратын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.
301-2-бап. Арызды қарау
1. Осы Кодекстің 301-1-бабында белгіленген мерзімдерде келіп түскен арыз жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
2. Арызды сот арыз берушінің және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың сотқа келмеуі істі қарауға және шешуге кедергі болмайды.
301-3-бап. Соттың арыз бойынша шешімі және оның орындалуы
1. Соттың шешімі осы Кодекстің 228-бабының талаптарына сәйкес шығарылады.
2. Соттың шешіміне шешімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде апелляциялық шағым берілуі, апелляциялық өтінішхат келтірілуі мүмкін.»;
5) 466-баптың екінші бөлігі 10) тармақшасындағы «болған жағдайларда қарайды.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда прокурордың талап қоюлары мен арыздары істерге негіз болған жағдайларда қарайды.»;
6) 476-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Шет мемлекеттердің соттары мен құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының соттарына жолданған құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды қабылдауды, егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де құзыретті органдары жүзеге асыра алады.».
9. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
3-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы «заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «заңнамасында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.».
10. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
1) 12-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «195 (төртінші бөлігі),» деген сөздер «195 (төртінші және бесінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 26-баппен толықтырылсын:
«26-бап. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жедел-іздестіру қызметі барысында өздері алатын, оның ішінде:
1) құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді;
2) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, ақпарат алу көздері мен тәсілдері туралы мәліметтерді;
3) егер заңда тыйым салынған әрекеттерді жасағаны туралы ақпарат болмаса, адамның жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.».
11-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
56-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;».
12-тармақ 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;»;
2) 14-2-бапта:
бірінші бөлік 7) тармақшасындағы «өзгерген кезде енгізіледі.» деген сөздер «өзгерген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі өзгерген кезде енгізіледі.»;
екінші бөліктегі «және 7)» деген сөздер «, 7) және 8)» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-тармақтың екінші абзацы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
50-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
13-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) банктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруі;»;
13-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтары 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
15) тармақшадағы «ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «ұсынуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша банктердің тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі банк құпиясын жария ету болып табылмайды.».
14-тармақ 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
14. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерді, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетілетін (берілетін) мәліметтерді қоспағанда, аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.»;
2) 20-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «коммерциялық» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына хабарлауға міндетті.»;
3) 21-баптың 2-тармағы 11) тармақшасындағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетуге (беруге) міндетті.».
15-тармақ 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
15. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға;».
16. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
3-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;»;
мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:
«3-5) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман - заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шартының негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;»;
16-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2-2) тармақшасында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Клиенттің - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингінің субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттарының және акцияларын ұстаушылар тізілімінің, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері тізілімінің не басқа да көздерден алынған мәліметтердің негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын анықтайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер бенефициарлық меншік иесін анықтау кезінде заңды тұлға берген ақпарат заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмеген және мұндай заңды тұлғаның қызметі кірістерді заңдас тыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, қаржы мониторингінің субъектісі мұндай заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды тоқтатуға немесе оларды орнатудан бас тартуға міндетті.»;
16-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі
1. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
2. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) заңды тұлғаның атауы;
2) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
4) заңды мекенжайы;
5) заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы;
8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
9) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің меншік үлесінің мөлшері;
10) бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).
3. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган:
1) өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
2) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты беруі;
3) уәкілетті органның өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберуі;
4) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі;
5) қаржы мониторингі субъектілерінің өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі арқылы жүргізеді.
4. Уәкілетті орган бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінен заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі туралы ақпарат пен мәліметтерді:
1) өздерінің бақылауындағы субъектілер бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына;
2) құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға;
3) қаржы мониторингі субъектілеріне беруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган берген ақпарат дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
5. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
16-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
4) 12-3-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау, уақтылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
5) 18-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «Құқық қорғау органдары» деген сөздер «Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен электрондық нысанда беріледі.»;
6) 19-4-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган шетелдік соттарға Қазақстан Республикасынан шығарылған ақшаның және (немесе) өзге де мүліктің құқықтық мәртебесін немесе меншік құқығын белгілеу туралы азаматтық талап қоюларды беру бойынша жұмыс жүргізеді.».
17. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) соттардың талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары, сондай-ақ соттардың алдын ала қамтамасыз ету шаралары немесе алдын ала қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы ұйғарымдары;»;