16. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;№ 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектердiң, жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдардың, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.»;
2) 28-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог жұмыскерлердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектердің құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.»;
3) 47-бапта:
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;»;
17-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.»;
4) 56-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.».
17. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 3-тармағы «әлеуметтік қызметтер» деген сөздерден кейін «денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау тәртібін;
әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау тәртібін;
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдарда ішкі құжаттаманы жүргізу тәртібін;
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдарда киімді және жұмсақ мүкәммалды есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
3) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 13-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мыналарға:
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге;
тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерге;
баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне жазбаша өтініш беру арқылы жүгінеді.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мынадай:
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау;
баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;»;
4) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуметтік жұмыскер осы Заңның 13-бабында көрсетілген адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша осы Заңның 8-бабы 2) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды және айқындауды жүргізеді.»;
5) 15-баптың 1, 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемдерін ұсыну бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда олар аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдайды.
Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдағанға дейін осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерде, олар бюджет қаражаты есебінен ұсынылған (көрсетілген) жағдайда тұра алады.
3. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынудан бас тартылған жағдайда аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды жүргізу және оны айқындау үшін ұсынылған құжаттарды қайтарады.»;
«7. Баспанасыздық, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұратын жеріне қарамастан ұсынылады.».
18. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
61-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүгедектердің жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары, мүгедектердің техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдары мен арнайы жүріп-тұру құралдары.».
19. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 65-2-баппен толықтырылсын:
«65-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
1. Мүгедектердің азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін әуежайларда:
1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектердің кезекші кресло-арбасының болуы;
4) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
2) 77-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған зембілдерді және мүгедектердің кресло-арбасын өздерімен жүк ретінде тегін алып жүруге қосымша құқығы бар.».
20. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
134-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
4-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;».
21. «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
35-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;».
22. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 10 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;»;
2) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;»;
3) 10-баптың 3), 5) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;»;
«5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;»;
«8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;»;
4) 11-баптың 1), 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;»;
«3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;»;
«6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;».
23. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
23-тармақтың 1) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
23-тармақтың 1) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.»;
23-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
23-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтары 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
2) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға жасы бойынша зейнетақы төлемдері:
1) егер жасы бойынша зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген көлемде;
2) осы Заңның 15-бабына сәйкес есептелген жасы бойынша зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.
Жасы бойынша зейнетақылардың тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жеке банктік шотына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
23-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
23-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жасы бойынша зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.»;
3) 68-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Заңның 65-бабына сәйкес тағайындалған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жеке банктік шотына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.».
24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):