19-тармақтың 22) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде елу жасқа толған;».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 15-тармағы 2) тармақшасының он бірінші абзацын және 9) тармақшасының алтыншы абзацын;
2) 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 23-тармағы 1) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарын және 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 2016 жылғы 1 наурызға дейін осы Заңның 1-бабы 23-тармағы 1) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары және 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы алушының медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.»;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
1) егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген көлемде;
2) осы Заңның 15-бабына сәйкес есептелген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жеке банктік шотына жүргізіледі.»;
«Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.»;».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 3-і.
№ 433-V