3) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың бар екендігі туралы тексеру актісінің, қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» бар екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық актінің көшірмелері (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан ерте емес берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GМP) сертификатын ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;
4) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өнім берушілердің беру күніне сәйкестігі туралы кепілдік хат.
215. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) қолданыстағы құжаттың көшірмесі немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, конверттерді ашу сәтіне мемлекеттік тіркелуін растайтын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді көшірме не уәкілетті органның тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсаты;
2) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау үшін жағдайлардың бар екендігі туралы тексеру актісінің, қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» бар екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан ерте емес берілуге тиіс).
Объектінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі болған кезде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген актілер ұсынылмайды;
3) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат.
216. Әлеуетті өнім беруші бір лот шеңберінде бір рет дәрілік заттардың әрбір атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша басшы немесе әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамы қол қойған бір бастапқы, түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын және хабарланған көлемін ескере отырып, бірақ жиырма бес пайыздан жоғары емес болатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге сыйақы мөлшерін ұсынады.
Бастапқы баға ұсынысы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтініммен бірге ұсынылады. Түпкілікті (қажет болған кезде қосымша) баға ұсынысы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша аукцион өткізілетін күні ұсынылады. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына (бастапқы, түпкілікті немесе қосымша) фармацевтикалық қызметтер көрсетумен байланысты барлық шығыстар қосылады.
217. Әлеуетті өнім берушінің тиісті баға ұсынысын ұсынуы хабарландыруда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісім білдіру нысаны болып табылады.
218. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге, кері қайтарып алуға құқығы, сондай-ақ тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға құқығы бар. Тендерлік өтінімді кері қайтарып алу туралы әлеуетті өнім берушінің хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге және оларды қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
3-параграф. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету
219. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға:
1) хабарландыруда көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құнын және олардың көлемдерін қамтитын ұсынылған өтінімнің сомасынан бір пайыз мөлшерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
2) әрбір лот бойынша медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерде медициналық техниканы;
3) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағасы және дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағасына белгіленетін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақының шекті мөлшері (жиырма бес пайыз) бойынша мәлімделген көлемдері ескеріле отырып, лоттың жалпы құнын қамтитын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша сомадан бір пайыз мөлшерде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші бірнеше лоттар бойынша қатысқан жағдайда әрбір лот бойынша бөлек тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсына алады. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 26 және 33-тармақтарында көрсетілген лоттарды ұсынған, тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету мерзімі тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі күнінен бастап кемінде алпыс жұмыс күні болуға тиіс жағдайларды қоспағанда, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс.
Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі екі кезеңдік тендерді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап кемінде алпыс жұмыс күні болуға тиіс
220. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін ұсынбаған кезде осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі қаралмай қайтарылады.
221. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктік кепілдіктің түпнұсқасы.
222. Әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін тұтастай не енгізілген кепілдікті ақшалай жарна бөлігінде үшінші тұлғаларда талап ету құқығының пайда болуына әкелетін әрекеттер жасауға жол берілмейді.
223. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) екі кезеңдік тендердің атауы, оның хабарланған күні;
2) кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу күні мен уақыты.
224. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тиісті лоттар бойынша қайтарылмайды, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе (бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес енгізілген өзгерістерді қоспағанда);
2) жеңімпаз екі кезеңдік тендер жеңімпазы болып танылғаннан кейін өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасаудан бас тартса;
3) жеңімпаз өнім беру шартын, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе;
4) осы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын баға ұсынысын берсе;
5) осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте бастапқы баға ұсынысын бермесе;
6) екінші орын алған өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан бас тартса;
7) екінші орын алған өнім беру шартын жасап, өнім беру шартын және қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді мерзімінде енгізбесе;
8) осы Қағидалардың 26 және 33-тармақтарының негізінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудан жалтарса;
9) Қағидалардың 27-тармағының негізінде онымен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын осындай шартты жасаудан жалтарса.
225. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасын бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылған (жеңімпазды және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда);
3) өнім беру шарты күшіне енген және жеңімпаз шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
226. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасу туралы лизинг берушінің хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
227. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуды комиссия екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күні, уақытта және орында жүргізеді.
Конверттерді ашқаннан кейін келесі жұмыс күні комиссия бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына регламентті орналастыру арқылы осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетілген бірыңғай дистрибьютор бекіткен регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді.
228. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашудың соңғы мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
229. Хабарландыруда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттер ашылуға тиіс.
230. Тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдаланатын аудиожазба мен бейнежазбаның техникалық құралдары туралы комиссияны хабардар етеді.
231. Конверттерді ашу кезінде комиссия отырысында:
1) комиссия хатшысы қатысушыларға комиссияның құрамы; белгіленген мерзімде тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілер; әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар-жоғы туралы хабардар етеді; осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған адам тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашады, құжаттар тізбесін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын жария етеді.
232. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін алдын ала қарайды.
233. Комиссия хатшысы тендерлік өтінімдерді ашу күнінен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сарапшыға қарау үшін ұсынады.
234. Комиссия тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ашу және алдын ала қарау хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
235. Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын бұзған әлеуетті өнім берушілерге комиссияның ескертулерін жоюға жол берілмейді.
236. Комиссия енгізілген тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;
2) комиссияға:
тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін екі кезеңдік тендердің атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін;
тендерлік өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
оның пайдасына тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын көрсететін тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеуі;
3) енгізілген тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің осы Қағидалардың 222-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
237. Тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарау нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
Тендерлік өтінімдерді ашу және алдын алу қарау хаттамасы тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарауды өткізу орны мен уақыты;
2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3) оларды ұсыну және тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну күні мен уақытын көрсетіп, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін (бар болса) өздерінің тендерлік өтінімдерін кері қайтарып алған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімінен кейін тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);
6) тендерлік өтінімдерді ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім беруші басшысының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
7) әлеуетті өнім берушілер екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынған тендерлік өтінімдердің тізімдемесі;
8) олар қатысатын лоттардың нөмірлерін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын көрсетіп, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
9) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
10) тендерлік өтінімдеріне себептері көрсетілген ескертулері бар әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
11) олар бойынша тендерлік өтінімдер ұсынылмаған лоттардың нөмірлері;
12) олар бойынша екі тендерлік өтінімнен аз ұсынылған лоттардың нөмірлері;
13) олар бойынша отандық тауар өндірушілер тендерлік өтінімдер ұсынған лоттардың нөмірлері;
14) отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушімен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалуы мүмкін лоттардың нөмірлері;
15) лоттардың нөмірлерін көрсетіп, беру шарттарын жасауға басым құқыққа үміткер әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
16) тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарау хаттамасы жарияланған күннен басталатын, оның ішінде ескертулер жойылуға тиіс мерзімі (үш жұмыс күні).
238. Ашу және алдын ала қарау хаттамасына шешім қабылданған күні комиссияның барлық мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.
239. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға комиссияның ескертулері бойынша алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімде тендерлік өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген тендерлік өтінімге толықтыруларды ұсынады. Ашу және алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың ұсынған ескертулерінен басқа әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімге толықтыруларын комиссия қарамайды.
240. Тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия регламентке сәйкес жүзеге асырады. Толықтыруларды ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
241. Толықтырулар салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашу мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
242. Комиссия тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ашқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді қайта қарайды.
243. Тендерлік өтінімдерді қайта қарау кезінде комиссия:
1) ашу және алдын ала қарау хаттамасы тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін оларды осы Қағидалардың талаптарына толық сәйкес келтіру мен ескертулерді жою тұрғысында қайта қарайды;
2) толық емес, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тізбесін ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.
244. Тендерлік өтінімдерде қамтылған ұсынылған мәліметтердің дәйектілігі күмән келтірген жағдайда комиссия жетіспейтін құжаттармен толықтырумен не тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен байланысты әрекеттерін қоспағанда, комиссияның қажетті шаралар қабылдауына жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не таратылу рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде қарайды.
245. Қайта қарау нәтижелері бойынша аукционға жіберу хаттамасы жасалады, оған барлық комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды және қайта қарау мерзімі өткеннен кейін келесі күні бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады.
246. Аукционға жіберу хаттамасы мынадай ақпараттан тұрады:
1) аукционды өткізу орны, күні мен уақыты;
2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3) тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ашу рәсіміне қатысатын әлеуетті өнім беруші басшының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) комиссияның тендерлік өтінімдерге ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ұсыну туралы ақпарат;
6) осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімдері тұтастай немесе лот бойынша себептері көрсетіліп, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
7) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
8) лоттардың нөмірлерін көрсетілген, беру шарттарын жасауға басым құқық берілген әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
9) осы Қағидалардың 5 және 6-тарауларына сәйкес олар бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған лоттардың нөмірлері;
10) осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес лоттарын көрсетіп, берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалатын отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
11) бәсекелестік ортаның болмауына байланысты аукционға қатыспайтын бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген лоттардың нөмірлері;
12) комиссияның әлеуетті өнім берушілерді аукционға жіберу туралы шешімі.
5-параграф. Тендерлік өтінімді қабылдамау негіздемелері
247. Комиссия:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
2) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынылған;
3) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынған;
4) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті екендігі және салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы хатының түпнұсқасы немесе көшірмесі ұсынылмаған;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;
6) заңды тұлғаға арналған жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен ерте емес құрылтай шартының көшірмесін ұсынылмаған;
7) тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) ұсынылмаған;
8) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туралы расталатын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өткізуге арналған рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмаған;
9) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
10) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген төлем мерзімдері өзгерген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;
11) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкес қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;
12) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтама беру күнінің алдындағы үш айдан артық созылған әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болған;
13) әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін банктің немесе банк филиалының анықтамасын ұсынған;
14) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;
15) әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін біліктілік туралы мәліметтерді ұсынған;
16) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және хабарланған шарттарға сәйкес техникалық ерекшелікті, сипаттаманы ұсынбаған;
17) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыруға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті, сипаттаманы ұсынбаған;
18) біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйекті ақпарат ұсынбау фактісі анықталған;
19) әлеуетті өнім берушіге қатысты банкроттық не тарату рәсімін жүргізу фактісі анықталған;
20) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
21) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмелері ұсынылмаған не егер көрсетілген актілер тиісті дистрибьюторлық практика сертификаты (GDP), тиісті дәріханалық практика сертификаты (GРP), тиісті өндірістік практика сертификаты (GМP) ұсынылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттер ашылған күнге дейінгі бір жылдан кешіктірілмей ұсынылған;