22) мәлімделген медициналық техниканың техникалық ерекшелігі тіркеу куәлігінде және (немесе) олардың тіркеу дерекнамасында айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақталуына сәйкес келмеген;
23) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
24) осы Қағидалардың 26, 33-тармақтарында көзделген;
25) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі хабарланған екі кезеңдік тендер шарттарында көрсетілгеннен қысқа болса;
26) бастапқы баға ұсынысы берілмеген не әлеуетті өнім берушінің қол қойылмаған және мөрмен бекітілмеген бастапқы баға ұсынысы берілген;
27) тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан жоғары бастапқы баға ұсынысы ұсынылған;
28) сарапшы немесе сарапшылар әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың сипаттамалары және/немесе техникалық ерекшелігі бірыңғай дистрибьютордың тізіміне және осы Қағидаларда белгіленген сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған;
29) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде тұрған;
30) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауы 14-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеген;
31) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы ақпарат ұсынылмаған;
32) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісім ұсынылмаған;
33) әлеуетті өнім беруші сатып алудың жеңімпазы болып танылған жағдайда, өзінің бірлесіп орындаушыларымен фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасау туралы оның фармацевтикалық қызметті көрсетуге арналған бірлесіп орындаушылардың тізбесі ұсынылған және бірлесіп орындаушылардың мекенжайы көрсетілген кепілдік хат ұсынылмаған;
34) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату туралы кепілдік хат ұсынылмаған;
35) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат ұсынылмаған жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.
6-параграф. Аукцион
248. Төмендетуге арналған аукцион аукционға жіберу хаттамасында көрсетілген уақытта басталады. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті адамының қатысуын қамтамасыз етеді.
249. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша аукцион өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынылатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға бастапқы, түпкілікті баға ұсыныстарын және (немесе) лот бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы сомасында пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін сыйақы мөлшерін төмендету жағына қарай өзгерткен жағдайда әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарына және (немесе) сыйақы мөлшеріне тиісті өзгерістерді ұсынады.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сыйақы мөлшерін өзгерту рәсімі баға ұсыныстарын өзгерту рәсіміне ұқсас.
250. Хатшы не комиссия мүшесі екі кезеңдік тендердің қатысушыларына барлық бастапқы баға ұсыныстарын, сондай-ақ лот бойынша аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін лоттың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін хабарлайды, одан кейін бастапқы баға ұсынысын, сыйақының мөлшерін азайтуды және түпкілікті баға ұсынысын және сыйақының өзгертілген мөлшерін беруді ұсынады.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезіндегі аукционның қадамы аукционға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған лот бойынша ең төмен бағадан кемінде жарты (0,5) пайызды құрайды.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде аукционның қадамы аукционға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған лот бойынша ең төменгі бағадан кемінде бес пайызды құрайды.
251. Түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын қабылдауға оларды қабылдаудың басталғаны туралы хабарланған сәттен бастап есептелетін бес минутқа дейін уақыт бөлінеді. Егер бастапқы баға ұсынысын енгізген әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын енгізбесе, онда оның бастапқы ұсынысы түпкілікті ретінде қабылданады.
252. Екі немесе одан да көп бірдей ең төмен түпкілікті баға ұсыныстары берілген жағдайда, ең төмен бағаны айқындау үшін түпкілікті болып есептелетін қосымша баға ұсынысын беруге рұқсат етіледі.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттардың құнынан және оларды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін төленетін сыйақы мөлшерінен тұратын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жиынтық құны ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.
253. Тауарларды сатып алу кезінде лот бойынша ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
254. Егер әлеуетті өнім берушілер лот бойынша екі және одан да көп бірдей ең төменгі түпкілікті баға ұсынысын берсе, тендерлік өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
255. Ең төмен баға ұсынысынан кейінгі келесі екі және одан да көп бірдей соңғы бағалар ұсынылған жағдайда, ең төменгі баға ұсынысынан кейінгі келесі бірдей соңғы баға берген әлеуетті өнім берушілердің арасынан тендерлік өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
256. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі түпкілікті баға негізінде айқындалады.
257. Бірдей бағалар ұсынылған жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалмайды.
258. Аукцион өткізу кезінде лот бойынша баға ұсынысын қабылдамау негіздемелері:
1) түпкілікті баға ұсынысы (қосымша баға ұсынысы болғанда) осы Қағидалардың 216-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және осы лоттың саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары түпкілікті баға ұсынысы (қосымша баға ұсынысы болғанда) берілген жағдайда. Бұл ретте, егер лот бойынша аукционға қатысатын екі әлеуетті өнім берушіден аз қатысса, комиссия бәсекелестік ортаның болмауына байланысты мұндай лотты өткізілмеді деп таниды және бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
259. Аукцион өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде комиссия екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасына барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары әр парағына бұрыштама қол қояды және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялануға тиіс және онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) аукционның күні, басталу мен аяқталу күні, уақыты;
2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы мен орналасқан жері (мекенжайы);
4) лоттардың атауы мен қысқаша сипаты;
5) екі кезеңдік тендер қорытындысы бойынша айқындалған ең төмен баға (бар болса);
6) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың саны, бағасы және сомасы көрсетілген жеңімпаздардың атаулары (бар болса);
7) лоттың бағасы және екінші орын алған (ол айқындалған жағдайда) әлеуетті өнім берушінің атауы;
8) екі кезеңдік тендерді не оның жеке лотын өткізілмеді деп тану негіздемесі (мұндай жағдай туындаған кезде);
9) аукционға қатысқан кезде негіздемесі көрсетіле отырып, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);
10) өнім беру шартына қол қойылуға тиіс мерзім;
11) лоттарды көрсетіп, осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес олармен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын, отандық өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
12) осы Қағидалардың 18-тарауына сәйкес лоттар көрсетілген бір көзден сатып алу тәсілі қолданылмай олармен өнім беру шарты жасалған осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің атаулары.
260. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің қорытындыларының хаттамасының тігілген түрде, парақтары нөмірленіп, бірыңғай дистрибьютордың мөрімен куәландырылған, doc* форматында қағаз және электрондық түрде, екі кезеңдік тендер жеңімпазының техникалық ерекшеліктерінің көшірмелері қоса берілетін көшірмелерін бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендердің қорытындысын шығарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік тендердің жеңімпаздарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алу шарттарын немесе қаржы лизингі шартын жасау үшін тапсырыс берушіге немесе лизинг берушіге қабылдау-беру актісі бойынша беруге тиіс.
261. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен тендердің қорытындылары туралы хаттаманың нотариат куәландырған көшірмелерін алған күннен бастап тапсырыс берушілер он жұмыс күнінен, лизинг беруші он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпаздармен, олар жалтарған жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілермен жалтару сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алу шарттарын немесе қаржы лизингі шартын жасасады.
262. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1) ұсынылған тендерлік өтінімдер болмаса;
2) бірде бір әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға жіберілмесе;
3) аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;
4) аукционға қатысушы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарының қабылданбауы нәтижесінде аукционды өткізу кезінде екеуден аз әлеуетті өнім берушілер қалса;
5) осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайлар туындаған кезде өткізілмеді деп танылады.
263. Осы Қағидалардың 18-тарауының талаптарын ескере отырып екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылып өткізілген тендердің нәтижелері бойынша өнім беру шартын бірыңғай дистрибьютор жасайды.
264. Егер берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін лотқа осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім беруші отандық тауар өндіруші болып табылса, онымен осы Қағидалардың 21-тарауының талаптарына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбастан ұзақ мерзімді шарт жасалады.
265. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор мынадай:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
2) екі кезеңдік тендердің шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы;
4) тапсырыс берушілердің қажеттілігі болмаған жағдайда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы;
5) сатып алуды ерекше тәртіппен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Медициналық техника сатып алуды ұйымдастыру кезінде осындай шешімді лизинг беруші не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
15-тарау. Сатып алу веб-порталы арқылы сатып алу
1-параграф. Сатып алу веб-порталы арқылы екі кезеңдік тендерді жүзеге асыру тәртібі
266. Сатып алу веб-порталында екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тендерлік комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құру, комиссияның хатшысын айқындау;
сатып алу веб-порталында екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушілердің екі кезеңдік тендерге қатысуға электрондық құжат нысанындағы тендерлік өтінімдер беру және олардың сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркеу;
тендерлік өтінімдерді автоматты түрде ашу және сатып алу веб-порталына тиісті ашу хаттамасын орналастыру;
олардың біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін, бастапқы баға ұсыныстарын, сондай-ақ сатып алу веб-порталының көмегімен осы Қағидаларда көзделген шектеулердің болмауын комиссияның алдын ала қарауы, қажет болған кезде сарапшыны немесе сарапшыларды тарту;
комиссия хатшысының әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін алдын ала қарау хаттамасын қалыптастыруы және оны сатып алу веб-порталына жариялауы;
әлеуетті өнім берушілердің ұсынылатын тауарлардың бағаларын қоспағанда, тендерлік өтінімдерді және бастапқы баға ұсыныстарын осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келтіруі;
әлеуетті өнім берушілердің екі кезеңдік тендерге қатысуға берілген біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірілген тендерлік өтінімдерін қайта қарау;
біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау;
осы кезең үшін осы Қағидаларда көзделген жағдайларда екі кезеңдік тендерді немесе оның жекелеген лоттарын өткізілмеді деп айқындау;
сатып алу веб-порталымен әлеуетті өнім берушілердің бастапқы баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау;
комиссия хатшысының аукционға жіберу хаттамасын қалыптастыруы және оны сатып алу веб-порталына жариялауы;
2) екінші кезеңде:
әлеуетті өнім берушілердің бастапқы бағаларын салыстыру арқылы сатып алу веб-порталы арқылы аукцион өткізу;
екі кезеңдік тендердің қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастыру және оны сатып алу веб-порталына орналастыру.
267. Екі кезеңдік тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және әрбір екі кезеңдік тендерге бөлек оның құрамын бекітеді және сатып алу ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидалардың 14-тарауының 1-параграфына сәйкес сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
268. Бірыңғай дистрибьютор ол екі кезеңдік тендер өткізу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу веб-порталына мемлекеттік және орыс тілдерінде екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды орналастыру тәртібі, оның мазмұны осы Қағидалардың 14-тарауының 1-параграфында белгіленген.
269. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін беріледі және хабарландыруда белгіленген талаптармен және шарттармен әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына және шектеулерге оның сәйкес келуін растауы болып табылады.
Бірыңғай дистрибьюторға ұсынылатын екі кезеңдік тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуеті өнім берушінің екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімі осы Қағидалардың 212, 214-тармақтарында аталған құжаттарды, сондай-ақ бастапқы баға ұсынысын қамтуға тиіс.
Бұл ретте талап етілетін құжаттар банктік кепілдік түрінде ұсынылатын кепілдікті қамтамасыз етуді қоспағанда, электрондық көшірмелер түрінде, қажет болған кезде сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе оның уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қолы қойылған нотариат куәландырған құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.
Осы Қағидалардың 212, 214-тармақтарында аталған құжаттарды, сондай-ақ бастапқы баға ұсынысын беру тәртібі осы Қағидалардың 14-тарауының 2-параграфында белгіленген.
270. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім екі кезеңдік тендерге қатысуға тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім берушіге сатып алу веб-порталы арқылы тиісті хабарлама автоматты түрде жөнелтілген кезден бастап қабылданған болып есептеледі. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға тек бір ғана тендерлік өтінім береді.
271. Әлеуетті өнім берушінің екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімі мынадай жағдайларда сатып алу веб-порталында автоматты түрде қабылданбайды:
1) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші бұрын ұсынса;
2) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім сатып алу веб-порталына осы екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;
3) бастапқы баға ұсынысы сатып алынатын тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асырылса.
Әлеуетті өнім берушінің екі кезеңдік тендерге қатысу үшін ұсынатын екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде қырық бес жұмыс күнін құрайды.
Әлеуетті өнім берушілер екі кезеңдік тендерге қатысу үшін берген тендерлік өтінімдер сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркеледі.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде кез келген уақытта екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін екі кезеңдік тендерге қатысуға енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді кері қайтарып алу құқығын жоғалтпай, өзінің екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынылған тендерлік өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алуға жол берілмейді.
Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарламасы сатып алу веб-порталы арқылы, бірақ тендерлік өтінімдер берудің соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
2-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
272. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тендерлік өтінімде көрсетілген тауарлардың сомасынан бір пайыз мөлшерде енгізіледі.
Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі кемінде екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімін құрайды.
273. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерін таңдай алады:
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігінің түпнұсқасы.
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғада енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап қою құқығының туындауына әкелетін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.
өткенге дейін тұтастай не енгізілген кепілдікті ақшалай жарна бөлігінде үшінші тұлғаларда талап ету құқығының пайда болуына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берілмейді.
274. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште банктік кепілдік түрінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы бірыңғай дистрибьюторға екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді берудің соңғы мерзіміне дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште банктік кепілдік түрінде енгізген кезде, бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендерге қатысуға кепілдікті қамтамасыз етуді алу фактісін осы Қағидалардың 223-тармағына сәйкес банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
275. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна түрінде енгізген жағдайда, онда ол сатып алу веб-порталы арқылы төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде тендерлік өтініммен бірге ұсынылады. Бұл ретте кепілдікті ақшалай жарна екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін хабарландыруда көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.
276. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге тиісті лоттар бойынша мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгерткен (осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге енгізілген өзгерістерді қоспағанда);
2) жеңімпаз екі кезеңдік тендер жеңімпазы болып танылғаннан кейін өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан жалтарған;
3) жеңімпаз беру немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбеген не уақтылы енгізбеген;
4) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған;
5) екінші орын алған тұлға өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан жалтарған;
6) екінші орын алған шарт жасаса отырып, өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді уақтылы енгізбеген;
7) осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтары негізінде шақырылған тұлға шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтармайды.
277. Әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;
2) екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасына қол қойылған (жеңімпазды және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда);
3) шарт күшіне енген және жеңімпаз шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша қайтарылады.
278. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасау туралы лизинг берушінің хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
3-параграф. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
279. Тендерлік өтінімдерді ашу сатып алу веб-порталында екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күні екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минуттың ішінде автоматты түрде жүргізіледі.
Бұл ретте сатып алу веб-порталы комиссия мүшелеріне, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілерге әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің ашылуы туралы автоматты түрдегі хабарлама таратады.
Екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынылған тендерлік өтінімдерді ашу хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) күні мен уақыты;
2) екі кезеңдік тендердің нөмірі;
3) екі кезеңдік тендердің атауы;
4) ұйымдастырушының атауы;
5) ұйымдастырушының мекенжайы;
6) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы туралы деректер;
7) сатылып алынатын тауарлардың атауы, саны мен жалпы сомасы көрсетілген лоттардың нөмірлері;
8) БСН (ЖСН)/СЖН/СЕН көрсетілген тендерлік өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары, әлеуетті өнім берушінің мекенжайлары, оларды беру күні және уақыты (хронология бойынша);
9) екі кезеңдік тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерлік өтінімдерде құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат;
10) олар қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген тендерлік өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары және олардың әрбір лот бойынша мәлімдеген бастапқы баға ұсыныстары.
280. Тендерлік комиссия сатып алу веб-порталы арқылы біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қарайды.
281. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді ашу күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның хатшысы олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында сарапшыға не сарапшыларға әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімде ұсынылатын тауарлар жөніндегі техникалық ерекшеліктерді қарау үшін ұсынады.