1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткізуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мамандарын тартады.
98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның өзiн-өзi реттейтiн ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығаруға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiне қатысты ықпал ету шараларын қолданады.
2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды
100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат
101-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 102-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102-бап. Эмитенттің ақпаратты жария етуі
1. Бағалы қағаздар нарығында ақпаратты жария ету деп Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы ақпаратты алу мақсаттарына қарамастан, осыған мүдделі барлық тұлғаларға оның қолжетімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында:
1) эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;
2) жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;
3) акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді;
4) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамын;
5) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін;
6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігін және эмитенттің аудиторлық есептерін («Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын эмитенттер аудиторлық есептерді жария етуді жүзеге асырады);
7) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару проспектісін;
8) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты ақпарат пен мәліметтерге қолданылмайды.
Эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін уәкілетті органның жойғаны туралы және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратқа қосымша қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
3. Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қор биржасының интернет-ресурсында осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жария етуді қосымша қамтамасыз етуге міндетті.
4. Шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңі деп мыналар түсініледі:
акциялар үшін - уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
облигациялар үшін - облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең, оның ішінде облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
пайлар үшін - уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
өзге эмиссиялық бағалы қағаздар үшін - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең, оның ішінде осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін.
5. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат деп:
1) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер;
2) эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер;
3) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістер;
4) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің мынадай шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органы қабылдаған:
акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру;
орналастыру (өткізу), оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы;
егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару;
ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешімдер;
5) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау;
6) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау;
7) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдар тізіміндегі өзгерістер;
8) акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы мәліметтер түсініледі.
Соның нәтижесінде акционерлік қоғам активтері мөлшерінің он және одан көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпарат мәміленің тараптары, сатып алынған немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ болған кезде, мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс;
9) эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі;
10) эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару;
11) құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу);
12) эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есепке жазылған сыйақыны толық өтеу туралы;
13) солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы;
14) сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау;
15) бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру);
16) мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі;
17) эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы мәліметтер түсініледі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты жариялаудың (бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің) өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитент осы ақпаратты ол туындаған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жария етеді.
Эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интрнет-ресурсында осы баптың талаптарына сәйкес ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жария етуді қамтамасыз етеді.
7. Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, жария етілуге жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ақпаратты қор биржасының интернет-ресурсында жария ету мерзімдері қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттеріне және халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi
Лицензиат:
1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң алдында оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
2) клиентке қаржы құралдары мен эмитенттер туралы лицензиаттың қолында бар ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) танысуға мүмкiндiк беруге;
3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактілері туралы хабардар етуге;
4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге;
5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге;
6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге;
7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткізуге;
8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) комиссиялық сыйақы мөлшерін бекіткен лицензиат органының атауын, лицензиат органының оларды бекіту туралы шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін клиенттерден - жеке тұлғалардан алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің танысуы үшін қолжетімді орында орналастыруға және оны жаңартылған қалпында ұстауға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге мiндеттi.
104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып көрсетуi
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында қызметтiк және коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi әдiстермен таратады.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртібі және өзіндегі аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртібі сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты жария етуi
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тiркелген тұлға орталық депозитарийге (нақтылы ұстаушыға) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі өз деректерiнiң өзгерістерi туралы мұндай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталық депозитарий (нақтылы ұстаушы) тіркелген тұлғадан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесіндегі және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі деректердiң өзгерістерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн тіркелген тұлғаның алдында жауапты болмайды.
3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.
106-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және (немесе) әділет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.
20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 108-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметін тексеру
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметіне тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, кәсіби ұйымдар мен эмитенттерді тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың үлестес тұлғаларының қызметін тек олардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне әсер ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
109-бап. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110-бап. Эмитенттің қызметін бақылау және қадағалау
Эмитенттердің қызметін бақылау және қадағалау тексеру жүргізу нысанында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нысандарда мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу тәртібі, мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі шарттарды сақтауы;
2) ірі мәмілелерді және жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу кезінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты жариялауы жөніндегі осы Заңда белгіленген талаптарды сақтау;
4) бағалы қағаздарды ұсатушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау;
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы.
111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау
Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:
1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 5) тармақшамен толықтырылды
5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.
112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган: