5) заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бір тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге;
6) объектілерді тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс берушіге бағалау туралы есеп табыс етуге;
7) бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзуге;
8) бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға;
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттік органдардың заңды түрде талап етуi бойынша оларға беруге мiндеттi.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Бағалаушының жауапкершiлiгi
Бағалаушы:
1) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын бұзғаны;
2) мемлекеттік құпиялар, коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi;
3) бұрыс бағалағаны;
4) бағалау өткізу үшiн өзiне берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпараттың сақталуы мен тұтастығы;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда мемлекеттік органдарға бағалау туралы есептердiң көшiрмелерiн немесе ақпаратты бермегенi үшiн жауапкершiлiкте болады.
2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1 тарау. Бағалаушылар палаталары
13-1-бап. Бағалаушылар палатасы
1. Бағалаушылар палатасы өзінің құрамына бағалаушыларды біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.
Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында бір ғана бағалаушылар палатасы құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
3. Бағалаушы палатаның құрылтай шартын және жарғысын таныған және бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
4. Бағалаушылар палаталары қауымдастық (одақ) нысанында Республикалық бағалаушылар палатасына бірігуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.
13-2-бап. Бағалаушылар палатасының функциялары
Бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалаушының іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін әзірлеу және бекіту;
2) бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау;
3) палатаға мүшелікке қабылдау және одан шығару негіздерін көрсете отырып, бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдау ережелері мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
4) өз мүшелерінің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарымен қатынастарында олардың мүдделерін білдіру;
5) өз мүшелерінің бағалау қызметі туралы заңнаманың, бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
6) бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру;
7) өз мүшелерінің ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
8) палатаның бағалаушысына палата бағалаушыларының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;
9) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес бағалаушылар палатасы мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы өтінішхат беру;
10) біліктілік комиссиясының құрамына кіргізу үшін өкілдер жіберу болып табылады.
13-3-бап. Республикалық бағалаушылар палатасы
1. Республикалық бағалаушылар палатасы өзінің құрамында Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалаушылар палаталарының жалпы санының жартысынан астамын біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Республикалық бағалаушылар палатасы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның атауында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Республикалық бағалаушылар палатасы» деген сөздер болмауға тиіс.
2. Республикалық бағалаушылар палатасының қызметі осы Заңмен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағында бір Республикалық бағалаушылар палатасы құрылады.
4. Республикалық бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарында бағалаушылар палаталарының мүдделерін білдіру;
3) бағалаушылар палаталарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) бағалау стандарттарын әзірлеуге қатысу;
5) бағалаушыларды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
6) тағылымдамадан өту тәртібі туралы ұсынымдар әзірлеу;
7) бағалаушылар палатасына бағалаушылар палаталарының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;
8) Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру болып табылады.
4-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Тапсырыс берушiнiң құқықтары
Тапсырыс берушiнiң:
1) бағалаушыдан бағалау жүргiзуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;
2) бағалаушының бағалау туралы есебi мен тұжырымдары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
3) бағалаушыдан бағалау жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi ақпарат алуға;
4) бағалаушы шарттың ережелерiн бұзған жағдайда оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқығы бар.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Тапсырыс берушінiң мiндеттерi
Тапсырыс берушi:
1) бағалаушыға шартқа сәйкес бағалауды дер кезiнде және сапалы жүргiзу үшiн жағдай жасауға;
2) бағалаушыға бағалауды жүргізу үшін қажет құжаттаманы, толық және дұрыс ақпарат табыс етуге, сондай-ақ қажетті түсініктемелер беруге, бағалаушының бағалау объектісіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
3) егер бағалаудың дұрыстығына терiс ықпал ететiн болса, бағалаушының қызметiне араласпауға;
4) бағалаушының талабы бойынша бағалауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат алуға өз атынан үшiншi бір тұлғалардың атына жазбаша сауал жiберуге мiндеттi.
16-бап. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Дауларды қарау
Бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалаушы мен тапсырыс берушінің арасында туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.
5-тарау. Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу
14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгерді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметiн бақылау
1. Уәкілетті орган осы Заңның талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауына бақылауды жүзеге асырады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 27 мамырдағы № 572 қаулысын қараңыз
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бағалау стандарттарын әзірлеу;
4) бағалау қызметін лицензиялау;
5) бағалау қызметімен айналысуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын өткізу;
6) бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту;
7) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметін лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер жеке тұлғалар олардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында біліктілік емтиханынан өткізіледі.
Біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрамына мүшелердің тақ саны кіретін кемінде бес адамнан тұратын біліктілік комиссиясы құрылады. Біліктілік комиссиясының құрамына бағалаушылар палаталарының өкілдері міндетті түрде кіреді, олардың саны комиссия құрамының жалпы санының кемінде екіден бірін құрауға тиіс.
Емтиханға «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімі бар адамдар жіберіледі.
Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткендігі туралы уәкілетті органның шешімін алады.
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
21-бап. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының