Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 698-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) 190-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;
2) 297-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 699-1-баппен толықтырылды
699-1-бап. Ғарыш қызметі саласындағы орган
1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 310, 311-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 700-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
700-бап. Денсаулық сақтау органдары
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 424 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде), 432, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (2-1 және үшінші бөліктерінде), 80-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 81 (бірінші бөлігінде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 432, 433 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 701-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 701-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 406-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстің 406-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда - мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы.
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 706-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 706-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), үшінші және төртінші бөліктерінде), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 709-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
709-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 143, 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388, 407-1, 407-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 710-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң - жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 712-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
713-бап. Монополияға қарсы орган
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 159 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 714-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 715-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
715-бап. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Техникалық реттеу, өлшемдердің ортақтығын қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 415-1 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419 (бірінші бөлігінде), 464, 638 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен Кодекс 715-1-баппен толықтырылды
715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.