2. Жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты, бекітілген инвестициялық бағдарлама негізінде тарифті айқындау тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.
3. Тарифті айқындау мемлекеттік-жекешелік əріптестік субъектісінің немесе уəкілетті органның бастамасымен жүргізіледі.
4. Тарифтің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік əріптестік субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламаны жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын іске асыру мерзімінен аспайтын кезеңге белгіленеді.
20-бап. Тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекiту
1. Уәкілетті орган:
1) алғаш рет құрылған табиғи монополия субъектісінің;
2) жаңа реттелетін қызметті (жаңа реттелетін қызметтерді) көрсететін табиғи монополия субъектісінің;
3) егер қолданыстағы тариф объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелері сатып алынған (салынған) жағдайда;
4) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетiлетiн қызметiне тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекітедi.
2. Өтінімді қарау ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
4. Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифті қолданысқа енгізу тариф бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
5. Осы баптың 1-тармағында аталған табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тариф тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып, күнтізбелік бір жылға бекітіледі.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф көтерілген жағдайда, уәкілетті орган жаңа тарифтерді енгізумен бір мезгілде табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алған кірісін тұтынушыларға өтеу туралы шешім қабылдауға міндетті.
6. Осы баптың 1-тармағында аталған табиғи монополиялар субъектілері тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін қамтитын ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.
7. Жасалған мәміленің немесе банкрот деп танылған борышкер − табиғи монополия субъектісінің мүліктік массасын өткізудің нәтижесінде оның активтері өз меншігіне түскен табиғи монополия субъектісі жаңа тариф бекітілгенге дейін, бірақ активтер түскен күннен бастап алты айдан асырмай, осы активтердің алдыңғы меншік иесі үшін бекітілген тариф бойынша тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуды жалғастырады.
8. Уәкілетті орган тариф оңайлатылған тәртіппен бекітілетін кезде ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.
21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту
1. Инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасының даму басымдықтары және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленеді және:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, жаңа активтерді жасауға;
2) энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға;
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді.
2. Инвестициялық бағдарламаны:
1) уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуі тұрғысынан;
2) құзыреті осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген өзге мемлекеттік орган не жергілікті атқарушы орган, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында технологиялық негізділік және реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру тұрғысынан қарайды.
3. Инвестициялық бағдарламаның жобасын қараған кезде:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін;
2) қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілмеген;
3) негіздейтін құжаттармен расталмаған іс-шаралар алып тасталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шараларын алып тастау инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
4. Құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органның, өзге мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуы тарифті бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту қабылданады.
5. Инвестициялық бағдарлама тарифтің қолданылу мерзіміне бекітіледі.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатының қайтарылуы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру үшін тартылған қаражаттың қайтарылуы:
тарифте есепке алынған пайданың және амортизациялық аударымдардың есебінен;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Табиғи монополия субъектісі құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін бір мезгілде жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік бағдарламалар және (немесе) ұлттық жобалар, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары іске асырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Уәкілетті органның және (немесе) тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополия субъектісінің энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішін қарау тәртібі мен мерзімдері тарифті қалыптастыру қағидаларында белгіленеді.
8. Табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапы міндеттемелерін орындамауы, конкурсты (тендерді) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдары) бойынша орындамаған жағдайда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдері олар іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін келесі күнтізбелік жылға ауыстырылуы мүмкін.
Бекітілген ивестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдерін қайта ауыстыруға жол берілмейді.
22-бап. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі
1. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге мыналар негіздер болып табылады:
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның және (немесе) шығындары бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген жасалған қарыз шарты талаптарының, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының өзгеруі;
5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;
6) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;
8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
9) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-2) тармақша өзгертілді
9-2) осы тармақтың 9-3) және 9-4) тармақшаларында көзделген жағдайды қоспағанда, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9-3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.
Бұл ретте осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгертуге негіз болып табылады;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-4) жыл статистикасының деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысы республика бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысының деңгейіне жетпеген жағдайда, бекітілген тарифтік сметада Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тиісті деңгейге жеткенге дейін бір жұмыскердің жалақысы деңгейін жылына жиырма пайыздан асырмай ұлғайту есеп-қисабы қолданылады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) табиғи монополия субъектісіне «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана» маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) және 10) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша - жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган бекіткен тарифті бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту негізі бойынша табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге өтінім беру жөнінде қосымша бастамамен бір жыл ішінде жүгінуге құқылы.
4. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға негіздейтін материалдармен қоса өтінім ұсынады.
Уәкілетті органның тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 9-2), 9-2) 9-3) және 9-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 9-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
3) осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Тариф уәкілетті органның бастамасы бойынша өзгерген жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есеп-қисаптар мен материалдарды ұсынуға міндетті.
5. Егер өтінімді қараған кезде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны мерзімді, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.
Бұл ретте өтінімді қарау табиғи монополия субъектісін бұл жөнінде хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
6. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгертілген тарифті қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті орган ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.
8. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.
23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы
1. Осы бап және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары мыналарды:
1) мемлекеттік сатып алуды;
2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
3) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алуды;
5) қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) шығындары тариф бекітілетін кезде есепке алынбайтын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бір көзден алу тәсілімен;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) биржалық тауарды сатып алушы ретінде тауар биржаларында жүзеге асырылады.
Биржалық тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Табиғи монополия субъектісі біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөледі.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасында жүзеге асырылады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты құқықтық қатынастардың ерекшеліктері мен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында айқындалады, оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аяқталғанға дейін қолданылады.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-12-бабына сәйкес белгіленеді.
3. 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өткізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
5. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу:
1) конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған;
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша сатып алынған;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
4) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау, оның ішінде төтенше жағдайлардың зардабын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан, аварияларды жою үшін сатып алынған;
5) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
6) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мынадай:
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткізілетін мүлік (активтер) сатып алынған;
8) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында осындай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынған;