Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер бөлігінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітуді жəне бекітілген бағдарламасына өзгерістер енгізуді су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады;
14) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
15) уақытша өтемдік тарифті бекітеді;
16) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім береді, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдайды;
17) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен жəне күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу жəне (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кəсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды айқындайды;
18) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
19) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiктерін жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
20) табиғи монополиялар субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің əрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу əдістемесін келіседі;
21) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнеді;
22) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізеді;
23) табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың өтініштерін қарайды;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) тарифті қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобаларын, оларға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды
24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 24-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға мүлікті сенімгерлік басқару шартын және (немесе) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті беру шартын келіседі;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 24-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
24-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 24-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
24-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік жергілікті атқарушы органдардан немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алу кезінде, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізеді;
26) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;
27) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге тарифтің болжамды индексін айқындайды;
28) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекітеді;
29) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекітеді;
30) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне жыл сайын түзету жасайды;
31) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындайды;
32) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
33) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
33-1) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 33-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
33-2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына бір реттен сиретпей тұтынушыларды қабылдауды жүргізеді;
35) жергілікті атқарушы органдарға есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларына келісім береді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 35-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-1) жергілікті атқарушы органдарға немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келіседі;
36) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлемақы алу мөлшеріне келісім береді;
37) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті
Энергетика, теміржол көлігі, газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және көтерме саудада өткізу, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және тұтыну, су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар:
1) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, бəсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын уəкілетті органмен бірлесіп бекітеді жəне оған өзгерістер енгізеді;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уəкілетті органға жібереді;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тəртіппен уəкілетті органға жібереді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-3) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, уəкілетті орган айқындайтын тəртіпке сəйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі жəне табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополиялар субъектілерімен және энергия өндіруші ұйымдармен бірлесіп, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын айқындай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
2) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын уәкілетті органмен бірлесе отырып бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміндегі табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша, ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;
3) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді және олар бекітілгенге дейін бір ай бұрын жария тыңдаулар өткізеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру
1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып табылады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына жол берілмейді.
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға реттеліп көрсетілетін қызметті тұтынушыларға ұсынуды бастаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне өзін енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
3. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу оған табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі республикалық және жергілікті бөлімдерден тұрады.
5. Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне екі және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Аэронавигацияның, порттардың, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізіледі.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметті өзі ұсынатын орны бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектісі дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша енгізіледі.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтатқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға өзін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен алып тастау туралы өтініш береді.
12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері
1. Тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларының мынадай тарифтік реттеу әдістері қолданылады:
1) шығындық;
2) ынталандыру;
3) индекстеу;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде тарифті айқындау.
2. Табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісі жиынтығында мынадай шарттар сақталған:
1) табиғи монополия саласын тарифтік реттеудің тиісті әдісін қолдануға табиғи монополия субъектісінің экономикалық және технологиялық әзірлігі болған;
2) табиғи монополия субъектісі мен тұтынушыларға олар орындай алмайтын міндеттерді жүктеуге жол берілмеген жағдайда қолданылады.
13-бап. Табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру
1. Табиғи монополия субъектісі:
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Табиғи монополия субъектісінің осы баптың 1-тармағында көзделген жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беруден, егер:
1) бұл тарифті жоғарылатуға алып келсе;
2) бұл тұтынушылармен жасалатын шарттардың бұзылуына алып келсе;
3) бұл тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келсе;
4) бұл реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың тығыз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуына немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуіне алып келсе;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету күнінен бастап он сегіз айдан аз болса;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға бекітілген уақытша өтемдік тарифке сәйкес өтеуді жүргізбесе;
5) осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылса не ұсынылған құжаттарда анық емес ақпарат (мәліметтер) қамтылса, бас тартылуға тиіс.
3. Егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға уәкілетті органның келісімін алу үшін табиғи монополия субъектісі иеліктен шығарылатын объектілер бойынша бөліністе иеліктен шығарылатын мүліктің атауы, типі, түрі, түгендеу нөмірі, бастапқы, қалдық құны көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме-растауды қоса тіркей отырып қоса өтінішхат ұсынады.
4. Табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастыруға немесе таратуға уәкілетті органның келісімін алу үшін:
1) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісінің көшірмесін;
2) бөлу, бөлініп шығу кезінде - бөлу балансының көшірмесін;
3) тарату кезінде - тарату балансының көшірмесін тіркей отырып қоса өтінішхат ұсынады.
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген жекелеген әрекеттерді жасау үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша осындай әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішхатты және осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
Қуаты аз табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастырылғанға немесе таратылғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпаратты жіберуге міндетті.
6. Табиғи монополия субъектісі өтінішхатқа қоса берілетін құжаттарды тізімдеме бойынша ұсынады.