«3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ Р/с | Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиілік диапазоны | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшер- лемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны | | |
1.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 81 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 15 |
1.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 361 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 65 |
1.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 957 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 174 |
1.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 1 353 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 245 |
1.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары | Астана, Алматы қалалары | 2 344 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 425 |
2. | Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны | | |
2.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 51 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 9 |
2.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 228 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 41 |
2.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 605 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 110 |
2.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін | Астана, Алматы қалалары | 855 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 155 |
2.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары | Астана, Алматы қалалары | 1 481 |
| | облыс және Шымкент қаласы | 269 |
»;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 44-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
44-1-бап. Салық кодексінің 69-тарауы 10-параграфының қолданысы халқының саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге қатысты 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
45-бап. Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы бірінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:».
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды
45-1-бап. Салық кодексінің 630-бабының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.
2. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы - активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндет алғаш туындауға байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация;
2) кезекті - жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша - жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдардың ұсынуын;
2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.»;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.
2. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы - активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндет алғаш туындауға байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация;
2) кезекті - жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша - жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдардың ұсынуын;
2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.»;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.
2. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы - активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндет алғаш туындауға байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация;
2) кезекті - жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша - жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдардың ұсынуын;
2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.».
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 45-2-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 45-2-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-2-бап. Салық кодексінің 631-бабының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:
жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен - теңізде» жүзетін кемелер;
көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, басқа мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы мүлік көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.».
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 45-3-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 45-3-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-3-бап. Салық кодексінің 633-бабының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.
46-бап. Салық кодексінің 645-бабы 9-тармағы 5) тармақшасы бірінші бөлігі үшінші абзацының және 8) тармақшасы үшінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«дивидендтер төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға дивидендтер есепке жазылған айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асырады деген шарттар орындалған кезде төлейтін дивидендтер.»;
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«дивидендтер төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға дивидендтер есепке жазылған айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асырады деген шарттар орындалған кезде төлейтін дивидендтер.»;
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«дивидендтер төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға дивидендтер есепке жазылған айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асырады деген шарттар орындалған кезде төлейтін дивидендтер.»;
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
47-бап. Салық кодексінің 685-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Патент негізінде арнаулы салық режимін осы Кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сай келумен қатар:
1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.».
48-бап. Салық кодексінің 686-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеу, сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың салық салу объектісін қоспағанда, салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшердегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеуді, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша салық салынатын кірістерді бөлек есепке алуды жүзеге асырады. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді есепке алу банктік шоттардан үзінді көшірмелерді қоса алғанда, бастапқы құжаттар негізінде, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тізілімде жүргізіледі.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Салық кодексінің 686-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын не үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.