Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту деректерді тіркеу және беру функциясы бар осындай бақылау-касса машинасы салық органдарында алғаш рет есепке қойылған немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.»;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе алғаш рет орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін, сондай-ақ осындай сатып алудың салықтық кезеңінен кейінгі салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 48-2-баппен толықтырылды
48-2-бап. Салық кодексінің 687-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Салық төлеуші деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені салық органдарында есепке қойған күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.
Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.»;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Салық төлеуші үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнатқан күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.
Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.».
49-бап. Салық кодексінің 697-бабы 6-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«6. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер осындай салық режимдерінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті.
Бұл ретте осы тармақта көзделген бөлек есепке алуды салық төлеушілер өздері бекіткен салықтық есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.».
50-бап. Салық кодексінің 703 және 704-баптарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы баптар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«703-бап. Салық салу объектiсі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Жер учаскелерінің бағалау құнын айқындаудың осындай актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа есеппен 1 гектар жердің бағалау құны және жер учаскесінің алаңы негізге алына отырып айқындалады.
704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық алаңын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізіледі:
р/с № | Жер учаскелерінің алаңы (гектар) | Салық мөлшерлемесі |
1. | 500-ге дейін | 0,15% |
2. | 501-ден 1000-ды қоса алғанға дейін | 500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,3 % |
3. | 1001-ден 1500-ді қоса алғанға дейін | 1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,45 % |
4. | 1501-ден 3000-ды қоса алғанға дейін | 1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,6 % |
5. | 3000-нан жоғары | 3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,75 % |
2. Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу осындай жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2 % мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
3. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.
4. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын салықтық кезеңде арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін, оның ішінде жер учаскесін жер пайдалануға алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер учаскесін жер пайдаланудан (өткізуден) бас тартқан жағдайда есептейді.
5. Әрбір жер учаскесі орналасқан жер бойынша бірыңғай жер салығының бюджетке төлеуге жататын сомасы барлық жер учаскелерінің жалпы алаңына осындай жер учаскелері алаңының үлес салмағына пропорционал айқындалады.
6. Бірыңғай жер салығының сомасы арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін:
салық төлеуші барлық жер учаскелері бойынша осы арнаулы салық режимін толық емес салықтық кезең қолданған жағдайда - салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп, осындай нақты кезеңнің ай санына көбейту;
салық төлеуші арнаулы салық режимін осы ауданда толық емес салықтық кезең қолданған жағдайда - осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері аумағында орналасқан аудан бюджетіне төлеуге жататын салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп, нақты кезеңнің ай санына көбейту;
салық төлеуші салықтық кезең ішінде осындай жер учаскесін жер пайдалануға алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер пайдаланудан бас тартқан (осы жер учаскесін өткізген) жағдайда - осы арнаулы салық режимі қолданыла отырып пайдаланылатын жер учаскесі бойынша толық салықтық кезең үшін төлеуге жататын салық сомасын он екіге бөліп, нақты кезеңнің ай санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген жағдайларда жер учаскесі бойынша арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін салықты есептеу:
жер учаскесі салықтық кезең ішінде берілген (өткізілген) жағдайда - егер осындай жер учаскесі бойынша арнаулы салық режимі салықтық кезеңнің басынан бастап қолданылса, салықтық кезеңнің бірінші айынан бастап осындай жер учаскесі берілген (өткізілген) айдың бірінші күніне дейін;
осындай жер учаскесі жер пайдалануға алынған (меншікке сатып алынған) айдың бірінші күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейін немесе осындай жер учаскесі жер пайдалануға берілгеннен (өткізілгеннен) кейінгі айдың бірінші күніне дейін жүргізіледі.
7. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбiн көздейдi және ауыл шаруашылығы өнiмiн (акцизделетінді қоспағанда) өндiру және оны өткізу, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн (акцизделетінді қоспағанда) қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.».
51-бап. Ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банк провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс болып 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, бұрын алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған серпінді резерв сомалар танылады деп белгіленсін. Осы бапта көрсетілген серпінді резерв сомасы 2018 жылға тура келетін салықтық кезең үшін банктің жылдық жиынтық кірісіне кіреді.
52-бап. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес лизинг нысанасын беру кезінде қаржы лизингі шартына сәйкес лизингтік төлемдердің жалпы сомасын негізге ала отырып айналым мөлшерін көрсетіп шот-фактура жазып берген лизинг берушілер 2018 жылғы 30 қаңтарға дейінгі мерзімде 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейінгі салықтық кезеңдерде танылуға жататын айналымдар мөлшеріндегі теріс мән көрсетілетін қосымша шот-фактураны қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып жазып беруге міндетті деп белгіленсін.
Осы баптың ережелері 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, айналым жасау күні 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) 1 қаңтардан кейін басталатын қаржы лизингі шарттары бойынша қолданылады.
53-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық преференциялары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
54-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
55-бап. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2017 жылғы желтоқсанда сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясы, жүйелік қызметтер көрсету бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес есепке алынады деп белгіленсін.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-1-бап. Салық кодексінің 282-бабының 1-тармағында көзделген, қолданылу мерзімі ішінде, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған кірістерге салық салу мақсатында кірістердің асып кетуі пайда болған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша 2018 жылы кірісті осындай асып кету мөлшеріне азайту жолымен түзету жүргізіледі деп белгіленсін.
56-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
57-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде Салық кодексінің 23-бөлімінің мақсаттары үшін терминдер мыналарды білдіреді деп белгіленсін:
көмірсутектер - мұнай;
мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде айырып алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, тақтатасты газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-1-бап. Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотындағы бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазан - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төлеген жағдайда салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мыналар есептен шығаруға жатады деп белгіленсін:
1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап, төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейінгі кезеңде көрсетілген бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады;
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша жеке шотындағы айыппұл сомасы.
Өсімпұлдар мен айыппұлдардың осы бапта көзделген есептен шығарылуы салық төлеушінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындау жағдайларына қолданылады.
Осы баптың ережелері:
1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;
2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;
акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;
3) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 57-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-2-бап. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған салықтық тексерулерді аяқтау 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 57-3-баппен толықтырылды
57-3-бап. Мыналар:
1) салық төлеуші-жеке тұлға, 2018 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерін қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша түзілген бересі сомасын 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейін осындай бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке шотта он бес жылдан астам болған бересі сомасы, сондай-ақ көрсетілген бересі сомасына оны есептен шығару күніне дейін есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеуші-жеке тұлғаларға қолданылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 57-4-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 57-4-бап өзгертілді
57-4-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:
1) осы Кодекстің 686, 686-3, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
2) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
3) осы Кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
10) кредиттік бюролардың қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;
15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;
16) сыртқы экономикалық қызметті;
17) бөлшек салықтың арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен 57-5-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
57-5-бап. Салық төлеуші - жеке тұлға, 2019 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерін қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша түзілген бересі сомасын 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейін осындай бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың сол түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға, осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен 57-6-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
57-6-бап. 2020 жылғы 1 маусымнан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде:
1) Салық кодексінің 434-бабының мақсаттары үшін қосылған құн салығының асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтару мөлшері Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесіне енгізілген тау-кен өндіру (көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратындарды қоспағанда), тау-кен металлургия және металлургия кәсіпорындары үшін 2020 жылғы бірінші, екінші және үшінші тоқсандар кезеңі үшін 80 пайызға дейін құрайды;
2) осы баптың 1) тармақшасында аталған салық төлеушілердің 2020 жыл үшін іс жүзіндегі есептелген корпоративтік табыс салығының сомаларын есептелген аванстық төлемдер сомасынан 33 пайыздан аспайтын мөлшерде асыруға құқығы бар;
3) ұшақтарға қосалқы бөлшектердің импорты (қозғалтқыштар, күш қондырғылары, жылу алмастырғыштар, радиобиіктік өлшегіштер, радарлар, датчиктер, қаптамалар) қосылған құн салығынан босатылады;
4) әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын салық төлеушілер роялти, бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және оны жаңарту, ақпарат беру және өңдеу, интернет-ресурсқа қолжетімділік беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бейрезидент үшін қосылған құн салығынан босатылады;
5) әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне 0 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады деп белгіленсін.
2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен 57-7-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
57-7-бап. Мыналар:
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Салық кодексінің 666-бабы 4-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасын, 7-тармағын, 667-бабының 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін:
2019 және 2020 жылдар үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсыну (заңдастыруды қоса алғанда) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады;
салық агентінің 2019 және 2020 жылдар үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін өзі тұрған жердегі салық органына ұсыну мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға ауыстырылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттар түпнұсқаларын ресімдеу шартымен бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) негізінде салықтық есепке алуды жүргізуге құқылы деп белгіленсін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті айлық кезең аяқталғанға дейін мұндай бастапқы құжаттардың көшірмелері төтенше жағдай қолданылған салықтық кезеңдерде тексерулер және өзге де бақылау әдістері жүргізілген кезде түпнұсқалар ретінде танылады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттар түпнұсқаларын ресімдеу шартымен есепке алу құжаттамасы ретінде танылады деп белгіленсін.