2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
35-бап. Салық кодексінің 300-бабы 4-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 35-1-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-1-бап. Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:
1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша жасайтын айналым.
Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;
2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;
3) осы Кодекстің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, өздері бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алынған және қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен:
қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде - осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге;
салық органының шешімі бойынша шығарылған кезде - осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде бұрын бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күніне бар болған, бұрын беру актісі бойынша алынған тауарлардың қалдықтары бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке қойғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды;
4) жаңадан пайда болған заңды тұлға бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген жағдайда, осындай қайта ұйымдастыру кезінде беру актісінде көрсетілген берілетін тауарлар бойынша айналым.
Қайта ұйымдастырылатын тұлға осы тармақшаның ережелерін беру актісінде көрсетілген, өздері бойынша қосылған құн салығын осындай тұлға есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алған тауарларға қолданады.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 215-бабына сәйкес салықтық тіркелімді жасайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 35-2-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 35-2-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-2-бап. Салық кодексінің 380-бабы 4-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген айналымының мөлшері осындай тауарлардың айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеушідегі тауардың баланстық құны:
1) қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде - тауардың бөлу балансында немесе беру актісінде көрсетілген, бірақ айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құнынан төмен емес құны;
2) қалған жағдайларда - тауардың айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құны болып табылады.».
36-бап. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағы 15) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«15) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндіруші;
ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші болып табылатын заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың;».
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 36-1-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-1-бап. Салық кодексінің 400-бабы 6-тармағының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.».
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Салық кодексінің 412-бабы 1, 2, 3 және 4-тармақтарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор.
2. Шот-фактура электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі.
Шот-фактураның үзінді көшірмесі қағаз жеткізгіште салық төлеуші дербес айқындайтын нысан бойынша, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электрондық нысанда мыналар жазып беруге міндетті:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі болып табылатын салық төлеушілер;
4) жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығын төлеушілер.
4. Осы баптың 3-тармағында аталған салық төлеушілер шот-фактураны қағаз жеткізгіште мынадай жағдайда жазып беруге құқылы:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы салық төлеушінің тұрған жері бойынша ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісінің болмауы.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;
2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктердің туындауы.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.».
38-бап. Салық кодексінің 429-бабы 6-тармағы екінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«қайтарылуы осы Кодекстің 432-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кету сомасына;».
39-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 431-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағы бірінші бөлігі бірінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1) егер осы Кодекстің 432 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;»;
«2. Егер осы Кодекстің 432 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салық төлеушіге мынадай мерзімдерде жүргізіледі:»;
2) Салық кодексінің 431-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2) осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағы 28) тармақшасының және 411-бабының ережелерін қолданған салықтық кезеңдер үшін салық төлеушіге қайтару жүргізілмейді.».
40-бап. Салық кодексінің 432-бабы 4-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 429-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кету сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 434-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде қолданылмайды.».
41-бап. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағы алтыншы бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«Осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесінің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.».
42-бап. Салық кодексінің 451-бабы 2-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндіруші;
ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші болып табылатын заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар.».
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 7, 12, 14, 15, 21 және 22-жолдарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы жолдар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 2275 теңге/литр 100 % спирт |
»;
«
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 48 теңге/литр |
»;
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 7500 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 7500 теңге/ 1000 дана |
»;
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 0 теңге/1 кг темекі қоспасы |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 2550 теңге/литр 100 % спирт |
»;
«
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 57 теңге/литр |
»;
«
14 | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 8 700 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 8 700 теңге/ 1000 дана |
»;
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 0 теңге/1 кг темекі қоспасы |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 2550 теңге/литр 100 % спирт |
»;
«
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 57 теңге/литр |
»;
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 9 900 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 9 900 теңге/ 1000 дана |
»;
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 7345 теңге/1 кг темекі қоспасы |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 5 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 2550 теңге/литр 100 % спирт |
»;
«
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 57 теңге/литр |
»;
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 11 100 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 11 100 теңге/ 1000 дана |
»;
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 7345 теңге/1 кг темекі қоспасы |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 5 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«
12 | 2203 00 | Сыра қайнату өнімі | 79 теңге/литр |
»;
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 12 300 теңге/1 000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 12 300 теңге/1 000 дана |
»;
«
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 10 560 теңге/ килограмм |
»;
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 11 750 теңге/ 1 кг темекі қоспасы |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 8 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 43-1-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 43-1-бап өзгертілді (2019 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-1-бап. Салық кодексінің 505-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с№ | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Қалалар: | | |
1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
2. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
3. | Нұр-Сұлтан | 19,30 | 0,96 |
4. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
6. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
7. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
8. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
9. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
10. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
11. | Орал | 5,79 | 0,58 |
12. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
13. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
14. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
15. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
16. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
17. | Түркістан | 7,79 | 0,39 |
18. | Алматы облысы: | | |
19. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
20. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
21. | Ақмола облысы: | | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
24. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
25. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
26. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
27. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 43-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 43-2-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-2-бап. Салық кодексінің 510-бабы 1-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2018 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган 1 маусымнан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.».
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 43-3-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 43-3-бап өзгертілді (2019 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-3-бап. Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құны теңгемен |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 60 000 |
2. | Шымкент | 36 000 |
3. | Нұр-Сұлтан | 60 000 |
4. | Ақтау | 36 000 |
5. | Ақтөбе | 36 000 |
6. | Атырау | 36 000 |
7. | Көкшетау | 36 000 |