8. | Қарағанды | 36 000 |
9. | Қостанай | 36 000 |
10. | Қызылорда | 36 000 |
11. | Орал | 36 000 |
12. | Өскемен | 36 000 |
13. | Павлодар | 36 000 |
14. | Петропавл | 36 000 |
15. | Талдықорған | 36 000 |
16. | Тараз | 36 000 |
17. | Түркістан | 12 000 |
18. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
19. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
20. | Кенттер | 4 200 |
21. | Ауылдар | 2700 |
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 43-4-баппен толықтырылды
43-4-бап. Салық кодексінің 490-бабы 7-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалардың жекелеген санаттары сенімгерлік басқаруға берген көлік құралдары бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 43-5-баппен толықтырылды
43-5-бап. Салық кодексінің 498-бабы 5-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалардың жекелеген санаттары сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 43-6-баппен толықтырылды
43-6-бап. Салық кодексінің 518-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалардың жекелеген санаттары салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес айқындалады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 43-7-баппен толықтырылды
43-7-бап. «Салық кодексінің 560-бабы 2018 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Заңды тұлғалардың жекелеген санаттарымен жасалған шарт бойынша сенімгерлік басқаруда тұрған мүлік алып жатқан жер учаскелері бойынша пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуші осы Кодекстiң 41-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.».
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 43-8-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43-8-бап. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 576-бабының 2, 5, 6 және 8-тармақтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 10 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 10 | |
3. | Шаң және күл | 5 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 1993 | |
5. | Күкіртсутек | 62 | |
6. | Фенолдар | 166 | |
7. | Көмірсутектер | 0,16 | |
8. | Формальдегид | 166 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,16 | |
10. | Метан | 0,01 | |
11. | Күйе | 12 | |
12. | Темір тотықтары | 15 | |
13. | Аммиак | 12 | |
14. | Алты валентті хром | 399 | |
15. | Мыс тотықтары | 299 | |
16. | Бенз(а)пирен | | 498,3 |
»;
«5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 670 |
2. | Мырыш | 1340 |
3. | Мыс | 13402 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
5. | Тұзды аммоний | 34 |
6. | Мұнай өнімдері | 268 |
7. | Нитраттар | 1 |
8. | Жалпы темір | 134 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10. | Өлшенген заттар | 1 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 27 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13. | Алюминий | 27 |
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | | |
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 4,005 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 0,53 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыс тарының тұнбасы) | 0,19 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнер кәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,002 | |
1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,013 | |
1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,01 | |
1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
1.2.6.1. | трансуранды | | 0,38 |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,19 |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,02 |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,19 |
»;
«8. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен арттырмай көтеруге құқығы бар.»
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 43-9-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43-9-бап. 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 577-бабы 2-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
2) полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2 коэффициент терін қолданады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.»;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,6;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,86;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,1;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге - 2;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша, сондай-ақ ІІ және ІІІ санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2 коэффициенттерін қолданады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.»;
3) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,2;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,72;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге - 4;

4) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 2,4;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 3,44;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге - 8;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,6;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,86;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,1;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге - 2;
3) ІІ және ІІІ санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2 коэффициенттерін қолданады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.»;
5) 2034 жылғы 1 қаңтардан бастап 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 2,4;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 3,44;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарымен белгіленген мөлшерлемелерге - 8;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,2;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,72;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,8;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге - 4;
3) ІІ және ІІІ санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2 коэффициенттерін қолданады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. Мыналар:
1-тармақ 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңының редакциясында 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара)
1. Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Радиобайланыс түрлерi | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
1. | Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 10 |
2. | Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн) | | |
2.1. | | республикалық маңызы бар қала және астана | 140 |
2.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 80 |
2.3. | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 |
3. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
3.1. | | республикалық маңызы бар қала және астана | 80 |
3.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 60 |
3.3. | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 15 |
4. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
4.1. | | республикалық маңызы бар қала және астана | 30 |
4.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 20 |
4.3. | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 |
5. | Таратқыштың шығу қуаты: - 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан жоғары болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 10 20 |
6. | Радиоұзартқыштар (арна үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 2 |
7. | Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 2 850 |
8. | Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 20 |
9. | HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 30 |
10. | HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн) | Қазақстан Республикасы | 100 |
11. | Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн): | | |
11.1. | жергiлiктi | аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ | 40 |
11.2. | аймақтық және магистральдық | Қазақстан Республикасы | 10 |
12. | Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
12.1. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 25 |
12.2. | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 2 |
13. | КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн) | | |
13.1. | | республикалық маңызы бар қала және астана | 140 |
13.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 70 |
13.3. | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 |
14. | Эфирлiк-кәбілдік телевизия (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | | |
14.1. | | халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен | 300 |
14.2. | | халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен | 135 |
14.3. | | халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала; аудан | 45 |
14.4. | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 |
15. | Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн | облыс | 10 |
16. | Төртінші буындағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiктер белдеуi үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 2 650 |
»;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты қалалық және ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі немесе топтасып жіберген байланыс операторлары үшін Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағы кестесінің жетінші және он алтыншы жолдарының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін және Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының кестесінде көзделген ұялы байланыс үшін төлемақының жылдық мөлшерлемесінің қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, төлемақының белгіленген жылдық мөлшерлемелері 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.
Төлеушілер төлеген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.
Байланыс операторлары тиісті міндеттемелер орындалғанға дейін және орындалғаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты ай сайынғы негізде ұсынады.
2) тармақша 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңының редакциясында 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара)
2) Салық кодексінің 595-бабы 3-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін: