2) 3-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге, ал қажет болған кезде - осындай ұзақ мерзімді кезең ішінде әрбір жылға бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;»;
3) 4-бапта:
1-тармақта:
6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;»;
«8) халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;
9) коммерциялық емес мақсаттарда Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуларды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) порттардың;»;
10) тармақша алып тасталып, 12) тармақшадағы «су бұрудың;» деген сөздер «су бұрудың көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-3) уәкілетті органға тарифтік сметаларды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;
5-4) уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібіне сәйкес тарифтік сметаны түзетуге өтініш жасауға;»;
5) 7-баптың бірінші бөлігінде:
7-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайын негіздемелерімен есеп беруге;»;
мынадай мазмұндағы 7-8), 7-9) және 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-8) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда - жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;
7-9) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;
7-10) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;»;
екінші бөлік «7-3),» деген цифрлардан кейін «7-8),» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7), 4-8), 4-9), 4-10), 4-11) және 4-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-7) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингілеу және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8-тармақтың 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-8) тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4-9) тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4-10) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді;
4-11) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4-12) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда, реттеуді енгізеді;»;
7) 14-1-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;»;
8) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарауға өтінімді олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын ұсынады.»;
9) 18-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне - олар қолданысқа енгiзілетiн кезге дейiн кемінде күнтізбелік отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзілгенге дейiн кемінде күнтізбелік он күн бұрын жiберiлуге тиiс.
Уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiммен бірге табиғи монополия субъектісіне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiтуге арналған өтініммен табиғи монополия субъектісі ұсынған шығындар мен пайда баптарын өзгерту және нақтылау негіздемесін жібереді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекiтiлген айдан кейiнгi екінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын тұтынушының назарына жеткiзуге мiндеттi.».
9. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағының 3), 20), 21) және 34-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) магистральдық темiржол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;»;
«20) магистральдық темiржол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;»;
«34-1) теміржол көлігіндегі табиғи монополия субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, отын, энергия шығыстарының, техникалық ысыраптарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;»;
2) 57-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.».
10. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):
4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 55-32), 55-33) және 55-34) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-32) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп бекіту;
55-33) порттар саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жасау;
55-34) теңіз порттарының табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтері тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекітудің орындылығының негiздемесi не оны бекітудің орынсыздығының негiздемесi көрсетiлетін қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсыну;».
11. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағының 19-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-2) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;»;
2) 20-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
12. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; №12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) инвестициялық шарт - энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;»;
2) 7-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:»;
3) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.»;
4) 12-бапта:
3-тармақтың 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге;»;
«9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған, алынған қаражатты қайтаруға міндетті.»;
5) 12-1-бапта:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.
Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.»;
6-тармақтың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама өлшемдерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдайтын шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
«Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны ұлғайған жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын ұлғайту уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.»;
6) 13-баптың 3-3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырады, жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды.»;
7) 14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен электр энергиясы нарығына нарықтың барлық қатысушыларының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.»;
8) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.».
13. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат):
2-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.».
14. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):
1) 9-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндiрген жылу энергиясына жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифiне енгізіледі.»;
2) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу үшін жұмыс істеп тұрған электр және жылу желілерін кеңейткен және реконструкциялаған жағдайда тиісті шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың тарифтеріне қосылады.».
15. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) және 25-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін, азаматтық авиация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп бекітеді;
25-2) азаматтық авиация саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жасайды;
25-3) әуежайлар мен аэронавигацияның табиғи монополиялар салаларына жатқызылған көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;»;
2) 65-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы көрсетілетін қызметтерге кіретін және осы тармақта көрсетілген операцияларды қоса алғанда, тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітетін басқа да көрсетілетін қызметтер кiредi.».
16. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VIІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат):
1) 134-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік кәсіпорындарға - табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілеріне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
2) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.»;
3) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын қазыналық кәсіпорындарды қоса алғанда, қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.».
17. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:»;
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.».