18. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):
1) 7-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:»;
2) 20-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.»;
«6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланатын кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің осы бапта белгіленген шекті бағасы газ желісі ұйымдарының сұйытылған мұнай газын газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізуі жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.»;
3) 22-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, тауарлық газ иелеріне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсынуға;».
19. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.».
20. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Магистральдық газ құбырының еркін өткізу қуаты болмаған кезде газды ол арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Оператор магистральдық құбырмен тасымалданатын өнімді маршрут соңындағы алушыға өнім тасымалдау кезіндегі техникалық шығындарды шегере отырып тапсырады.»;
3) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оны тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.».
21. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар):
1) 3-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн мақта өңдеу ұйымдарына, астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.»;
2) 41-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;»;
3) 42-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;»;
6) тармақша алып тасталсын;
4) 64-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.»;
5) 73-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар - тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісілуге тиіс.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспары - тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиiстi жергілікті атқарушы органымен келiсiлуге тиiс.».
22. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
1) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде -мемлекеттік монополия субъектілері;»;
2) 16-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің интернет-ресурстарында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ олар өндіретін (өткізетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар орналастырылады.».
23. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат):
8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пошта саласындағы субсидияланатын әмбебап көрсетілетін қызметтерге бағалардың шекті деңгейін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті орган реттейді.».
2-бап.
1. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының қырық бесінші, қырық жетінші және қырық сегізінші абзацтарын, 8-тармағы 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 9) тармақшасының бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 34-VI