3. Инвестициялық бағдарламаның жобасын қараған кезде:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін;
2) қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілмеген;
3) негіздейтін құжаттармен расталмаған іс-шаралар алып тасталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шараларын алып тастау инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
4. Құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органның, өзге мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуы тарифті бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту қабылданады.
5. Инвестициялық бағдарлама тарифтің қолданылу мерзіміне бекітіледі.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатының қайтарылуы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру үшін тартылған қаражаттың қайтарылуы:
тарифте есепке алынған пайданың және амортизациялық аударымдардың есебінен;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Табиғи монополия субъектісі құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін бір мезгілде жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік бағдарламалар және (немесе) ұлттық жобалар, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары іске асырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
8. Табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапы міндеттемелерін орындамауы, конкурсты (тендерді) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдары) бойынша орындамаған жағдайда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдері олар іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін келесі күнтізбелік жылға ауыстырылуы мүмкін.
Бекітілген ивестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдерін қайта ауыстыруға жол берілмейді.
22-бап. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі
1. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге мыналар негіздер болып табылады:
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының өзгеруі;
5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;
6) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;
8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
9) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 9-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-2) осы тармақтың 9-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9-3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.
Бұл ретте осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгертуге негіз болып табылады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) табиғи монополия субъектісіне «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана» маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 9-3) және 10) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша - жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға негіздейтін материалдармен қоса өтінім ұсынады.
Уәкілетті органның тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 9-2), 9-2) және 9-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 9-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
3) осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Тариф уәкілетті органның бастамасы бойынша өзгерген жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есеп-қисаптар мен материалдарды ұсынуға міндетті.
5. Егер өтінімді қараған кезде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны мерзімді, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.
Бұл ретте өтінімді қарау табиғи монополия субъектісін бұл жөнінде хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
6. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгертілген тарифті қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті орган ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.
8. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.
23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы
1. Осы бап және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары мыналарды:
1) мемлекеттік сатып алуды;
2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
3) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алуды;
5) қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) шығындары тариф бекітілетін кезде есепке алынбайтын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бір көзден алу тәсілімен;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) биржалық тауарды сатып алушы ретінде тауар биржаларында жүзеге асырылады.
Биржалық тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Табиғи монополия субъектісі біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөледі.
3. 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өткізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
5. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу:
1) конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған;
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша сатып алынған;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
4) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау, оның ішінде төтенше жағдайлардың зардабын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан, аварияларды жою үшін сатып алынған;
5) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
6) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мынадай:
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткізілетін мүлік (активтер) сатып алынған;
8) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында осындай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
9) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушінің бірдейлендіру, стандарттау немесе сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігі туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
23-баптың 6-тармағының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағының редакцияда қолданылды
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырады.
7. Осы бапта реттелмеген бөлікте сатып алу табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
8. Стратегиялық тауарлар сатып алуды табиғи монополия субъектiсi:
1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға табиғи монополия субъектісінің сай келмеу;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
5) - 7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, тікелей стратегиялық тауар өндірушілерден жүзеге асырады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен сатып алуға табиғи монополия субъектісі алдында міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісін растайтын өзіне қатысты соттың шешімі заңды күшіне енген тұлғаның соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл бойы қатысуына жол берілмейді.
24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі
1. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда, оны уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырумен және (немесе) оны жаңартып отырумен;
2) бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау (құрылыс салу схемасы) жобасына сай инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар берумен;
3) тұтынушының реттеліп көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды орындауымен;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қосумен немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтумен;
5) реттелетін қызметті көрсетуге шарт жасасумен қамтамасыз етіледі.
2. Табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды табиғи монополия субъектісі осы Заңда белгіленген мерзімде береді.
3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талабы осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу осы Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, мынадай кезеңдерден тұрады:
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жіберетін, техникалық шарттарды беруге өтініш;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға өтінішін қарауы;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына жіберуі;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын, техникалық шарттарды беруге өтінішті қарау нәтижесін беру;
5) тұтынушының техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізуі;
6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісі желілеріне қосуға әзірлігі туралы хабарлауы.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтінішті қабылдау астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін арналған ұлғайтуға техникалық шарттарды беруге өтініш қабылданған және оны қарау нәтижелері берілген кезде Мемлекеттік корпорация тұтынушыдан осы қызметтерді көрсеткені үшін төлемақы алады.
6. 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі: