Қазақстан Республикасының
Заңы
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер тиісінше «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының тамақ
3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы
2-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
7-бап. Алып тасталды
8-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау
9-бап. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу
3-тарау. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
10-бап. Субъектілердің құқықтары
11-бап. Субъектілердің міндеттері
4-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
12-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
14-бап. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар
15-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
16-бап. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
17-бап. Алып тасталды
18-бап. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
19-бап. Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
21-бап. Қауіпті тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін (сатыларын) тоқтатуға қойылатын талаптар
22-бап. Субъектілер персоналына қойылатын талаптар
23-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар
24-бап. Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар
25-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылауға қойылатын талаптар
26-бап. Алып тасталды
26-1-бап. Алып тасталды
27-бап. Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
28-бап. Азықтардың және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
5-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ РӘСІМДЕР
29-бап. Сәйкестікті бағалау
30-бап. Тамақ өнімдерін сәйкестендіру
31-бап. Қатерлерді талдау, бағалау және басқару
32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
34-бап. Өтпелі кезеңде генетикалық түрлендірілген объектілері бар тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) ерекшеліктері
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринарлық қадағалануға», «ветеринарлық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық — адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;
2) азық қоспалары — адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері — ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
4) балалар тағамы азық-түлігі — балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері — тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;
6) ветеринарлық сертификат — ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;
7) генетикалық түрлендірілген объектілер — гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
8) дайындалған күні — тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
9) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) есептік нөмірі — өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
12) жалған тамақ өнімдері — көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) жарамдылық мерзімі - тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі;
14) жол берілмейтін қатер — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі - ХАССП) - бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару;
15) қатер — тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;
16) қатерді бағалау — зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;
17) қатерді басқару — қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;
18) қатерлерді талдау — өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, қатерді бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторларды анықтау және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;
19) қатер туралы ақпарат — тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған субъектілер мен уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы мәліметтер алмасу;
20) қауіпті тамақ өнімдері — пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
21) қауіпті тамақ өнімдерін жою — тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне ықпал жасау;
22) нормативтік-техникалық құжаттама — тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті құжаттар;
22-1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) өнімдердің тамақ құндылығы — организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын дәрежесі;
24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері — ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;
25) тамаққа биологиялық активті қоспалар — байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;
26) тамақ қоспалары — тамақ азық-түлігінің биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін және тамақ азық-түлігі ретінде өздігінен пайдаланылмайтын, оларға діттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) тамақ өнімдері - шикiзат, тамақ өнімдері, арнайы мақсаттағы тамақ өнiмi, ауыз су, адам тұтынатын тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активті қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарлар пайдаланатын азық және азық қоспалары;
28) тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі — материалдар мен бұйымдар) — тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ, асханалық жарақтар;
29) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) — жаңа өндірісті ұйымдастыру және (немесе) жаңа тамақ өнімдері үшін қажетті үлгілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау процесі;
30) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъект) — тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
31) тамақ өнімдерін кәдеге жарату — мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу;
32) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) — тамақ өнімдерінің технологиялық процесін және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерін, сондай-ақ ішкі өндірісте сақталуы мен тасымалдануын қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);
33) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі — өндіру объектісі) — тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын;
34) тамақ өнімдерін сәйкестендіру — тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының және кәдеге жаратудың барлық процестерінде (сатыларында) белгілі бір өнімдердің айырымдық белгілері бойынша танылуын қамтамасыз ететін рәсім;
35) тамақ өнімдерінің айналымы — тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өткізу (сату немесе беру) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
36) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы — тамақ өнімдерінің қуаттылығы, құрамында белок, майлар, көмірсулар, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;
37) тамақ өнімдерінің қадағалануы — тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерін (шыққан тегін, қозғалысын және тұрған жерін) қадағалау мүмкіндігі;
38) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі — қауіпті фактордың іске асу ықтималдылығы мен оның салдарының ауырлық деңгейінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат - Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және (немесе) оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;
41) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі — уәкілетті органдар) — өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
42) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші — адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;
43) тамақ өнімдерінің партиясы — қауіпсіздігін куәландыратын бір ілеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және (немесе) буып-түйілген біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;
44) тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы — адамның немесе жануарлардың тұтынуы нәтижесінде тамақ өнімдерінен бөлінетін және олардың физиологиялық функцияларын қамтамасыз ететін қуат мөлшері;
45) тамақтық азық-түлік — адамның тамаққа тұтынуына арналған табиғи немесе өңделген түрдегі азық-түлік;
46) таңбалау — тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне түсірілген мәтін, тауар белгілері, шартты таңбалау мен суреттер, құжаттар, жадынамалар (қосалқы парақтар), этикеткалар, контрэтикеткалар, кольереткалар, құлақшалар, жапсырмалар (стикерлер) тұтыну ыдыстары (бумалар);
47) шикізат — тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, микробиологиялық, химиялық жолдармен және минералдан алынатын объектілер;
48) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.
2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.
2-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;
тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;
экологиялық қауіпсіздікті;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;
4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою;
мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісуі;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау);
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;
генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 6-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз
6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын рәсімдерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өткізу сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына олардың сәйкестігін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
5) мыналарды:
тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;