2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде белгіленген тəртіппен шағым жасау оның қолданылуын тоқтата тұрмайды.
217-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар:
1) өтініш беруші - монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылғаны туралы мәліметтерді жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тергеп-тексеру объектісі - өздерінің әрекеттеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке тұлға, заңды тұлға немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі деп танылады;
3) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы - монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкері;
5) куә - тергеп-тексеру үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы - арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске мүдделі емес жеке тұлға болып табылады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іске қатысатын тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектісінің емес, өзге тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Кодекстің 216-бабында көзделген тәртіппен тергеп-тексеру объектісі ретінде тартады.
218-бап. Тергеп-тексеруді жүргізу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрық шығарады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Монополияға қарсы орган:
1) осы Кодекстің 169-бабының 3-тармағында, 170-бабының 1-тармағында көзделген белгілер болған кезде тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді;
2) осы Кодекстің 174-бабында көзделген белгілер болған кезде, тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.
Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңіне қолданылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тергеп-тексеру объектісінің немесе объектілерінің атауы;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер;
3) тергеп-тексеру объектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) байқалатын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері;
4) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу датасы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тергеп-тексеру нысанасы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) тексерілетін кезең;
5) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге қатысатын адамдардың құқықтары қамтылуға тиіс.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру басталғанға дейін тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
6. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру барысында бірнеше тергеп-тексеруді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Біріктірілген тергеп-тексеруді жүргізудің мерзімі уақыты бойынша бірінші тергеп-тексеруді жүргізу басталған күннен бастап есептеледі.
219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер
1. Тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу үшін маңызы бар кез келген нақты деректер, оның ішінде:
1) өтініш берушінің, тергеп-тексеру объектісінің, мүдделі тұлғалардың және куәлардың түсініктемелері;
2) сарапшылардың қорытындылары;
3) заттай дәлелдемелер;
4) өзге де құжаттар (оның ішінде, компьютерлік ақпараты, фото және кино түсірілімдері, дыбыс-, аудио- және бейнежазбалар бар материалдар) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің дәлелдемелері бола алады.
2. Дәлелдемелерді жинауды монополияға қарсы органның лауазымды адамы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар нақты деректер ұсынуға және олардың анықтығын дәлелдеуге құқылы.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 220-бап өзгертілді
220-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың:
1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысатын басқа да адамдарға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндірмелер беруге, тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәйектерін келтіруге;
6) тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарына, дәйектеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
Тергеп-тексеру объектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығару үшін монополияға қарсы органға өтініш жасауға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 221-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 221-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 221-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезінде:
1) тергеп-тексеру объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің автоматтандырылған дерекқорларына (ақпараттық жүйелеріне) және өзге де электрондық жеткізгіштеріне қол жеткізуге;
3) тергеп-тексеру объектісінің қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде сұратуға;
4) тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретінде тартуға;
5) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің үй-жайы мен аумағындағы заттарды, электрондық және қағаз құжаттарды және басқа да ақпарат жеткізгіштерді қарап-тексеруге;
6) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің дерекқорынан (ақпараттық жүйелерінен) және өзге де электрондық жеткізгіштерінен құжаттардың, ақпараттардың көшірмелерін түсіріп алуға;
7) мыналарға:
тергеп-тексеру объектісі қызметкерлерінің және тергеп-тексеру объектісінің аумағындағы өзге де адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін);
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайлары мен аумақтарын;
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайындағы немесе аумағындағы мүлікті аудио-, фото- және бейнетіркеуді жүргізуге;
8) сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеуге құқығы бар.
Сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеу тәртібі осы Кодекстің 149-бабына сәйкес айқындалады.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген барлық құқығы жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден бастап 18.00 дейінгі аралықта және тергеп-тексеру нысанасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының өкілеттіктерін іске асыру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген əрекеттеріне Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде белгіленген тəртіппен шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 222-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
222-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы iстi тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау
1. Монополияға қарсы орган:
1) монополияға қарсы орган, сот, қылмыстық қудалау органдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына сол бір осы тергеп-тексеру объектiсiне қатысты басқа тергеп-тексеру жүргiзiлген;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сараптама жүргізілген;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) егер Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу кезінде белгілі бір тауар нарығында үлестің елу пайыздан асатынына қарамастан, тауар нарығындағы нарық субъектінің жағдайы үстем болып табылмайтындығы анықталатын болса, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда - монополияға қарсы орган, қылмыстық қудалау органдары шешім қабылдаған, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру үшін маңызы бар басқа іс бойынша сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - осы тергеп-тексеру объектісіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды басқа тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап;
3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда - монополияға қарсы органға сарапшының қорытындысы ұсынылған күннен бастап;
4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта басталады.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру мерзiмi тергеп-тексерудi тоқтата тұрған кезде үзiледi және тергеп-тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдары тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшірмесі осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сарапшыға және тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау туралы ұйғарымның көшірмесі осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
223-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтату
Монополияға қарсы орган:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар болмаған;
2) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi - заңды тұлға таратылған;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тергеп-тексерудің жалғыз объектісі - заңды тұлға филиалы есептік тіркеуден алынған;
3) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi - жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген ескіру мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы түйіндер қамтылған, заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтатады.
224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган мынадай:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларда нұсқама шығару;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.
Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.
Келісу комиссиясы қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар хаттамамен ресімделеді және келісу комиссиясының отырысы өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.
Келісу комиссиясының ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, лауазымды адам (лауазымды адамдар) бес жұмыс күні ішінде уәжді қорытынды қалыптастырады, ол лауазымды адам (лауазымды адамдар) уәжді қорытындыны қалыптастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісу комиссиясының қарауына жатады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 1-1 жəне 2-тармақтарында көрсетілген ережелер монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру белгілері бойынша, сондай-ақ бағаларды (тарифтерді), жеңіл діктерді, үстемеақыларды (қосымша ақыларды) жəне (немесе) үстеме бағаларды белгілеу немесе ұстап тұру, сауда-саттықта бағаларды көтеру, төмендету немесе ұстап тұру бөлігінде картель белгілері бойынша Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеруді жүргізу жағдайларында қолданылмайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойған күн тергеп-тексерудің аяқталуы деп есептеледі.
4. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тергеп-тексеру нəтижелері бойынша қорытындыға қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның көшірмесі тергеп-тексеру объектісіне табыс етіледі немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі. Өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабарланады.
5-1. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша қорытындыға қол қойған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісі анықталған кез деп есептеледі.
7. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
225-бап. Монополиялық кірісті айқындау негіздері және тәртібі
1. Осы Кодекспен шектелген монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде нарық субъектісі алған кіріс монополиялық кіріс болып табылады.
2. Нарық субъектісі монополиялық кірісті:
1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісім немесе келісілген әрекеттер жасауы;
2) нарық субъектісінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы нәтижесінде алуы мүмкін.
3. Монополиялық кіріс нарық субъектісінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезінен бастап нарық субъектісі осы әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.
4. Монополиялық кіріс:
1) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған кіріс пен осы Кодекстің 175-бабының ережелеріне сәйкес айқындалған бағалар негізінде есептелген кіріс арасындағы айырма ретінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеген кезде;
2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі үстем жағдайға ие нарық субъектісінің бәсекелестерді тауар нарығынан ығыстырып шығару есебінен өткізу көлемдерін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша кірісі ретінде монополиялық төмен бағаны белгілеген кезде;
3) монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі тауар өткізуші нарық субъектісінің осындай тауарды өндіру мен өткізуге қажетті шығыстар мен пайдасы негізінде айқындаған бағасы бойынша осы нарық субъектісінің тауарды сатып алу шығындары мен тауарларды монопсониялық төмен бағалар бойынша сатып алу кезінде қалыптасқан шығындары арасындағы айырма ретінде монопсониялық төмен бағаны белгілеген кезде;
4) нарық субъектісі, тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге қажетті негізделген шығыстар мен іс жүзінде төленген салықтар шегерілгенде бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген әрекеттерді жасаған кезде осы әрекеттерден алынған бүкіл кіріс ретінде айқындалады.
5. Монополиялық кірісті алып қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары
1. Монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нарық субъектілеріне:
осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттігі туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан, осы Кодекске қайшы келетін келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;