12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;
13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тіркеу құжаттарында көрсетілген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді, вахталарды атқару режимін, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы істен шыққандағы іс-әрекет бойынша жаттығулар жүргізудің кезеңдігін сақтауы;
14) экипаж мүшелерінің басқару құрылғысы істен шыққан кезде дабыл бойынша іс-әрекет етуді білуі мен игеруі;
15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ұйғарымдарының орындалуы тексеріледі.
2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде:
1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);
2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы;
3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi;
4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;
5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады.
3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды.
Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитаннның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады.
Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.
Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кезінде:
1) кеме билеті;
2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік;
3) техникалық куәландырудан өткендігі;
4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;
5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;
6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;
7) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;
8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;
9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;
10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;
11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;
12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы;
13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;
14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі аумақтық бөлімшеде сақталады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды
17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін талдау, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен теңіздегі және ішкі су жолдарындағы құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
18-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау
1. Кемелердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органмен бірлесе отырып:
1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) кеменiң меншiк иелерiне, кеме иелерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiкке байланысты мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ішкі су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.
Кемелердi лоцмандық алып өту жөніндегі қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.
Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.
Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.
Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн.
6. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.
7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерістерi;
2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;
3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
8. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу
1. Дүлей зiлзалалар, әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезiнде аумақтық бөлiмше кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудiң қолданылу мерзiмдерi жөнiнде шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органға дереу хабарлайды.
Кемелер қозғалысына бес күннен астам мерзiмге шектеу енгiзiлген немесе тыйым салынған жағдайда уәкiлеттi орган ол жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметін дереу хабардар етедi.
2. Аумақтық бөлiмше қабылданған шешiм туралы кемелер қозғалысына шектеу енгiзудiң немесе тыйым салудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлердi және жүк алушыларды хабардар етуге мiндеттi.
5-тарау. Кеме
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Кеменi бірдейлендiру құралдары
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің атауы, тiркелімге алынған пунктi, тіркеу нөмiрi, шақыру сигналы және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсеріктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнің болуы мiндеттi.
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кеменің екі бортында да тiркеу нөмiрiнің болуы міндетті.
2. Кеменiң атауын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оның меншiк иесi бередi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес аумақтық бөлiмше кеменiң тiркеу нөмiрiн бередi.
4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бірдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Кеме құжаттары
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары:
1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;
2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік;
3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі;
4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал);
5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі;
6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшін);
9) кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлік;
13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін) болуға тиіс.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Ішкі су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:
1) кеме билеті;
2) шағын көлемді кемеде меншік иесі болмаған кезде кеменің меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесімен бірге меншік иесінен шағын көлемдi кеменi басқару құқығына арналған сенімхаты болуға тиіс.
2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кемеде, оның ішінде шағын көлемді кемеде осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
4. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
5. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кірушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы
1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуiне жол берiледi.
2. Кемелердiң шет мемлекеттің туын көтеріп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы:
1) мемлекеттің;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге беріледі.
3) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзуге мiндеттi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.
6. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк бередi.
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.
9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.
10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын жоғалтады.
11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:
1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;
2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келісім берген;
3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбір екi жыл сайын, бірақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.
13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келісім беру және кеменi жалға алушы мемлекеттің заңдары кемеге мұндай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттің;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады.
Кеме куәлiгi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.
2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады.