2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мүгедектердi оңалту жөніндегі мамандарды, оның iшiнде ымдау тілі мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңға сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен бірлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу
1. Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой, психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, өндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жөніндегі iс-шаралар.
2. Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттік органдар, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы
1. Куәландырылатын адамның мүгедектiгiн, еңбекке қабiлеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеуді және әлеуметтік қорғау шараларын айқындауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
3. Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.
5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
6. Мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленедi.
7. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.
8-тармақтың қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңының 3-бабының 3-тармағының редакцияда қолданылады
8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.
9. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедек мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды.
10. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады.
11. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге мүгедектің өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды.
14-бап. Мүгедектердiң құқықтары
Қазақстан Республикасында мүгедектер:
1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға;
2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;
3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
4) білім алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
8) мемлекеттік және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;
9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектердің қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16-бап. Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек
Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.
Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған мүгедектердің (бұдан әрі - қорғаншылықтағылар) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке жазылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың алынған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.
17-бап. Мүгедектердi оңалту
1. Мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мүгедектердi оңалту мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
18-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19-бап. 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту
1. Мүгедектердi медициналық оңалту:
1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);
2) қайта жасау хирургиясын;
3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Медициналық оңалту жөніндегі iс-шараларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мүгедектерді медициналық оңалту медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, оңалтудың түрлері мен жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, оңалту іс-шараларының жоспарын көздейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық ұйымдар жағдайларында көрсетіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама осы баптың 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.
5 тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуді қамтиды.
Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі оған күтімді жүзеге асыратын адамға «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көзделген тәртіппен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша жаңа редакцияда
4-1) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
22-бап. Мүгедектерге техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес берiледi.
4. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну
1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттіліктерін өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
3. Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызметтер көрсететiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектерге, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiнделген қарттар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды.