10. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметi (бұдан әрі - фельдъегерлік қызмет) мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Фельдъегерлiк қызмет қызметкерлері Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
2. Фельдъегерлiк қызметті ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ фельдъегерлiк байланыс қызметін көрсету тәртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерi тасымалдайтын хат-хабар мен арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға және кідіртiлуге жатпайды.
4. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек қатынастары ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттеледі.
5. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
1. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың хат-хабарлары мен арнаулы жөнелтімдерін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жеткізу жөніндегі өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындау кезінде мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол составтарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз (бірінші кезекте және ақысыз) кіруге;
2) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарында кезексіз билет алуға;
3) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарына тиесілі барлық көлік құралдарына жалпы отырғызу басталғанша жарақталған жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен кедергісіз мінуге;
4) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
2. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеруге байланысты міндеттері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
22-2-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
1-тармақтың екінші, үшінші,төртінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.
Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескере отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізеді.
Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
4-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
4. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсiздiк және ішкі істер органдарының қажеттілігі үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен берудi қамтамасыз етуге және байланыс арналары бүлінген жағдайда оларды ауыстыру немесе қалпына келтiру бойынша бiрiншi кезектегi және кезек күттірмейтін шараларды қабылдауға мiндеттi.
7. Байланыс операторлары, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн ұсынуды тоқтата тұруға құқылы емес.
8. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация, үкiметтiк және президенттік байланыс желілері мүддесінде пайдаланылатын, техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ жол-кабельдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдендірілген электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
9. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттіктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалдау шарттарымен, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған кезде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi байланысының жұмыс арналарын пайдаланып, жекелеген өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді.
24-бап. Пошта байланысы
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Пошта байланысы пошта жөнелтiмдерiн қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткізудi, ақша аударуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзiнде мерзiмдi баспасөздi жөнелтудi, жеткiзiп беру мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзіп берудi ұйымдастыратын байланыс инфрақұрылымының бiр бөлiгі болып табылады.
Пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасымен реттеледі.
2. Әскери жөнелтiмдердi сұрыптау мен қолға тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің фельдъегерлік-пошта байланысы жүзеге асырады.
3 - 5. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі
25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу
1. Барлық байланыс операторларының өз желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға құқығы бар.
Телекоммуникацияның бiр желісін басқа желiге қосуды байланыс операторлары шарт негiзiнде жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Байланыс операторлары уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерiн көрсетуге мiндетті. Байланыстың басым операторларын қосудың үлгілік шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық түйісу нүктелерін тіркеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасуды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік байланыс операторлары арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы трафикті өткізу және алмасу өтеусіз жүзеге асырылады.
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады, оның үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi.
Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыстың үстем операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында және (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.
3. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары:
1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын өз қаражаты есебінен беруді қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-трафик алмасу нүктелеріне және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне өз желілерінің жалғануын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.
4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерiнің абоненттерiне қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
2) басқа байланыс операторларына қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн;
3) трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қызметтердi;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
5. Қалааралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерiнің абоненттер не қалааралық телефон байланысы қызметтерін;
2 тармақша 2006 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді
2) басқа байланыс операторларына қалааралық байланыс қызметтерiн;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
6. Халықаралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерінiң абоненттеріне халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
2 тармақша 2006 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді
2) басқа байланыс операторларына халықаралық телефон байланысы қызметтерін;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін,
радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары
1. Байланыс желiлерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпақтар белгiленедi, олар жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табылады.
2. Күзетілетiн аймақтарға енгiзiлген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленедi. Мұндай жер меншік иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Телекоммуникация желілері мен құралдары, радиожиілік спектрі және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
Телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерін, радиожиілік спектрін, байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын күзету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленеді.
3. Радиожиiлiк спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдаланудың белгiленген тәртібін қорғау мақсатында электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiне нормаланбаған бөгеуiлдер туғызатын радиоэлектрондық байланыс құралдарын шығаруға және Қазақстан Республикасына әкелуге, сондай-ақ пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеулер белгiленуi мүмкін.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация ғимараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктердi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1- тараумен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс
және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
28-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-3-бап 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-4-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-5-бап. Радиобақылауды жүргізу тәртібi
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық құжаттамасына және өлшемдеріне құжаттық бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерін бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының көмегімен бақылау (аспаптық бақылау) жолымен жүзеге асырылады.
Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісін тіркейтін, метрологиялық тексеруден өткен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсінген жөн.
Радиобақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекіткен радиобақылау жоспар-кестелеріне сәйкес жүргізеді.
Радиобақылаудың жоспар-кестесін аумақтық бөлімшелер әрбір тоқсанға жасайды.
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушылар жол берген бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:
1) бөгеуіл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иелері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық өлшемдерінің, соның ішінде қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нормалар мен стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізуі қажет. Егер олар нормаларға сәйкес болмаса, радиоэлектрондық құралдардың иелері сипаттамалардың нормаларға сәйкес келтірілуі жөнінде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды ауыстыруға тиіс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуіл туындаған кезде бөгеуіл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иелері уәкілетті органға жүгінеді;
2) уәкілетті орган бөгеуілдердің көздерін және сипатын, олардың туындау себептерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою шараларын қабылдайды;
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың белгіленген өлшемдерінің және (немесе) жұмыс режимінің бұзылуы, олардың қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы қатар құрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өзара әсеріне негізделген интермодуляциялық сипаттағы бөгеуілдер салдарынан болғанда уәкілетті орган бөгеуілдерді жою жөнінде нұсқама немесе ұсыным береді;
4) тағайындалған жиіліктердегі бөгеуілдерді жою мүмкін болмаған кезде уәкілетті орган радиожиіліктерді жаңадан тағайындауды жүргізеді;
5) қапияда болған, өнеркәсіптік немесе технологиялық сипаттағы бөгеуілдер болғанда уәкілетті орган бөгеуіл көзін анықтау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Шет мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерінен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуілдерге шағымдар түскен кезде уәкілетті орган халықаралық келісімге сәйкес осы шағымдардың құқықтық негізін анықтайды, егер шағымдар негізделген болса, бөгеуілдердің себептерін белгілейді және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан көздерден бөгеуіл жасалып отырған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында халықаралық келісімге сәйкес бөгеуілдерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
4. Радиобөгеуілдер мен тиісті рұқсаты жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың қолданысын анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шараларды уәкілетті орган жүргізеді.
28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің құқықтары
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) берілген рұқсат талаптарына сай қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланады;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктегі (радиожиілік арнасындағы) бөгеулерді жою үшін уәкілетті органға жүгінеді;
3) лауазымды адамдардың, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасайды.
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің міндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
2) қызмет куәлігін көрсеткен кезде уәкілетті органның лауазымды адамдарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиіліктерін (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның ішінде, уақытша тыйым салуды енгізу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның ішінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушыларға берілген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқаманы орындайды.