Сақтандыру шарттарының тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорында сақтандыру шарты болмаған жағдайда, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған, қолданылу мерзімі аяқталмаған сақтандыру шарты (түпнұсқасы, көшірмесі, телнұсқасы) болған кезде осы шарт қолданылуы тиіс болған қалған уақыт кезеңіне барабар сақтандыру сыйлықақысының бөлігін талап ету құқығымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.
Бұл ретте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру шарты мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына сақтанушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтару туралы өтініштің негізінде қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
4. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі берілген (қабылдап алынған) күннен бастап қабылдаған сақтандыру шарттары бойынша туындайтын міндеттемелерді, қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) орындайды.
Берілген сақтандыру шарты онда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жаңа сақтандыру шартын жасасу не мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жасалған сақтандыру шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.
5. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдары) қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Хабарландыруда:
1) сақтандыру портфелінің берілген күні;
2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының) атауы және байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері;
3) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының және сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.»;
49) 70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
Ішкі резерв қорының есебінен иеленіп алынған активтер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының конкурстық (тарату) массасына енгізілмейді.
Сақтанушының инвестицияларға қатысуы шартын көздейтін сақтандыру шарттарын жасасқан сақтанушылар арасында ішкі резервтік қорды бөлу осы Заңның 72-бабының 1-тармағында көзделген кезектен тыс жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
50) 72-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бiрiншi кезекте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) екінші кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) үшінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;»;
3) тармақшада «үшінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшада «төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) алтыншы кезекте, жасалған сақтандыру шарттары бойынша осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге, кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған кепiлдiк төлемдерi, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілген мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстары және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның талаптары қанағаттандырылады;»;
6) тармақшада «алтыншы» деген сөз «жетінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшада «жетінші» деген сөз «сегізінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшада «сегізінші» деген сөз «тоғызыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісіне байланысты шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.»;
3-тармақта:
1) тармақша «бiрiншi кезекте,» деген сөздерден кейін «жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;»;
51) 74-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
52) 74-1-бапта:
тақырыбы «ірі қатысушысының» деген сөздерден кейін «және сақтандыру холдингтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру холдингі уәкілетті органға:»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацындағы «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушының» деген сөздер «сақтандыру холдингінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;»;
3) тармақшадағы «(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның)» деген сөздер «, сақтандыру холдингінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігіндегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушы» деген сөздер «сақтандыру холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «заңды тұлғаның», «заңды тұлға» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе сақтандыру холдингінің», «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін тиісінше «, сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлігіндегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес - ірі қатысушы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацындағы «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес - ірі қатысушысының» деген сөздер «сақтандыру холдингінің - Қазақстан Республикасының резиденті еместің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру холдингі қызмет түрлерінің сипаттамасы;»;
2) тармақшадағы «ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға)» деген сөздер «сақтандыру холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының» деген сөздер «сақтандыру холдингінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ «ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi мен мерзiмi
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушылары, сақтандыру агенттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөнiндегi деректердi қалыптастыруға және өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін жүргізуге міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты ол жасалған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміне енгізілуге тиіс.
Сақтандыру шарттарының тізілімінде және дерекқорда қамтылатын сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, сақтандыру шартының нөмірі, оның жасалған, сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуы аяқталған күндері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бір-біріне сәйкес келуге тиіс.
2. Мiндеттi түрде сақталуға жататын құжаттардың тiзбесiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агенттерiнiң оларды сақтау тәртiбi мен мерзiмiн уәкiлеттi орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен келiсе отырып белгiлейдi.»;
54) мынадай мазмұндағы 14-тараумен толықтырылсын:
«14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары
1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасының және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
2. Ұйым өз қызметін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша дерекқор негізінде жүзеге асырады.
Өкілдер кеңесі ұйымның қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Өкілдер кеңесінің құрамына:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басым көпшілігі сайлаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының екі өкілі;
2) ұйымның екі өкілі;
3) уәкілетті органның бір өкілі кіреді.
3. Өкілдер кеңесінің төрағасын оның құрамынан өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен өкілдер кеңесінің мүшелері сайлайды.
Өкілдер кеңесінің отырысын өкілдер кеңесінің төрағасы жеке өзінің бастамасы, өкілдер кеңесі мүшесінің, ұйымның атқарушы органының, сондай-ақ ұйымның жарғысымен айқындалған өзге де адамдардың талап етуі бойынша шақырады.
4. Өкілдер кеңесінің құзыретіне:
1) ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындау;
2) ұйымның жылдық бюджетін бекіту;
3) ұйымның резервтік және өзге де қорларын пайдалану;
4) ұйымның филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу;
5) еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды құру;
6) мүлікті иеленумен және иеліктен шығарумен байланысты ірі мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдау;
7) ұйымның атқарушы органының қызметіне қатысты құжаттарға қол жеткізу жатады. Алынған құжаттар тек қана қызметтік мақсаттарда пайдаланылады;
8) ұйымның атқарушы органының есептерін қарау;
9) өзге де мәселелерді шешу жатады.
5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:
1) осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;
3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;
4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.
Дерекқордың басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
Ұйымның қызметін жүзеге асыруға дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісі мен ішкі ережелері болған кезде ғана жол беріледі.
Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.
6. Ұйым өз қызметінде мынадай ұйымдық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптардың орындалуын:
1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуын;
2) дерекқорды және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.
7. Ұйымның негізгі функциялары:
1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
2) сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру, осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптар;
3) сақтандыру статистикасын қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу болып табылады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
80-бап. Дерекқор
1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушімен келісім бойынша осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды ескере отырып, анықтайды.
2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі;
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары туралы, сақтандыру объектісі туралы, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі.
3. Дерекқорды қалыптастыру үшін:
1) ұйыммен ақпарат беру туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де адамдар ақпарат берушілер болып табылады.
4. Мыналар:
1) уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);
5) сақтандыру және актуарийлік есептер саласында консультациялық қызметтер көрсетуді ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
6) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де адамдар;
7) сақтандыру омбудсманы;
8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 830-бабы 5-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге де адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
5) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.
Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сауал салуы сақтандыру есебін беруге негіз болып табылады.
Дерекқорға сауал салу үшін жауапты уәкілетті адам сауал салуды осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін табыс етуі олардың қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.
Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның қағаз жеткізгіштегі немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сауал салуы негізінде беріледі.
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
1. Осы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері туралы, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) ақпарат береді.
2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқорға беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Ұйым:
1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.
Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;