Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептің көшірмесін алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
9. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі осы құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін өзі орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым аудиторлық есепте көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға;
сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің құрамына кіретін ұйымға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты - осы Заңның 55-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыруға;
сақтандыру холдингіне қатысты - осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
20) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен төленуге тиiс.
Осы Заңның 26-бабының 4-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ұлғаюы жағдайларына қолданылады.»;
21) 26-бапта:
тақырыбындағы «ірі қатысушысы» деген сөздер «сақтандыру холдингі және ірі қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлігіндегі «ірі қатысушысы» деген сөздер «сақтандыру холдингі, ірі қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «ірі қатысушысы» деген сөздер «сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік «дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Ірі қатысушы» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді табыс етеді.
Кез келген көздерден алынған, соңғы жыл ішінде кәсіпкерлік қызметінен алынған кірістің орташа жылдық шамасы мөлшеріндегі және барлық салық түрлері төленген ақша, сондай-ақ болуы құжаттамалық түрде расталуы мүмкін өтініш берушінің ақша жинақтары сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көз болып табылады.
Бұл ретте сыйға тарту шарты бойынша, ұтыстардан, тегін алынған мүлікті сатудан алынған ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының иеленген акциялары құнының жиырма бес және одан да көп пайызынан аспауға тиіс;»;
7-1-тармақта:
бірінші абзацта:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздер «Сақтандыру холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздер «сақтандыру холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші абзацында:
«ұйымы акцияларының» деген сөздер «ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«процентін иеленетін немесе олармен» деген сөздер «пайызын иеленетін немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Уәкілетті органның сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздерден басқа, уәкілетті органның сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісімін беруден бас тартуы үшін:
1) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
2) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобының қатысушылары өзі орналасқан елдердің заңнамасына байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізудің мүмкін еместігі олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуі негіз болып табылады.»;
9-тармақтағы «Сақтандыру (қайта сақтандыру)» деген сөздер «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ:
«ірі қатысушы» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ «себептер бойынша» деген сөздерден кейін «сақтандыру холдингінің немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
11-1-тармақтың 4) тармақшасы «дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
«11-2. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.»;
12-тармақтағы «ірі қатысушы» деген сөздер «сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бірінші бөлік:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
«дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингіне» деген сөздермен толықтырылсын;
«дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингіне» деген сөздермен толықтырылсын;
«дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
14 және 15-тармақтар «дауыс беретiн» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының,» деген сөздерден кейін «сақтандыру холдингінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
«сондай-ақ» деген сөзден кейін «сақтандыру холдингінің немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 26-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етілген құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы;»;
23) 27-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін» деген сөздер алып тасталсын;
1-1-тармақ «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 28-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «рұқсат» деген сөз «келісім» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) осы Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;»;
25) 32-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «48-бабының 1-тармағында» деген сөздер «48-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді қоса тіркейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда:
өздерінің қызметін осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің талаптарына сәйкес бірлескен негізде басқарылатын болса;
егер аталған ұйымдардың басқару органы немесе атқарушы органы құрамының үштен бірінен астамын белгілі бір адамдар құраса, еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының болуын болжау нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;»;
26) 34-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «(сақтандыру холдингі)» деген сөздермен толықтырылсын:
27) 35-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып)» деген сөздер «Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 37-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;»;
11) тармақшада:
«мiндеттi» деген сөз алып тасталсын;
«заңнамалық актiлерiнде» деген сөздер «сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде немесе осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-1) тармақшада:
«мiндеттi» деген сөз алып тасталсын;
«мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде» деген сөздер «сақтандырудың міндетті түрі бойынша заңнамалық актісінде немесе осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 28) тармақшасының он бірінші, он екінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттарды;»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға қатысу шартының, егер сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға мiндеттi қатысуы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе осы Заңда белгiленген болса, нотариат куәландырған көшiрмесiн;»;
3-1) тармақшада:
«мiндеттi» деген сөз алып тасталсын;
«мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде» деген сөздер «сақтандырудың міндетті түрі бойынша заңнамалық актісінде немесе осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «лицензия алу үшiн) табыс етедi.» деген сөздер «лицензия алу үшін);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
6-тармақтың 28) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
7) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқылы емес.
Осы тармақтың талабы:
1) сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
2) сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды.»;
29) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Актуарийлік қызметті лицензиялау
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
Оныншы абзац 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
6) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік ету магистрі дипломының көшірмесін;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері емес жеке тұлғалар үшін - тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық пакетін табыс еткен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
3. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Актуарий лицензияны алғаннан кейін актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға оның актуарийлердің бірлестігіндегі мүшелігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
4. Актуарий әрбір үш жыл сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті.
5. Мынадай:
1) егер өтініш беруші осы баптың 1-тармағында белгіленген лицензия алуға арналған барлық құжаттарды табыс етпеген;
2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;
3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің теріс нәтижесі жағдайларында лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
30) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.»;
31) 43-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Уәкілетті органның құзыреті»;
3-1) тармақшада:
«рұқсат беру» деген сөздер «келісім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 9-3) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;»;
«9-3) сатып алу сомасы есебінің тәртібін белгілейді;»;
«16-1) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;»;
23) тармақша «кәсіби қатысушыларына» деген сөздерден кейін «орындауға міндетті» деген сөздермен толықтырылсын:
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
32) 46-бапта:
2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін;
2) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
3) жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативін;
4) активтерді әртараптандыру нормативін қамтиды.
Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер белгiлеуге құқылы.»;
«5. Сақтандыру сыныптары және жекелеген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша, оның ішінде топтап сақтандыру және ортақ сақтандыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздiгiнен ұстап қалуының ең көп мөлшерi, сондай-ақ оның есебінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қайта сақтандыру шарты уәкілетті орган белгілеген жағдайларда төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу кезінде ескерілмейді.»;
9-тармақ алып тасталсын;
33) 46-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері
1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингтерін жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
2. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
3. Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Уәкілетті орган сақтандыру холдингі жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру холдингі уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.»;
34) 48-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасында:
«кепілдік беретін қордың» деген сөздер «кепілдік беретін ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
«1-4. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген шектеулер ішкі резервтік қорды орналастыру жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;
2) банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға тыйым салынады.»;
35) 51-бапта:
1-тармақта:
«дауыс беретiн» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша» деген сөздер «растайтын құжаттарды табыс ете отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
36) 53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1-бап. Ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобы құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобы құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
1) ірі қатысушы және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы және сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлға жасаған;
5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;