Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат):
1) 91-баптың 3-тармағының бірінші сөйлемі «Акционерлік қоғам» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 106-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қоғамдық бiрлестiктерді құру және оларға қатысу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
1) 803-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін.»;
2) 817-баптың 4-тармағы «сақтанушының» деген сөзден кейін «(пайда алушының, сақтандырылушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 825-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлау мерзімі;»;
4) 826-баптың 1-тармағында:
5) тармақшадағы «сақтандыру сомасы мен» деген сөздер «сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері;»;
2-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) және 13) тармақшалардағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (егер бар болса)» деген сөздер «сәйкестендіру нөмiрiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 826-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру жарнасын (алғашқысын қоспағанда) жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде алмаған сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.»;
6) 828-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге мiндеттi.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi (пайда алушы) не олардың өкілі сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, оларды сақтандыру шартында белгіленген мерзімде жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етуге міндетті.»;
7) 830-баптың 1-1-тармағындағы және 5-тармағының 6) тармақшасындағы «Міндетті сақтандыру», «міндетті сақтандыру» деген сөздер тиісінше «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі», «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 841-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы «өзгертілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады.» деген сөздер «өзгертілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
9) 842-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«842-бап. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары
1. Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap. Сақтандырушыны тарату кезiнде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сатып алу сомасы шартта белгіленген мөлшерде ғана және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес қайтарылуға тиіс.
2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстiң 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстiң 841-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.
3. Сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптарының сақтандырушының кiнәсiне байланысты орындалмауынан болған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға мiндеттi.».
10) 848-баптың 4) тармақшасындағы «беруге мiндеттi.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға мiндеттi.»;
11) 849-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106 -құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат):
173-баптың бесінші бөлігінде:
бірінші абзац «орындауы,» деген сөзден кейін «, сондай-ақ сақтандыру агентінің міндетті сақтандыру шартын жасауы,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар):
428-баптың 4-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне қолданылмайды.».
5. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;»;
төртінші абзац алып тасталсын;
2) 21-баптың 2-тармағында:
7) тармақша «қаржы ұйымдарына» деген сөздерден кейін «, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «қаржылық ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 3-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
1-2) актуарийлер бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды және олардың кәсіби қызметтеріне жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
1-3) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;»;
3) тармақшаның екінші абзацы «дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 8) тармақшалар «дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшада:
«сақтандыру агенті - » деген сөздерден кейін «сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және» деген сөздермен толықтырылсын;
«берілген өкілеттіктеріне сәйкес» деген сөздер «тапсырыс шарты негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші - он бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын;
«18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;»;
18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) - сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы;»;
«23-1) сақтандыру тәуекелі - сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;
23-2) сақтандыру тобы - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ капиталында бас ұйымның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қомақты үлесі бар және мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін ұйымдардан тұратын, банктік конгломерат болып табылмайтын заңды тұлғалар тобы:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың біреуі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен сақтандыру секторында шоғырланған, яғни сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне арасалмағы қырық және одан да көп пайызды құрайды;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және өзге де қаржы ұйымы болады.
Егер құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін заңды тұлғалар тобында ұлттық басқарушы холдинг бас ұйым болып табылса, онда мыналар сақтандыру тобы болып танылады:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингі;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары;
капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдар.
Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болса, онда сақтандыру тобы болып Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ капиталында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оның еншілес ұйымдарының қомақты үлесі бар ұйым танылады;»;
25) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін тиісінше «, сақтандыру холдингінің», «, сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;»;
26-тармақшада:
бірінші абзац «дауыс беретін» деген сөздерден кейін «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «акцияларының он немесе одан да көп процентімен» деген сөздер «дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) сақтандыру холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерді шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкіндігіне ие заңды тұлға;»;
«28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;
6-тармақтың 1) тармақшасының отыз сегізінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) тәуелсіз актуарий - осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің есептеулерін бағалауды жүргізу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тартатын жеке тұлға;
30) ішкі резервтік қор - сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақысы және басқару нәтижесінде келтірілген сақтандырушының шығыстарын ескере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залалдар) бөлігінің есебінен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтандырушы қалыптастыратын ақша сомасы.»;
2) 5-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы
1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті ғана жүзеге асыра алады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен осы тұлғалардың тек Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге;
2) жеке және заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің пайдасына сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденті еместерден алынатын сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
3) 6-бапта:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;»;
«18) титулдық сақтандыру.»;
4) 7-бапта:
2-1 және 2-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі шығындарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
5) 9-баптың 5-тармағында:
«сақтандыру ұйымы» деген сөздерден кейін «осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
«тек қана» деген сөздер алып тасталсын;
6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Сақтандыру нарығының қатысушылары
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2) сақтандыру брокерi;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тәуелсіз актуарий;
7) тәуелсіз бағалаушы;
8) андеррайтер;
9) аджастер;
10) сюрвейер;
11) сақтандыру омбудсманы;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;
13) актуарийлер бірлестігі;
14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.»;
7) мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-баптармен толықтырылсын:
«10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің өкілеттіктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің өкілеттіктеріне:
1) сақтандыру нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;
2) ішкі құжаттарды әзірлеу;
3) сақтандыру нарығына қатысушыларды оқытуды өткізу;
4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;