6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғаның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғаларға уәкілетті орган осы Заңның 46-1-бабы 2-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соққан олардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иемденуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін, олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі қатысушысы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін, олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сақтандыру холдингінен немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғадан капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар еншілес ұйымды немесе ұйымдарды иемдену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлға, осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілерін иемденуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілерін иемденуші тұлға уәкілетті органның алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын қолдаухатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы қолдаухат беруге құқылы.
Акция сатып алушылар қолдаухатта көрсетілген Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган қолдаухатты қанағаттандырады.
Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілерін иемденуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
37) 53-2-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлігінің бірінші абзацы «пруденциялық нормативтердi» деген сөздердің алдынан «немесе сақтандыру тобының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «тармақтың» деген сөзден кейін «1),» деген цифрмен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «орындалуға міндетті» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ:
«уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
«келтірілген шаралар,» деген сөздерден кейін «олар осы Заңның талаптарын бұзған жағдайларда, сондай-ақ,» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 53-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервацияны енгізуді;»;
39) 54-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қатарынан екi есепті кезең ішінде уәкiлеттi органға есептiлікті табыс етпеген;»;
8-1) тармақшада «8» деген цифр «10» деген цифрмен ауыстырылсын;
9) тармақшада:
«кепілдік беретін қорға» деген сөздер «кепілдік беретін ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мiндеттi сақтандыру шарттары» деген сөздер «сақтандыру шарттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «бұзған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «бұзған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
6-тармағы 39) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қатысу шарты болмаған немесе сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде болуы көзделген акциялары болмаған;
он бірінші абзац ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
14) сақтандыру агенті осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын орындамаған;
15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлға уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
40) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
«54-1-бап. Консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сатысында немесе оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтанушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізуі мүмкін.
Сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруге сақтандыру шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер жеткілікті болған жағдайда жол беріледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы уақытша әкімшіліктің шешімі уәкілетті органмен келісуге жатады.
2. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Консервациялау сатысында сақтандыру портфелін беру кезінде хабарландыруда сақтанушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда қарсылықтарды беру тәртібі, мерзімдері және олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжай көрсетіледі.
3. Консервациялау сатысында уақытша әкімшілік уәкілетті органмен келісім бойынша сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін ішінара немесе толық беру туралы шешім қабылдайды.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.
Уақытша әкімшілік сақтанушылардың жазбаша қарсылығын көрсетуі үшін осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісім берген сақтанушылардың тізімін қалыптастырады.
4. Сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімінсіз толық көлемде жүзеге асырылады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
41) 55-баптың 1-тармағында:
2-1) тармақшасындағы «жазбаша нұсқамасын» деген сөздер «ықпал етудің шектеулі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
42) мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5 және 55-6-баптармен толықтырылсын:
«55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау ұғымы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткілікті нормативін орындамаған;
2) осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін.
3. Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның шектеулі (бір жылға дейін) мерзімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындауын көздейді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері сот тәртібімен он күн мерзімде шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері қатарынан не осы Заңның 34-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдардан тағайындайды.
2. Уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу жағдайлары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалған жеке шартпен белгіленеді.
3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.
55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешім
1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;
3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесін;
5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;
6) консервациялау режимінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, табысы туралы декларацияны, меншiгiнiң бар екендігі және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы нұсқамасын;
7) уақытша әкімшіліктің ұсынымын қамтуға тиіс.
2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзiмдi екі басылымда жариялайды.
55-4-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде басқару ерекшеліктері. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
1. Консервациялау әрекетінің басталуымен және оның мерзімінде:
1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер, сондай-ақ осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке көшеді;
4) уақытша әкiмшiлiк хабардар етілмей және оның жазбаша келiсiмiнсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның есебінен жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады.
2. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңның 55-5-бабының талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң барлық мәселелері бойынша өздігінен шешім қабылдауға;
2) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңінде жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
3) қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатын салуды көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан шарттарды бұзуға не ставкаларын, тарифтерін және қолданылу мерзiмдерiн өзгертуді қоса алғанда, оларға біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның мүддесіне орай талап қоюға;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында міндеттерін бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;
7) кредитор мен борышкердің бір адам болуына орай өзара талаптарды есепке жазуды жүргізуге;
8) сақтандыру портфелінің бір бөлігін не толық көлемде уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы.
55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ұсынымдар беруге (негізгі іс-шаралар жоспарын ұсынуға);
2) орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;
3) оның қызметі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат беруді талап етуге;
4) істелген жұмыс туралы есепті тыңдауға;
5) консервациялау мерзімін ұзартуға;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін егжей-тегжейлі регламенттеу және оның үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
55-6-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау:
1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген консервациялау мерзімінің аяқталуы;
2) уәкілетті органның консервациялауды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы негіздері бойынша тоқтатылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды (оның ішінде мерзімінен бұрын да) тоқтату оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік белгілеген осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты барлық шектеулерді алып тастауға әкеп соғады. Бұл ретте консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерінің құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшінде қалады.
3. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға әкелмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруға құқылы.»;
43) 56-бапта:
2-тармақта «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «басқару» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісуге жататын сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру портфелін бергеннен кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде сақтандыру портфелін беру туралы шешімді ол қабылдамағаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.»;
44) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) осы Заңның 40-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындамаған;»;
6-тармақтың 45) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) 60-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «актуарий есептеулерiн жүргiзу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
46) 62-баптың 3, 4 және 5-тармақтарындағы «өз еркімен қайта құрылуын жүргізуге» деген сөздер «өз еркімен қайта құрылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
1. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысу-шысы болып табылса, уақытша әкiмшiлiк сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылатын жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алу-шыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын талаптары, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату ісін жүргізуге ғана қойылуы мүмкін;
4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуына, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне арналған айналымға жол берілмейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдарына оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
6) басшы қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот уәкілетті органды хабардар етеді және күнтізбелік он күн ішінде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшірмесін жібереді.
4. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айырумен байланысты емес негіздер бойынша, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Банкроттық негіз бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату осы Заңның талаптары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.»;
48) мынадай мазмұндағы 69-1-баппен толықтырылсын:
«69-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілген сақтандыру түрлері бойынша толық көлемде сақтанушының келісімінсіз сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырады.
Осы бапта көзделген іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кепілдік берілетін сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру түрі бойынша лицензия болған және ол (олар) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде беруі мүмкін.
Сақтандыру портфелін беру сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің туындағаны туралы мәлімделген және олар бойынша сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі олардың міндеттемелері туындаған сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілмейді.