8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған кезде жеке түсiнiктемелер беруге;
9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;
10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған тәртiппен ант беруге;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;
5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;
7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен жұмыс істеген кезде (оларға қолжетімділік болғанда) алынған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде кез келген жеткізгіш түрінде, қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтары құпиясын және өзге де ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруге және сенімгерлікпен басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне табыс етуге міндетті.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын, акцияларын сатып алуға құқылы емес.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның ірі қатысушыларының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:
1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің жауапкершілігі
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері өздерiне жүктелген мiндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
2. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Тәртiптiк жазаны:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің актiсiнде айқындалатын тәртiппен қолданылады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртiптiк терiс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
5. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылған қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сотқа шағым жасай алады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздерде және тәртiппен тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауаптылықта болады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
11. Қазақстанның Ұлттық Банкі бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелері мен өзі тартқан тұлғалардың Қазақстанның Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқаруы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
5 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдарының заңда бекітілген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқы жоқ.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттік маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бір-бірiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасарларының бірi Үкiмет мәжілістерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі қаржы дағдарысы туындауын болдырмау және оның салдарын азайту мақсатында қаржы тұрақтылығы үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау, келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру жолымен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті
Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттің ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертiлдi
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 28-бап жаңа редакцияда; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.
6 тарау. Ақша-кредит саясаты
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 30-бап жаңа редакцияда
30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
1) тұрақты қолжетімді қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
31-бап. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертiлдi
32-бап. Резервтiк талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтiк талаптарды есептеу, ең төмен резервтiк талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтiк талаптар нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.
Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері
Қазақстан Ұлттық Банкi ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне әсер ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шеңберінде белгілейді.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-бап. Тұрақты қолжетімді қарыздар
Қазақстанның Ұлттық Банкі тұрақты қолжетімді қарыздарды ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес, тек қана өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және өзге де тәуекелі төмен активтермен қамтамасыз ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге береді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Валюталық интервенциялар
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Депозиттер
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 36-2-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын, олар бойынша міндеттемелерді Қазақстан Ұлттық Банкi көтеретін мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
36-3-бап. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 37-бап өзгертiлдi
37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
7 тарау. Ақша айналысы және ақша бірлiгi
38-бап. Ақша бірлiгi
Қазақстан Республикасының ақша бірлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда
39-бап. Төлем құралы
Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде, нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару
Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 41-бап өзгертiлдi
41-бап. Ақша бірлiгiнiң қамтамасыз етiлуi
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкінің сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің мөлшері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап тұрады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді
42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгiлейдi.
Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:
инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталар;
коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
айналыстағы монеталар - бағалы емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.