32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды
32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды
32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;
34) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
35) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және олардың қызметін реттейді;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
37-1) 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
38-1) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;
39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері
11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы
Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертiлдi (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)
Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің кiрiсi
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы iшіндегі таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бір қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттік бюджетке аударылады.
11-баптың төртінші бөлігінің қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңның 2-бабының 9-тармағының редакцияда қолданылады
Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бір қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.
4 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары
Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым.
Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар кiредi.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертiлдi
13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламент Сенатының келісімiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметi үшiн жауапты.
14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 167-ІV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi; 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертiлдi
15-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарға ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;
6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын;
9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алып қою қағидаларын;
10) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;
11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;
14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
18) операторы Қазақстанның Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;
19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
21) - 23) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;
25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;
26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдерді есепке алуы қағидаларын;
27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;
28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
30) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;
32) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын;
33) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын;
34) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
35) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын;
37) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі қағидаларын;
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;
39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;
40) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
44) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
45) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
46) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
48) Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;
49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
50) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6), 52-7), 52-8) және 52-9) тармақшалармен толықтырылды
52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;
52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
52-4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;
52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;
52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;
52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;
53) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын;
54) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;
56) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;
57) айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерiн белгiлеу қағидаларын;
58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;
61) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын;
62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 63) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
63) барлық қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
65) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 65-1) тармақшамен толықтырылды
65-1) коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну мерзімдерін, тәртібін, сондай-ақ нысанын;
66) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн және жариялау мерзімдерін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі айқындалады;
67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару бойынша операцияларды есепке алу жөніндегі есепке алу саясатын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 68-1) тармақшамен толықтырылды
68-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 69) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
69) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын, кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдарын және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;