осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының иелік ету шектелген мүліктен өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Уәкілетті органның қаржы мониторингін жүзеге асыруы мақсатында тоқтата тұру мүмкін болмайтын күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Күдікті деп танылған операция жасалғаннан кейін ол туралы хабарды қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда операцияларды тоқтата тұру фактілері туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті органның жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алып, егер ақпарат алынған кезде ол әлі жасалмаған болса, мұндай операцияны тоқтата тұруға құқылы.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.
4. Қаржы мониторингінің субъектісі ақпарат хабарланған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімін алмаған жағдайда, аталған операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарламаны алған кезден бастап сегіз сағат iшiнде ақпаратты құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.
Тиісті құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар ақпарат алған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде тиісті шешім қабылдауға және ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Уәкілетті орган құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімін алған кезден бастап оны үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банк шоттары бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту, сондай-ақ оларды тоқтата тұру тиiстi шарттардың (мiндеттемелердiң) талаптарын бұзғаны үшiн қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негiздер болып табылмайды.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру осындай тоқтата тұру салдарынан келтірілген залал, оның ішінде жіберіп алған пайда үшін уәкілетті органның азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылау
Қаржы мониторингi субъектiлерiнің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргiзуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3-тарау. Уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Уәкілетті органның міндеттері
Уәкілетті органның міндеттері:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) - 5) тармақшалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйені құру және республикалық деректер базасын жүргізу;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру болып табылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Уәкілетті органның функциялары
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уәкілетті орган:
1) осы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
2) алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жібереді;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негіздер болған кезде, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға жіберу үшін өз құзыретіне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ақпарат береді;
6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірыңғайлығын және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді;
9) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделейді;
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
12) халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы қызметiне белгiленген тәртiппен қатысады;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсу бойынша осы Заңның мақсаттары үшiн оффшорлық аймақтар тiзбесiн айқындайды;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды
13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды
13-4) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган:
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратып алуға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;
5) мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа тартуға, оның ішінде шарттық негізде тартуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге құқылы;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
2. Уәкілетті орган:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын қарауға және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға хабарлауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) бақылау функцияларын жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) дербес анықтаған кезде күдікті операциялар туралы, оның ішінде нарық бағаларынан көпе-көрінеу алшақ бағаларымен тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) экспорты (импорты) бойынша мәмілелер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2) дербес анықтаған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің осы Заңның нормаларын бұзуы туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беруге;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының санкциясымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық